Конспект урока "Тарихи карта" 5 класс


Сабақ жоспары
Шақат орта мектебі.
Сынып: 5
Пән: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Аралов С.Б.
Сабақтың тақырыбы: Тарихи карта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Картаның пайда болуының алғышарттары, ерте заманнан біздің күнге дейін жеткен
карталардың тарихы, оларды құрастырған ғұламалар туралы білім беру.
Дамытушылық: Картаға қарай отырып, ондағы берілген шартты белгілер арқылы картаны оқи
білу, оны тақырыпты түсінуде, сабақты айтуда көмекші құрал ретінде пайдалана білу дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, өз елін, жерін бағалай білуге, қорғауға, өзге елдің тарихын,
дербестігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дүниежүзінің саяси картасы.
2. Қазақстанның физикалық картасы.
3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс, кесте толтыру, баяндау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Сұрақ-жауап.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше
бұрышы болған?
3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?
4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.
5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?
6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?
7. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп,
неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?
8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Жоспары:
1. Карта ұғымы туралы түсінік.
2. Ерте замандағы адамдардың пайдаланған карталарының сипаты.
3. Бізге жеткен карта түрлері мен олардың авторлары.
4. Орта Азия мен Қазақстанды сипаттаған карталар.
Карта немісше – «түпнұсқа», ал грекше – «жазу папирусы» деген ұғымды білдіреді.
Сұрақтар қою:
1. Сендер картаның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Картада жердің бедері, су, мемлекет т.б. қандай белгілермен белгіленеді?
3. Картаның қажеттілігі неде?
4. Ерте дүние адамдарының өміріндегі алғашқы карталардың пайда болуының алғышарттары
неде?
Мәтінді кезек-кезек оқыту арқылы тың ұғымдарды меңгеру.
Кесте толтыру:
Сұрақтар
Жауабы
Әлемде алғаш карта жасаған мемлекет.
Геродоттың кескін картасында қай елдер
сипатталған?
«География» кітабын жащған, ежелгі дүние
ойшылы ...
Әл-Хорезмидің карта тарихы жайындағы
еңбегі.
Қазақ жерінің картасын жасаған швед офицері.
Орыс ғалымы С.Ремезовтың картасы.
«Жер беті суреті» картасының авторы.
Ыстықкөлді алғаш картаға түсірген қазақтың
ұлы ғалымы.
Қазақ жері туралф карталық мәліметтер тақырыпшасы бойынша Ұлы Жібек жолының бағыттары
көрсетілген картаны және қазіргі ҚР-ның саяси картасын салыстырмалы түрде пайдалана отырып,
Ұлы меридианалды жол мен Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бүгінгі Қазақстан қалаларын
атап шығу.
Тақтада ілінген әр түрлі карталардың шартты ерекшелігі мен ортақ белгілерін анықтау.
Сабақты қорытындылау:
1. Картаның маңызы қандай?
2. Бүгін сендер карта жасаған қандай авторлармен таныстыңдар?
3. Дүниежүзінің саяси картасынан Қазақстанның шекарасын анықтауға тырысыңдар.
4. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасынан өздерің туып-өскен облыс, қала, туған аудандарды
анықтап көрсетіңдер.
5. Картадан Қзақстанның 14 облысын атап көрсетіп шығыңдар.
Үйге тапсырма:
1. 8-параграфты оқып келу.
2. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
3. Қазақстан картасын дәптерге салып, оған негізгі қалаларды белгілеу.