Конспект урока "Тамаша ғой қыс деген" 2 класс


C.Бәйішев атындағы орта мектеп
Ә» класс
Бастауыш класс мұғалімі: Нетуллина А.С.
2013-2014 оқу жылы.
Темір қаласы.
C.Бәйішев атындағы орта мектеп
Бастауыш класс мұғалімі: Нетуллина А.С.
2«Ә» класс
Сабақтың тақырыбы: Тамаша ғой қыс деген
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет
тылсым күшін, қыс мезгілінің әдемілігін тануына мүмкіндік туғызу.
2. Оқушылардың сөзік қорларын молайту арқылы сөйлеу
тілдерін дамыту.
3. Қысқы табиғатты тамашалау арқылы әр жыл мезгілінің
өзгешілігін өзінше бағалауға, әсемділікті, әдемілікті түсінуге, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қыс мезгіліне байланысты суреттер, өлеңдер, ойындар,
оқулық, сөздік дәптер.
Оқушыларды геометриялық фигуралармен бағалып, сабақ
соңында есептеп, тиісті бағалары қойылады.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қасқыр қысты қалай өткізеді?» авторы кім екен?
Міржақып Дулатов.
Қандай жануарлар туралы айтылған
1. Қасқыр
2. Аю
3. Түлкі –
4. Көртышқандар –
5. Қоян - әрқайсысына оқушылар шығып, баяндап береді.
3. Қызығушылықты ояту.
- Жұмбақ оқып, оқушылар шешуін анықтайды.
- Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қырға омбығып, бет домбығып
Сырғып жастар ойнайды
Кейде ұшып, кейде ысқырып
Ұйытқып боран соғады
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
«Кім шапшаң?» ойыны арқылы Лездеме сұрақтарға жауап берейік.
1. Жылдың қай мезгілінде қар жауады?
2. Қыс мезгілінде неше ай бар?
3. Қыс мезгіліндегі басты мерекені ата.
4. Жаңа жыл шыршасының басты кейіпкерлері?
5. Балалардың қысқы көлігі
6. Қыста далада өмір сүретін жансыз адам? оқушыларды марапаттау.
4. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі біздің сабағымыз қыс тақырыбына арналады.
- Тақтаға тақырыпты жазамын «Тамаша ғой қыс деген»
- Бұл өлеңнің авторы Өтебай Тұрманжанов , - ол туралы түсінік беріп,
«Өс, ұлан» - өлеңін оқып кеттік. «Қыс» мезгіліне арналған суреттерді
тақтаға ілемін.
- Сұрақ – жауап әдісі арқылы қыс мезгілінен өзгерістер, ерекшеліктер
туралы сұрап, айтып түсіндіремін.
Қыс мезгілінде адамдар жылы киімдерін киеді. Малдар қорада
тұрады, адамдар қар күрейді, шанамен ойнайды, қар атысып
ойнайды.
5.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіремін.
- Сабалау сөзінің мағынасын түсіндіріп, сөздік дәптерлеріне
жаздыртамын.
- Оқушыларға тізбектей өлең жолдарын оқытамын.
- Қазақ тілі пәнімен байланыстыру. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
Хабарлы,Сұраулы,Лепті.
- Осы өлеңде сөйлемнің қандай түрлері кездесіп тұр, - деп
оқушылардан сұраймын.
6.Сергіту сәті:
Ішік, пима, қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай, - деп оқушылар бір – біріне қимылмен қар
атысып ойнайды.
- Енді, балалар, топпен жұмыс жасаймыз. Әр топқа өлеңнің
шумақтарын бөліп беремін, оқушылар сол шумаққа ат қойып,
дәптерлеріне жазады.
7.«- Ойнайық та, ойлайық,
Шешпей оны қоймайық» - деп жұмбақ шешу:
- Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
- Қыс болса қырмен ойды аралайды,
Жаз болса, қозғалуға жарамайды. (Шана)
- Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (Мұз)
- Оқушыларды марапаттаймын.
8.Ойтолғау. Ойнайық біз аққала,
Домалатып ақ қарды
Ойнайық біз топтана,
Салып ғажап бақтарды.
Оқушыларды топтарға бөліп, аққаланың орнына өздерін қойып жауап
береді: (тақтаға аққаланың суреті ілінді).
1. Мен аққаламын, себебі:
2. Мен қайталанбайтын жанмын, себебі:
3. Менің болашақ арманым –
4. Менің қасиеттерім –
5. Менің өмірімнің маңызы –
6. Бақыт – бұл –
Қорытынды бөлімі: - Өлеңді хормен айтады: (қимылмен көрсетіп)
Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшынды кимесе
Құлағыңды тістеген
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бақша – бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз қалай аталады, өлеңнің авторы кім
екен, деп сабақты қорытындылаймын.
- Оқушыларды бағалаймын. Әрбір оқушының жинаған геометриялық
фигураларды есептеп, тиісті бағаларын қоямын.
- Үйге: « Тамаша ғой қыс деген» өлеңді мәнерлеп оқып келу.