Конспект урока "XXІ ғасыр жас технологі" 9 класс




Тақырыбы: «XXІ ғасыр жас технологі».
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
«XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділерін күш сынасуға
келіп отыр, ортаға болашақ жас технологтарын шақырамыз.
8-9-10 сынып оқушылары арасында дайындалған
«XXІ ғасыр жас технологі» сайыс сабағымызға алты оқушымен бастаймыз.
Оқушылар өзі жайлы таныстырады.
1. « Бәйге»
2. « Тіл өнері»
3. « Жеті жұмбақ»
4. « Жорға»
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға ,
үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша, бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық өте
қажет.
Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты , тез болу керек. Қай оқушы алдындағы
түймені басып дауысын шығарса, сол бірінші болып жауап береді. Ал, егер жауап дұрыс
болмаса келесі оқушы деген менің сөзімнен кейін дауыс шығаратын түймені бірінші
басқан оқушы жауап береді.
Барлығы 16 сұрақ беріледі, бағалануы 10 ұпай.
I. Сонымен бірінші « Бәйге » бөлімін бастаймыз.
1. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу (эскиз)
2. Кереге мен шаңырақты бір-бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі (ұық)
3. Мақта қай талшыққа жатады ? (Табиғи)
4. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе ( мүсін)
5. Өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер ( масштаб )
6. Қазақстанда мақта өсетін аймақ (Оңтүстік Қазақстан)
7. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады? (Санитарлық, аспаздық , дәрігерлік)
8. Құрақ қандай фигуралардан тұрады ? ( геометриялық)
9. Ою-өрнек латынша қандай мағына береді ?(біріктіру, жапсыру)
10. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар ? (Подольский Механический
Завод)
11. Мода сөзінің аудармасы (сән)
12. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім (айырқалпақ)
13. Этникалық стильге жататын киім (ұлттық)
14. Қалыңдық киетін бас киім (сәукеле)
15. Ылғалды жылумен өңдейтін күнделікті тұрмыста қолданылатын зат ( үтік)
16. Қалдық матадан не істеуге болады ? (құрақ)
II .Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл-өнері».
Жарыстың шарты: мақал-мәтелдерден жасырылған сөзді жұмбақтың жауабын тауып
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудару керек. Әрбір жауап үшін 10 ұпай. Осы жарыста
ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
Сөнімен екінші бөлімді бастаймыз.
« Жұмбақ шешу»
1. Аяғым бар , қолым жоқ.
Омыртқам бар, қоңым жоқ.
Көріп келем жасымнан,
Ұрады жұрт басымнан.(шеге, гвоздь)
2. Көзіне қол сұқсақ, жағы ашылады.(қайшы,ножница)
3. Бәрі де бір күнде туылған,
Бірақ бойлары әр қилы (саусақ,палец)
4. Кіре салыпбасын шығарады ( түйме,пуговица)
5. Осыдан кіреді , тосынан шығады (ине, игла,)
6. Адамның сәні , онсыз жоқ мәні. ( киім)
7. Бар екен бір жеңешем,
Қап-қара тас, жемейді , ішпейді де, болмайды-да.
Халықтың бәрін киіндіріп, дүниеден
Өткен өзі жап-жалаңаш.
( тігін машинасы, швейная машина)
8. Өлеңшінің ...... алтын (сөзі ,слово)
9. Жігітке жеті ......де аз. (өнер, искуство)
Келесі бөлімді бастамас бұрын әділқазылардан «Тіл өнері» жарысының бағасын беруді
сұраймыз. Өкінішке орай, жарыстың аты жарыс, алғашқы екі ойында жинаған ұпайлары
төмен екі оқушы ойынға қатысып, өз білімін сынға салғаны үшін сіздермен қош
айтысамыз.
III .Келесі «Жеті жұмбақ» сайысын бастаймыз. Ойын шарты бойынша осы жарыстан
кейін екі оқушы ойыннан шығады . «Жеті жұмбақ» жарысының шарты : мониторда сандар
ілінген сұрақтар. 4 сала бойынша сұрақ ұпай санын білдіреді. Сонымен үшінші «Жеті
жұмбақ» бөлімін бастаймыз.
І. Ою-өрнек саласы:
1. Хандар ман байларға арналған шапанның арқасына қандай ою зерделенген ?(тұйық
оюы)
2. Оюларды мән мақсатына қарай қандай топтарға болуге болады ? ( 1.Көкөністерге
байланысты
2.Зооморфтық ою-өрнек
3. Космогениялық өрнек
4. Геометриялық өрнек )
3. Ою-өрнек мағыналарын ажыратып, оюларды сөйлете аласың ба?
ІV. «Тамақ әзірлеу технологиясы»
1.Балық фаршынан дайындалатын тағам (паштет)
2.Үй жағдайында нан қанша градус температурада піседі
(180-225 С)
3. Адам қуат алу үшін ұлаплардың түзілуі мен қайтадан қалпына келуі үшін
физиологиялық процестердің жүруі үшін не қажет ? ( тамақ)
V. Мода
1. Силуэт дегеніміз не ? (заттың сыртқы кескіні)
2. Мода неге байланысты өзгеріп отырады ? (қоғамның сөзгеруіне)
3. Этникалық стильге жататын киім (ұлттық)
VI . Ұлттық киімдерге байланысты сұрақтар.
1. Қасқыр,түлкі, қарсақ сияқты аңдар терісінен тігілген тон.(ішік)
2. Қазақтар қай бас киімді аруға лайық деп білген ? (қасаба)
Әділқазылар алқасынан «Жеті жұмбақ» сайысының бағасын беруін сұраймыз. Ұпайы
төмен екі оқушыға ойынға қатысып, өз білмін сынға салғаны үшін рахметімізді айтып
қоштасамыз.
Біздің келесі турымыз «Жорға» жарысы ең шешуші кезең болып табылады.
«Жорға» жарысының шарты:
Дұрыс жауапты білмесеңіз «келесі »деп белгі беріңіз, әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай
беіледі.
«XXІ ғасыр жас технологі» сайысындағы соңындағы екі оқушы А және Б нұсқаны
таңдайды. Кімге А нұсқасы түссе жарысты бірінші бастаймыз.
А нұсқасы:
1. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді ?(түйе)
2. Адамды жалықтырып еріншіктікке итеретін құбылыс. (жалқаулық)
3. Қағаз дайындауға қажетті шикізат(ағаш)
4. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.(шаңырақ)
5. Төсектің тұсына ұстайтын үй жасауы ?
6.Киіз үйдің ағаш есігі ? (Сықырлауық)
7. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)
8. Сегіз жердегі тоғызым. (72)
9. Киіз үйдің қабырғасы (Кереге)
10. Жүн иіретін құрал (ұршық)
11. Көрші мектеп
(№121 Құсмұрын атындағы мектеп )
12. Қалдық матадан не істеуге болады ? ( құрақ)
13. Табиғи жасалатын өнер тұындысы (панно)
14. Мақтадан не алынады ? (мата)
15. Өлшеушы құрал ( см. таспа)
16. Теріден жасалатын сұсын құюға арналған ыдыс ? (төрсық, саба)
17. Конституция күні (30 тамыз)
18. Тамыр жемісті дақыл ( сәбіз, картоп)
19. Еліміздің ел басы кім ? (Н.Назарбаев)
20. Қола дәуіріндегі шеберлер саз балшықтан жасалған құмыраларды қай өрнектермен
әрлеген ?
( геометриялық)
Б нұсқасы:
1. Шұбат қай түліктің сүті ?
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? (Т.Әубәкіров)
3. Мата шығатын өсімдік (мақта)
4. Шаңырақ киіз үйдің қай бөлігі (ең жоғарғы)
5. Түс киізді неге пайдаланамыз ? (тұтуға)
6. Сықырлауық киіз үйдің қай бөлігі ( есігі)
7. 16-желтоқсан қандай күн ? (тәуелсіздік күні)
8. Алты жердегі тоғызым (54)
9. Ұршықпен не істейміз ? (Жүн иіреміз)
10. Кереге киіз үйдің несі ? (қабырғасы)
11. № 5 Қ.Рысбеков мектеп интернат біздің неміз ? ( көршіміз)
12. Құрақты қандай матадан жасаймыз ? ( қалдық)
13. Үйдің ішін сәндеу үшін лілнетін панно неден жасалады ? (табиғи материалдан)
14. Мата шығатын өсімдік (мақта)
15. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды ? (1986 ж)
16. Торсық пен саба неден жасалады ? (теріден)
17. 30 тамыз қандай күн ? (Конституция күні)
18. Сәбіз , картоп қандай жемісті дақыл ? ( тамырлы)
19. Н.Назарбаев кім ? ( ел басы )
20. Геометриялық өрнектермен жасалған құмыраларды шеберлер қай дәуірде жасаған ?(
Қола дәуірде)
Екі ойыншымыздың жауаптарын тыңдадыңыздар. Жорға сайысының бағасын
берулеріңізді сұраймын.
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
Дегендей осымен «XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысымыз мәреге жетті.
Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділқазы алқасына береміз.