Конспект урока "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" 9 класс
Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бастауыш пен баяндауыштың арасына
сызықшаның қойылатын жағдайларымен таныстыру, оны нақты мысалдар
арқылы түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушыларға номинативті, транспозицияланған
сөйлемдер жайында түсінік бере отырып, сызықшаны дефистен айыра білуге
үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс түрлерін жүргізуге,
сауаттылыққа әрі шығармашылық жұмысқа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Сұрақ-жауап әдісі
2. Түсіндіру әдісі
3. Салыстыру әдісі
4. Көрнекілік әдісі
5. Жаттығу әдісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырыбы: Нүктелі үтір.
1) Өткен сабақта берілген тапсырманы тексеру.
1. Нүктелі үтір қандай қызмет атқарады?
2. Құрмалас сөйлемге қойылатын нүктелі үтірдің орындары қандай?
2) Нүктелі үтірге байланысты 4 сөйлем құрастырып келу.
ІІІ. Үй жұмысы тексеріліп болған соң, жаңа тақырып түсіндіріледі.
Тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
1. Тақтаға мына сөйлемдер жазылады:
1) Өмір – күрес.
2) Бұл – үлкен қуаныш.
3) Үлкені – Сәкен.
4) Жеті – киелі сан.
5) Екі жерде екі – төрт.
6) Айтылған – Әсеттің әні.
7) Үйрету – менің міндетім. Сенің парызың – үйрену.
8) Алғыс деген – ел сыйы.
2. Тақтадағы жазылған әр сөйлемдерге синтаксистік талдау жасалады,
сұрақ-жауап әдісі арқылы сөйлемде сызықшаның қойылу себебі
анықталады.
3. Түсіндіру әдісі арқылы оқушыларға тақтадағы мысалдар арқылы
бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылатын
жағдайлары түсіндіріледі.
4. Жаңа тақырыптан берік дағды беру үшін әр түрлі мақсаттағы
жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
а) Диктант
Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік
дәстүрінің бірі – ат тергеу, кісіге қосымша ат қою. Ат тергеу – бұл кісіні
қастерлеп, оны өз айтылуында атамай, құрметтеп атау, оны сыйлау, қадір
тұтып ардақтау. Ат тергеуді төрт топқа бөлуге болады. оның бірі –
хайуанаттардың атын тергеу, екіншісі – туыс тумалардыңжақындық
дәрежесіне қарай тергеу, үшіншісі – келіннің ат тергеуі, төртіншісі – үлкен
адамдарды және сыйлы адамдарды дәрежелеп атау.
Мақсаты: Тиісті орынға сызықшы қойып, оның қойылу себебін
түсіндір.
ә) Мақалдарды ажыратыңдар:
1. Ашу дұшпан, ақыл көшкен керуен
2. Ас дос
3. Жаман жолдас адамның арқауы
4. Дүние серуен, адам көлеңке.
Мақсаты: Мақалдардың жалғасын тауып, тиісті орынға сызықша қоя
отырып жаз.
IV. Жаңа сабақ қорытылады.
1. Номинативті сөйлем дегенді қалай түсінесің?
2. Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?
V. Оқушы білімі бағаланады.
VI. Үйге тапсырма.
Сызықшаның бастуыштан кейін қойылатын әр жағдайына көркем
шығармалардан мысал теріп жазу.
Английский язык - еще материалы к урокам:
- Внеклассное мероприятие "Биржан - сала" 9 класс
- План-конспект урока "Будущее начинается сегодня. Как обстоят дела с выбором профессии" 9 класс
- Разработка урока "В мире книг. Английские писатели" 9 класс
- Конспект урока "Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғау»" 9 класс
- Презентация "Who is your favourite author?" 9 класс
- Конспект урока "Who is your favourite author?" 9 класс