Конспект урока "Геометриялық денелердің проекциясын түсіру" 9 класс скачать бесплатно

Конспект урока "Геометриялық денелердің проекциясын түсіру" 9 класс


Геометриялық денелердің проекциясын түсіру.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік мақсаты:геометриялық денелер тобын кескіндеп ,олардың проекйиясын түсіруге , логикалық
ойлауға қалыптастыру
ә)дамытушылық мақсаты:геомериялық денелермен таныстыра отырып,оқушылардың ой өрісін , ойлау
қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б)тәрбиелік мақсаты:мақсатына жетуге ұмтылдыру,ұқыптылыққа,тазалыққа,ізденімпаздыққа ,өзігімен жұмыс
істеуге,білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:А4 пішіміндегі қағаз,қарындаштар,сызғыш,өшіргіш,шеберсыздар және геометриялық
денелер.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма.
Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтарды қайталау арқылы геометриялық денелерге талдау жасау.
Геометриялық денелер дегеніміз-кеңестік жазық немесе қисық беттері мен шектелген тұйықталған бөлігі бар.
Барлық геометриялық денелерді екі топқа жатқызуға болады.Көп жақтылар тобына текше,призма,пирамида
жатады,айналу денелер тобына целиндр,конус,шар.
Призма дегеніміз-табандары деп аталатынекі жағы параллельжәне тең көп бұрыштар ,ал қалған бүір жақтары
параллелограмдар болатын көп жақты призма деп аталады.
Пирамида дегеніміз-табаны деп аталатын көп бұрыш пен бүір жақтары деп аталатын үшбұрыштар мен
шектелген көп жақты пирамида деп аталады.
Целиндр дегеніміз-математика курсында целиндрлерді тік төрт бұрыш өзінің бір қабырғасынан
айналдырғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіріледі.
Конус дегеніміз-тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуіне айналдырғанда шығатын айналу денесін конус
дейді.
Шар дегеніміз-дөңгелекті диаметірлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар дейміз.
Проекция деп жазықтықта ,қағазда,экранда,дәптерде,нәрсенің кескінін салу процесін айтады.
<Проекция> латын сөзі,аударғанда,<алдыға лақтыру>деген мағынаны береді.
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу сызу пәнінің басты есептерінің
бірі.Осындай есептер шығару негізінен оқушылардың кеңістікте елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді.
Берілген екі көрінісі бойыенша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішіні көз алдымызға
елестетіп,түсініп алуымыз керек.Сызбаларды дұрыс орындай және оқи алу үшін ондағы берілген екі кескіні
(бас көрінісі мен үстіңгі көрінісі)бойынша нәрсенің үшінші кескінін яғни сол жақ көрінісін салу,құру керек.Ең
алдымен,кескінделген нәрсенің бетінің жекеленген бөліктерінің пішінін анықтап аламыз.сонан соң берілген
екі кесіндіні бірдей қарастырған дұрыс.бұл жағдайда қандай беттердің жиірек кездесетін кескіндерге назар
аудару керек.Нәрсенің жекелеген бөліктерінің пішінін анықтап алғаннан кейін олардың сол жақ көрінісін және
бүкіл нәрсені бүтіндей ойша көзге елестету керек.Үшінші көріністі салу үшін сызбаның қандай
сызықтарын,нәрсе кескінінің өлшемдерін өлшеп салу үшін базалық сызықтар ретінде алу керектігін анықтап
аламыз.Бас көрінісі мен үстіңгі көрінісі берілген нәрсенің сол жақ көрінісін салуды қарастырайық.Бұл
жағдайда нәрсенің үшінші проекциясын салу тек оқу міндеті болып табылады.
Екі көріністі салыстыра отырып,нәрсенің беті төрт бұрышты призманың беттерін қамтитынын
тағайындадық.нәрсенің фронталь симметрия жазықтығы бар,оны сол жақ көріністі салу барысында нәрсенің
жекелеген бөліктерінің ені бойынша өлшемдерін өлшеп салудың базасы ретінде алған қолайлы.
Нәрсенің жекеленген бөліктерінің биіктігі оның табанынан бастап өлшеп салынады және ол горизонталь
байланыс сызықтар арқыл бақыланады.