Наурыз сценарий

Өтілетін күні: 18.03.2016ж.
Өтілетін уақыты: 10:00
Өтілетін орны: Мектеп залы.
Безендірілуі: Мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру.
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы Наурыз
мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-
дәстүрлерден хабар беру. Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін
пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.
жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біздің мектебімізде Наурыз тойы. Наурыз тойларыңыз құтты болсын баршаңызға. Ұлыстың ұлы күні
аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан-тойға жетіп, ескі
ауыртпалықтарыңыз ескі жылда қалып, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде
елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Кең болсын қазағымның керегесі
Кетпесін Алла берген берекесі
Алаштың баласына нәсіп болған
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі- дей келе бүгінгі « Бақ-берекем, құт-мерекем- әз Наурыз атты
салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.
жүргізуші :
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер-ана бойы балқысын
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көңелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз жыл басы,-дей отырып мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жанасбаев
Жиренбай ағайға беріледі.
Жүргізуші:Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!-дей келе бүгінгі мерекеге Әжесі мен Наурыз қыз келе жатыр екен
қонақтарымызды қарсы алайық.
Әжесі:Қаптың аузы ашылсын
Наурыз шашу шашылсын
Шашуды тер халайық
Ырысың артсын молайып!
(Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз: Қадірменді қонақтар! Наурыз мерекесі құтты болсын.Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда
денсаулықтарыңыз мықты болсын,тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші: Ал ендеше оқушылар әжемізбен наурыз қызымызға төрімізге жайғастырып мерекелік кешімізді
ары қарай жалғастырайық.
жүргізуші: Жарқыра, жайна, Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін
Береке-байлық-дәм-тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын!
Ал қазір әуелеген әнге кезек берсек. Күміс көмей әніші қызымыз Бижан Дананұрдың
орындауындағы « Наурыз көктем» атты әнін қабыл алыңыздар. Сіздерге көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
жүргізуші : Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық.
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық-дей келе келесі кезекте ортаға қыздар-ай тобының «Наурыз думан» биін қабыл
алыңыздар.
жүргізуші: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы
есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Бұл күнде ренжескен адамдар
татуласып,төс қағысып, көріскенде жақсы тілектерін айтып қауышады.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер- дей келе әсем ән Малтабар Айзаттың орындауындағы « Наурыз айы туғанда»
әсем әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.
Жарығымен, шуағымен күн-ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.
Қиыры жоқ менің байтақ далама
Әсем, көркем ауылыма, қалама
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді
Сырлы әніне құлақ түрмей болама? – дей келе оқушыларымыздың жыр-шумақтарына кезекті берсек.
1-оқушы:Сымбат
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
2-оқушы: Бағила
Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз көктем!
3-оқушы:А.Қарақат
Әнімде саған,биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар елімі,
Күлімде,Наурыз,күлімде.
4-оқушы:С.Қарақат
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы елімнің,
Құтты болсын қадамың!
5-оқушы: Досымжан
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз-Наурызға!
Жүргізуші: Ән мен күйді шалқытып,
Інжу, маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Ортада кішкентай қыздар-ай тобының « Қамажай» биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
Келесі кезекте Әліпбай Мерейдің орындауындағы « Шақырады көктем »әсем әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Оқушылар бүгінгі мерекемізге қонақ болып келіп,біздің өнерімізді тамашалаған Наурыз қыз бен
әжемізден тілектерімен батасын алып жолға шығарып салайық. (Әжесі бата береді де қоштасады.)
Жүргізуші:Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кеңелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Кешеге тал егеді.
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр-аңыз!-дей келе кешімізді қорытындылау үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Жоланов Батырхан ағай мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға беріледі.
Жүргізуші:Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға
береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз
өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін,-дей отырып бүгінгі бағдарламамызды
аяқтаймыз. Келесі кездескенше бай, қуатты болайық.