Конспект урока "Деформация" 7 класс

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді сабақ жоспарының тарауы:
Денелердің өзара әрекеттесуі
Мектеп: «Рыков атындағы орта
мектебі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Болтабаева Багия Тастанбековна
Сынып: 7
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
§ 14 Деформация
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
7.2.2.3 пластикалық және серпімді
деформацияларды ажырату, мысалдар
келтіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Деформация
ұғымын түсінеді, оның түрлерін біледі және
анықтама бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Деформация түрлерін ажыратып, мысылдар келтіре
алады, деформация қай кезде пайда болатынын
біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады:
-Қандай жағдайларда серпімді деформация
пластикалық деформацияға айналатыны туралы өз
пікірімен бөліседі;
-өмірде пайдаланылатын нысандарда болатын
деформация туралы ғылыми түрде түсінік бере
алады.
Бағалау критерийі
Деформация ұғымын түсінеді, түрлерін қарсы қою
арқылы түсіндіре біледі, мысалдар келтіре отырып
салыстыра алады, деформацияның болу себебін өз
ойымен жеткізе біледі.
Тілдік мақсаттар
-Үш тілділіктің іске асуына, физикалық терминдерің
дұрыс айтылуы мен қолданылуына мән беру;
-Физикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру;
-Тілдік дағдыларын дамыту, 4 түрлі комбинацияда
(оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
-Өз ойын тұжырымдап, нақты жеткізе білуге
дағдыландыру.
Құндылықтарға баулу
1.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
-бірлесе жұмыс жасап, жақсы қарым-қатынас
орнату;
-сыни тұрғыдан ойлауға және шығармашылықпен
жұмыс жасауға дағдыландыру;
-белсенділік таныту;
-жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, технология
Алдыңғы оқу
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің
массасы.Күш.
Сабақтың барысы
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Оқушыларды топқа бөлу:
Ортаға шақырып, киндер сюрприз қорапшасына
салынған үш түсті конфеттер бойынша 3 топқа
бөлу.
І топ: Қызыл түсті «Деформация»
ІІ топ: Жасыл түсті «Күш»
ІІІ топ: Қызылсары түсті: «Масса»
-сыныпта психологиялық ахуал туғызу;
-оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Болжау әдісі бойынша : Осы терминдердің ішінде
біз таныс емес сөз бар ма, неге осы сөзді
кірістірдік деп ойлайсыңдар ?-деген сауалдар қоя
отырып, бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы мен
мақсатын бірлесе айқындау.
Конфет
салынған
қорапшалар
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сәйкестендіру»
әдісі бойынша сәйкесін табуға тапсырма беру.
Сұрақ
Жауап
1
Күштің
анықтамасы
А
Килограмм
2
1мг-да неше кг
бар
Ә
F; Н
3
Заттың
тығыздығын
анықтау
формуласы
Б
1 с ішінде массасы
1 кг дененің
жылдамдығын
күштің әрекет ету
бағытында 1м-қа
өзгертетін күш.
4
Күштің белгіленуі
мен өлшем бірлігі
В
10
-6
кг
5
ρ
с
=1000 кг/м
3
дегенді қалай
түсінесің?
Г
Күш – денелердің өз
ара әрекеттесуін
сипаттайтын шама.
6
SI жүйесіндегі
масса бірлігі
Д
Динамометр
7
1Н дегеніміз не?
Е
Көлемі 1м
3
судың
массасы 1000кг
Кесте
Проектор
8 дұрыс –
«Керемет!»
балл
7-6 дұрыс –
«Жарайсың!»
5-4 дұрыс –
«Жақсы»»
3-1 дұрыс –
«Әлі де ойлану
керек!»
8
Күшті өлшейтін
құрал
Ж
ρ=m / V
ҚБ: 5 минут уақыт беріледі. Орындаған
жұмыстарын келесі топқа сағат тілімен бағыттас
етіп тексеруге береді. Проектордан дұрыс
жауабы көрсетіледі. Бірін-бірі бағалайды, қате
жауаптарға түзету жасалады. Баллдары қойылады.
Бағалау
критерийлері
Дескриптор
Алдыңғы өткен
материалдарды
түсінеді
1. Күш, тығыздық,
массаның анықтамасын
біледі, өлшем бірліктерді
ХЖ айналдыра алады.
3. Формуланың
физикалық мағынасын
түсінеді.
ҚБ: «Үш шапалақ»
«Жазылым» тілдік дағдысын дамыту
І. «Ой қозғау» әдісі бойынша жаңа сабаққа
дайындық. Үстелдің жанына бірнеше оқушы
шақыру. Үстелдің үстіне ермексаз, штативке
ілінген жүк, темір және ағаш сызғыштар, доп,
динамометр, үрленген шар қойып, осы заттардың
пішінін өзгертуге бола ма?- деген сұрақ қою.
Балалар өз ойларын айтады. Айта алмаған
жағдайда түрткі сұрақтар беру арқылы,
оқушылармен тақырыпты табу, мақсатын
айқындау.
Бағалау критерийі
Дескриптор
1.Суреттердің
айырмашылығы
мен ұқсастығын
табу
2. Сабақ
тақырыбын анықтау
1. Суреттердің
айырмашылығы мен
ұқсастығын табады.
2. Жасалған материалына
сипаттама береді.
3. Сабақ тақырыбын
анықтайды.
Ермексаз, ағаш
және темір
сызғыштар,
шар,
динамометр,
доп.
ІІ. Тақырыпты өз бетімен оқу арқылы ашу.
1.Оқулықпен жұмыс.
«ЖИГСО» әдісі бойынша оқулықта деформация
тақырыбына берілген мәтінмен топтық жұмыс
жасату, постер жасату, қорғау, келесі топ алдыңғы
топтың айтқанын қайталамауын қадағалау.
«Түртіп алу» әдісі бойынша талқылап, негізгі
түйінін дәптерге жазу. (оқылым, жазылым,
тыңдалым тілдік дағдылары іске асады).
Бағалау критерийі
Дескриптор
1. Мәтінді
түсінгендері
2. Мәтінде
айтылған ойлар
туралы пікірлерді
өз ара талқылауы
1. Мәтіннен түсінгенін
айтады.
2. Топтың ішінде өз
пікірін тұжырымдай
алады.
3. Күнделікті өмірмен
байланыстыра отырып
пікірін дәлелдейді.
ҚБ: «Медальдар» әдісі
Оқулық
«Медальдар»
әдісі
2. Шығармашылық жұмыс. Жекелей орындау
Интерактивті тақтада суреттер көрсету. Балаларға
жеке-жеке карточка таратылады. Оқушылар
серпімді және пластикалық деформацияға
ұшырайтын суреттерді ажыратып көрсетеді. 2-3
бала оқиды, қалғанын жинап аламын.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Деформация ұғымын
түсінеді
1.Түрлерін ажыратады
2.Мысалдар келтіре
отырып салыстырады.
3.Деформацияның болу
себебін өз ойымен
жеткізе біледі.
ҚБ: «Сен жарайсың» , «Жауабыңа
Үлестірмелі
карточка
Плас
ти
калық
Сер
пімді
қанағаттанамын», «Сенің мүмкіндігің одан зор»,
«Өте құнды жауап»т.с.
Оқушылардың орындарын ауыстыру.
3. «Жасырынған сұрақтар» әдісі бойынша
топтарға сараланған сұрақтар таратамын. Әр
топқа жеке-жеке дайындалады.
І топ:
1. Деформация дегеніміз не?
2. Губка қандай деформацияға ұшырайды?
3. Дененің деформациясы қалай пайда болады?
4.Қандай жағдайларда серпімді деформация
пластикалық деформацияға айналады?
5. Деформация қандай шамаларға тәуелді?
ІІ топ:
1. Пластикалық деформация деген не?
2. Серпімді деформацияға мысал келтір
3. Допты тепкен кезде ол неге пішінін өзгертеді?
4.Қалай ойлайсың, тұрмыста, өмірде
деформацияның зияны бар ма?
ІІІ топ:
1. Деформация неше түрге бөлінеді?
2. Пластикалық деформацияға мысалдар келтір
3. Адамның бұлшық еті қандай деформацияға
ұшырайды?
4.Қалай ойлайсың, газдар мен сұйықтар
деформацияға ұшырай ма? Жауабыңды дәлелде
«Жасырынған
сұрақтар» әдісі
А,В,С
деңгейіндегі
сұрақтар
Үй тапсырмасы: § 14 «Деформацияның өмірдегі
пайдасы» тақырыбына эссе жазу.
Рефлексия
Бас бармақ басты мәселе: Бүгінгі сабақта ең
басты мәселе не болды?
Балалы үйрек бірлесу: Мен топта қалай жұмыс
жасадым, кімге көмектестім, кімге риза болдым.
Ортан терек ойлау: Мен бүгін қандай білім
алдым. (жақсы, орташа, аса қуанарлық емес)
Шылдыр шүмек шынайылық: Сабақ маған
ұнады ма? Ұнаса несімен?
Кішкентай бөбек көңіл-күй ахуалы: Сабақта
өзімді қалай сезіндім?
әәә»»«»
Саралау – Сіз қандай
тәсілмен көбірек қолдау
көрсетпексіз? Сіз басқаларға
қарағанда қабілетті
оқушыларға қандай тапсырма
бересіз?
Бағалау Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?
Пәнаралық байланыс –
денсаулық және
қауіпсіздік, АКТ-мен
байланыс.
Құндылықтармен
байланыс. (тәрбие
элементі)
Саралау - сабақ мақсатынан
бастап әр оқушының жас
ерекшелігін, қабілетін ескере
отырып қолданылды.
Оқушыларға
тапсырмалардың барлығы
А,В,С деңгейлерінде берілді.
Көмекті қажет етпейтін
оқушыларға қиындатылған,
жекеленген тапсырмалар
беремін.
Сабақ кезінде
оқушылардың оқуын
тексеру үшін пайдалануға
болатын бірнеше
қалыптастырушы бағалау
тәсілдері келтірілді. «Үш
шапалақ», «Медальдар»
әдістері бойынша басқа
топ мүшелерімен
байланысқа түсті, қарым-
қатынас жасады. «Сен
жарайсың» , «Жауабыңа
қанағаттанамын», «Сенің
мүмкіндігің одан зор»,
«Өте құнды жауап» т.с.
қолпаштау сөздерін айтып
отырамын.
«Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясының
құндылықтарын еске ала
отырып, бірлесе жұмыс
жасап, жақсы қарым-
қатынас орнату, сыни
тұрғыдан ойлауға және
шығармашылықпен
жұмыс жасауға
дағдыландыру,
жауапкершілікке
тәрбиелеу сияқты
мақсаттарды жүзеге
асырамын. Қауіпсіздік
техникалары сақталады,
интербелсенді тақтамен
жұмыс жасалды.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
Саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және неліктен?
Сабақ мақсатына жетті. Қойылған мақсаттар
шынайы. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал
болды. Саралау шаралары қойылған мақсатқа жетуге
тиімді болды. Рефлексия кезінде бала пікірін тыңдап
үлгермей қалдым, сондықтан үзілістің бірер
минутын қолдануға тура келді.