Конспект урока "Қазақ хандығының хандары. Ұлы жүз хандары" 4 класс
Ұлттық дүниетаным 4 – сынып
Сабақ 2 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының хандары. Ұлы жүз хандары
Сабақтың мақсаты:
1Қазақ хандығының хандары. Ұлы жүз хандары мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға
мүмкіндік беру.
2. Талдау, өзіндік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.
3. Еңбек етуге, ұлттық- сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне
арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, С.Т.О.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану. Әдебиеттік оқу
Сабақтың түрі: Әңгімелеу.
Сабақтың әдісі: Пікірталас.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткенді қайталау.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Ойтолғау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы:
І. Сабаққа дайындалу сәті.
2. Өткенді қайталау.
3. Қызығушылығын ояту.
Жаңа сабақ
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен
байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы
ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді
Мұхаммед Хайдар Дулати.Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы
Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата
салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң
белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар
жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі
әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз
ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал
шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.Қазақ
хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да
кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым
хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі
ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.XVI ғасырдың екінші
онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл
кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы
қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары,
солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының
сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ
көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет
Тәуке хан
Әз Тәуке атанған қазақ ханы - Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене
отырып, Тәуке хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты "Жеті жарғы" заңдарын
жасады. Ол XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған қазақ
құқығының ережелер жинағы болып табылады. Тәуке мемлекеттік басқаруды дұрыс жолға қою
үшін қарулы күштерді ұйымдастыру, қазақ халқының бірлігін күшейту мәселесіне айрықша мән
берді.Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты. Ол
басқарған кезде жыл сайын Ташкент түбіндегі Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиыны
өткізіліп тұрды. Жүздер мен тайпалар арасындағы дау-дамайлар Үш жүздің әйгілі әрі беделді
билерінің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты
басқаруға, заң шығару және сот ісіне араласа отырып, бірте-бірте билікке икемделе бастады. Тәуке
заңдары арқылы барлық тайпалардың, рулардың ұраны және материалдық байлықтың айырма
белгілері белгіленді, хандық биліктің беделін жоғарылату бағытында шаралар қолданды. Сонымен
бірге, жаңа салық жүйесі енгізілді. Сот ісінде кісі өлімі қаралған кезде "қанды кек" принципі
сақталды, тек ерекше жағдайларда талас билердің шешімін негізге ала отырып, құн төлеу арқылы
шешілді.1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы шабуылға шығуға Ресейден әскери көмек
сұрады. 1698 жылы ойрат және қазақ феодалдары арасында қақтығыстар басталған еді.
Жоңғар ханы Сыбан Раптан билік құрған кезде (1711-1712, 1714-1717) мұндай қақтығыстар
үздіксіз болып тұрды.
Оқушылардың ойларын қортындылау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуы немесе «Ұлы жүз ханы » атты
эссе жазу.