Конспект урока "Сан есім" 4 класс
Алтынсарин негізгі мектебі
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сан есім»
(Дара және күрделі сан есім)
Орындаған: Сарыестекова А.Т.
2014жыл
Күні: 27.02.2014
сынып: 4
пән: қазақ тіл
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Сан есім туралы түсініктерін кеңейту.Сан
есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білуге,сан
есімдерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Қолданатың әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру, ажырату.
Түрі: Қайталау, кіріктірілген.
Көрнекіліктер:суреттер,тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымастыру кезеңі:
-Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр.Олар-ұстаздар.Қонақтарға сәлем
беріп, білімімізді көрсетейік. Сәлеметсіз бе! -Hello!-Здравствуйте!
Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені.
Болашағым,бақытым,дана тілім.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме:
-Балалар,мен сендерге «Сыйластық туралы» деп аталатын бір хикая айтып
берейін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Баяғы өткен заманда бір отбасынан шыққан ағайынды-бауырлар араздасып
қалыпты. Олардың араздасқаны соншалық, үлкені кішісін тыңдамай,
сыйлаудан қалады. Қарт әкесіне бұл жағдай қатты әсер етеді. Әбден мезі
болған қария балаларының араздылығын басуға ешқандай шара таппай,
ұлдарын жиып, бір бидің алдына апарады. Би дауды тыңдап алып, былай
дейді:
- Балаларым, дауларыныңның жарысы ауыр екен, оның шешілуі тек өздеріңе
байланысты, бәріңде үйлеріне қайта беріңдер. Жолда серік қылсың деп үш
сауалымды қосып жіберемін,-деп, «қанша?, неше?, нешінші?» деген сөздерді
ғана айтады.
- Балалары түсінбей үйлеріне қайтып кетеді. Үйлеріне келген соң, жауабын
таба алмаған соң, әкесіне жалынады. Сонда әкесінің айтқаны:
- Бидің сендерге «қанша?» дегені - барлығы отбасында қанша ағайынды
екеніңді сұрағаны. «Неше?» дегені - өзіңді санамағанда отбасындағы
туғаныңды айтқаны. «Нешінші?» дегені - әрқайсың өз орныңды біл дегені, -
депті. Мұны естіген балалары қатты ұялыпты.
- Хикая ұнады ма?
-Хикаяда би қандай сұрақтар қояды?
- Бүгінгі сабағымызда сан есімнің сұрақтары мен түрлеріне байланысты
берілген. .
І.Сөзжұмбақ.
1. Тық-тық етеді,
Уақыт көрсетеді.(сағат).
2. Сағат сайын қағылады.
Тек мектептен табылады. (қоңырау)
3. Білім менен тәлім.
Парақты ашқанда.
Беттерінен мәлім. (күнделік)
4. Ақыл-ойдың шырағы.
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған.
Қанбайды адам құмары.(мектеп).
5.Біліммен сол сый-асы.
Балғындардың ұясы. (Ұстаз)
6.Білімнің дәнін тереді.
Балаларға тәлім береді. (кітап)
7. Қабат-қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. (білім )
Ортада қандай сөз шықты? Сан есім.
.Сан есімге ассоцияция құру.
-Осыған байланысты қандай анықтама шығаруға болады?
І. Көркем жазу минуты Жж жолбарыс
1.
С
А
Ғ
А
Т
Қ
О
Ң
Ы
Р
А
У
2.
3.
К
Ү
Н
Д
Е
Л
І
К
4.
М
Е
К
Т
Е
П
5.
Ұ
С
Т
А
З
6.
К
І
Т
А
П
7.
Б
І
Л
І
М
есеп
Сан есім
қанша? неше?
нешінші?нешеу?
рет
сандар
анықтамасы
Сандарға байланысты қандай ұлттық ұғымдардарды білесіңдер?
Осы сандарды үш тілде атаймыз
Үш - three- три
Үш дана: (1.Абай. 2.Шоқан. 3.Ыбырай.)
Үш қуат: (1.Ақыл қуат. 2.Жүрек қуат. 3.Тіл қуат).
Үш арсыз: (1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. 3.Күлкі арсыз).
Төрт- four- четыре
Төрт маусым:(1. Көктем.2.Жаз.3.Күз.4.Қыс).
Төрт түлік: 1.Түйе пірі-Ойсыл қара. 2.Жылқы пірі-Қамбар ата.
3.Сиыр пірі-Зеңгі баба.
4.Қой,ешкі пірі-Шопан ата,Шекшек ата.
Төрт мұрат: 1.Дау мұраты-біту. 2.Саудагер мұраты-ұту.
3.Қыз мұраты-кету. 4.Жол мұраты-жету.
Бес- five-пять
Бес қару:1.Садақ. 2.Мылтық. 3. Найза. 4.Қылыш. 5.Айбалта.
Бес жаратылыс:1.Күн. 2.Ай. 3.Жұлдыз. 4.Күндіз. 5.Түн.
Бес қатер: 1.От. 2.Жау. 3.Борыш. 4.Ауру. 5.Сөз.
Алты-six-шесть
Алты игілік:1.Денсаулық.2.Қазына.3.Дос.4.Әйел(жар) 5.Білім.6.Бала (ұрпақ).
Алты асқар:1.Ақыл. 2.Білім. 3.Жомарттық. 4.Әділдік. 5.Шыншылдық.
6.Кең пейіл.
Жеті-seven-семь
Жеті қазына:1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл,білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран
бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы.
Жеті жоқ: 1.Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреуіш жоқ. 3.Таста тамыр
жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5.Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт
жоқ.7.Жылқыда өт жоқ.
Жеті ата: 1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.
ІІ. 1. Ойын «Сөз сөзден туады».Бір сөзден бірнеше сөз жасаңдар.
Үлгі:Тәуелсіздік-әке,ел,сіз,.......
Саңырауқұлақ-ау,құлақ,қырау,салақ,...... .
2. Ойын: «Кім тапқыр?»
Ойынның шарты: кім ішінде сан есімдері бар сөздерді көп ойлап, тез тапса,
сол көп ұпай жинап, жеңімпаз атанады.
Мысалы: түбір-тү+1; сегізкөз-8+көз; желтоқсан- жел+90.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.Сан есімдерді теріп жазу.
2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Дара,күрделі сан есімдерді тап.
І. Сергіту сәті: 1,2,3,-ұшақ болып ұш.
4,5,6-көк жүзінде қалқы.
7,8,9,10-жерге келіп қон.
. Ой толғаныс: Семантикалық картаны толтыр:
Сан есім
сұрақтары
Есептік сан есім
Реттік сан есім
Дара сан есім
Күрделі сан есім
Қанша?Неше?
Нешінші?
екі,алты,жеті.
екі-екінші
алты-алтыншы
жеті-жетінші
төрт,бес.
он төрт,жүз
тоқсан,
мың тоғыз жүз
тоқсан бір.
ІІ.Қорыту. Тест.
5. Күрделі сан есімді анықтаңдар
a) қырық
b) төрт
c) қырық төрт
d) төртінші
6. Сөйлемді толықтырыңдар
Ер жігіт ... рет өлтіреді,
Қорқақ ... рет өледі.
a) бірінші, мыңыншы
b) көп, аз
c) мың, бір
d) бір, мың
Тест тапсырмасының жауаптары.
Тест
Сұрақтары
1
2
3
4
5
6
Жауаптары
с
b
b
b
c
d
Тест жауаптары тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өз жауаптарын өздері
тексеріп, өзің-өзі бағалайды. Содан соң үйге тапсырма беріліп, түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: Құрамында сан есімі бар мақал-мәтел жазып келу.
Бағалау.