Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімд


Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
география пәнінің мұғалімі Ж.О.Кенжебаева
Алтай тауы
Сабақтың білімділік мақсаты:
Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы
қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар
туралы білімдерін кеңейту;
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру,
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған
нәтиже, қойылған мақсатқа жету.
Әдісі: Биоақпараттану және Синергетика технологиясы
Түрі: Ауызша сабақ -1
Көрнекілігі: Орынға отыру матрицасы, Қазақстанның физикалық картасы,
слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БиС
технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды
белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік. Көшбасшының айтқан тілегіне
рахмет,қанеки,қол шапалақтайық.ООМ бойынша жұмыс.
ІІ.Сіздерге Қазақстандағы жазықтар туралы дайындалып келуге
берілген.Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. (6 мин)
1.Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға қай бөлігі кіреді? ОШ
2.ШЕ жазығын басқаша қалай атайды? Орыс жазығы
3. Каспий маңы ойпатында қандай көл бар? Каспий теңізі
4. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы? Мұнай мен газ
5. Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзені? Жайық
6. Тұран жазығының географиялық орны? Қазақстанның оңтүстігін
батысынан шығысына дейін созылып жатыр
7. Тұран ойпатында қандай пайдалы қазбалар өндіріледі? мұнай,газ,ас
тұзы,сода,құрылыс материалдары
8. Тұран жазығының климаты қандай? құрғақ континентті
9.Тұран жазығының негізгі өзені? Сырдария
10.Тұран жазығының территориясында қандай табиғат зоналары бар?
дала,шөлейт,шөл
11. Солтүстік Қазақ жазығы қайда орналасқан? Қазақстан жерінде Орал
тауларынан Алтайға дейін созылып жатыр
12. Солтүстік Қазақ жазығының басты өзені? Ертіс
13. Солтүстік Қазақ жазығының климаты қандай? континентті
14.Солтүстік Қазақ жазығының территориясында қандай пайдалы қазбалар
бар? темір,хромит,боксит,кобальт
15.Солтүстік Қазақ жазығында қандай қорық орналасқан? Наурызым қорығы
16.Солтүстік Қазақ жазығы қай эрада қалыптасқан? кайнозой эрасында
17. Сарыарқаның ең биік нүктесі? Ақсораң (1565 м)
18.Сарыарқада түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері? 200-300 мм
19.Осы ауданды тұщы сумен қамтамасыз етуде қандай канал салынған?
Ертіс-Қарағанды
20.Сарыарқада қандай тұщы көл бар? Бурабай
21.Сарыарқада қандай табиғат зонасы бар? дала , шөлейт, шөл
22. Сарыарқаның шөлейт зонасын не үшін пайдаланады? мал жайылымына
23. 1958 жылы қандай қорық құрылды? Қорғалжын
3 оқушыға 1 сұрақты қоюға болады.3-еуі де білмесе (- ) қойылады. Төртінші
оқушыдан сұрап, ол айтса (+) қойылады.
Бірінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе
минус белгілері қойылады.
ІІІ. Жаңа тақырып. (7 минут)
Алтай тауы. Интерактивті тақтадан 14 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып
ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады .
Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер
алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан
оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
Тірек сөздер.
1.Алтай 8.Қалба
2.Мұзтау 9.экзорация
3.4506 м 10.Сарышоқы
4.Бұқтырма 11.Герцин
5.Холзун 12.Кендірлік
6.Жайсан 13.Шүлбі
7.Марқакөл 14.1976 ж.
Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз – 1 мин-15 сек.
ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. ( 6 минут)
Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады. Мұғалім олардың материалды
оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.
V. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ қою. (7 мин)
Мұғалім оқушыларды рет -ретімен емес ООМ бойынша сабақтың
тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген
жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама-қарсы сұрақтар.
1.Алтай тауының Қазақстанға қай бөлігі кіреді? ОБ шеті
2.Қазақстандағы Алтай тауының ең биік нүктесі? Мұзтау
3.Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай қандай
бөліктерге бөлінеді? Кенді,Оңтүстік Алтай,Қалба жотасы
4.Марқакөл қазаншұңқыры қайда орналасқан? Асу жотасы мен Сарытаудың
аралығында.
5.О.Алтайдың батыс шекарасы қандай тау тізбегінен өтеді? Холзун
6.Ертіс өзенінің сол жағында қандай жота орналасқан? Қалба жотасы
7.Қалба жотасының ең биік нүктесі? Сарышоқы
8.Қалба жотасы батысында немен шектеседі? Сарыарқамен
9.Қазақстандық Алтай таулары қандай эрада түзілген? Герцин
қатпарлығында
10.Кенді Алтайда қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
қорғасын,мырыш,қалайы,вольфрам,күміс,сынап
11.Алтын мен сирек металл қайда өндіріледі? Нарын мен Күршім
жоталарында
12.Қалайы менвольфрам қайда өндіріледі? Қалба тауында
13.Алтай тауының климаты? Қоңыржай континентті
14.Тау ішіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері? 1000-1500 мм
15.Таудағы қыстағы қардың қалыңдығы? 1-3 м
16.Алтай тауының ең үлкен өзені? Ертіс
17.Өскемен,Бұқтырма,Шүлбі электр станциясы қай өзенде салынған? Ертіс
18.Алтай тауындағы ең үлкен көл? Жайсан
19.Тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан көл? Марқакөл
20.Қазақстандық Алтай тауларында қанша мұздық бар? 328
21.ШҚО ұйымдастырылған қорық? Марқакөл
22.Рахман қайнары теңіз деңгейінен қанша метр биіктікте орналасқан?
1750 м.
23.Алтай ормандарында қандай шаруашылықтар бар?
(бұғы-марал өсіретін шаруашылық)
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе
минус белгілері қойылады.
VI. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау.
Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә»
немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.
Сын тұрғысынан сұрақтар. (7 мин)
1.Алтай тауы Каспий маңы ойпатынан басталып Байкал көліне дейін
созылып жатыр-
(Жайсан ойпатынан Байкал көліне дейін)
2.Қазақстанға Алтай тауының оңтүстік -шығыс шеті кіреді-
(ОБ шеті)
3.Алтай тауының Ресей жеріндегі ең биік шыңы-
(Мұзтау)
4.Мұзтау шыңының биіктігі 6995 м-
(4506 м)
6.Оңтүстік Алтай шығысында Қалба жотасымен шектеседі-
(Үкік тау қыратымен)
7.Асу жотасымен Сарытаудың аралығында Марқакөл қазаншұңқыры
орналасқан+
8.Кенді Алтай Үлбі,Иванов,Үбі тау жоталарынан тұрады+
9.Кенді Алтайдың жер бедері бірдей-
(әртүрлі)
10.Қалба жотасы Ертіс өзенінің оң жағында жатыр-
(сол жағында)
11.Қалба жотасының ең биік нүктесі -Тастау-
(Сарышоқы)
12.Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен
шектеседі+
13.Қалба жотасының кей жерлері қыратты болып келеді
(жазық)
14.Қазақстандық Алтай тауы байкал қатпарлығында түзілген-
(герцин)
15.Тау шатқалдарының дамуына неоген дәуірінде мұздықтар экзорациясы
әсер еткен +
16.Кенді Алтайда темір,уран,хромның мол қоры бар —
(қорғасын,мырыш,қалайы)
17.Нарын мен Күршім жотасында қалайы мен вольфрам өндіріледі —
(алтын мен сирек металл)
18.Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты құрғақ континентті —
(қоңыржай континентті)
19.Алтай тауының ең үлкен өзені — Бұқтырма
(Ертіс)
20.Жайсан тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан көл —
(Марқакөл)
21.Орман алқаптарында жөке,қайың,емен өседі —
(бал қарағай,шырша,самырсын өседі)
22.Орманда бұғы,марал өсіретін шаруашылықтары бар +
23.ШҚ әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарымен өсімдіктерді қорғау
мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған —
(Марқакөл)
24.Рахман қайнары теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте орналасқан
(1750 м)
25.Алтайда ондатра,қоқиқаз жерсіндірілген —
(су тышқаны,жанат тәрізді ит)
Бәріне сұрақ қойылып болғаннан кейін қай балада (мысалы 2-ші Д-да)
отырған балада минус көп. Соған біз көмек берейік.Ол оқушыға қосымша
сыни сұрақтар қою.Сұраққа жауап берсе + белгісін қою.
(Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс
немесе минус белгілері қойылады.
Қол шапалақтау
VII. Талдау . Алтай тауы бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ)
тексеру үшін эссе жазасыздар. (5 минут)
Оқушылар дәптерлерін алмасып,бір-бірінің жазған эссесін тексереді.
(1 минут)
Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ
VIII.Рефлексия (2 минут )
IX. Бағалау . (2 минут)
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады.
4-5 белгі – 5 ұпай,
3-белгі – 4 ұпай
2 белгі 3 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63/ -ы 5 ұпайдан алуы тиіс.
9. Үй тапсырмасы :
4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.