Конспект урока "Бауырмалдық пен кеңпейілдік" 6 класс
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_№64______________Мерзiм_____________________№12____
Тақырып__Бауырмалдық пен кеңпейілдік__________________________
Құндылық_Дұрыс іс-әрекет__Қасиеттер_сыйластық, жомарттық___________
Мұғалiм _Ж.Өтегенов___________ Класс_6 «А»_Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға бауырмалдық, кеңпейілділік ұғымы туралы
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық және
жомарттық қасиеттерін түсіндіріп;
- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін және қабылдауларын
дамыту;
- оқушыларды бауырмалдыққа, бір – бірін дұрыс қабылдай білуге,
туыстарын, достарын сыйлауға және жағымды қарым – қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой-қозғау, сұрақ-жауап.
Ресурстар
(материалдар,
дереккөздер)
Слайд,плакат,
маркер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Бір атаның балалары (М.Мағауин)
Проблемалық-бағыттаушы сұрақтар:
1. Шығарма кімнің сөзімен басталады, оның сөзінен нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден
туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кете алады деп
ойлайсыңдар ма?
Сабақты бекітуге арналған тест тапсырмасы.
1) – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. – деген кімнің сөзі?
а) Дәуренбек б) Ахмет в) басқарма г) есепші
2) Қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігіт кім?
а) Берден б) Дәуренбек в) Тілеубай г) Бегімбетов
3) Ауылға неше жетім бала келді?
а) алты б) бес в) жеті г) төрт
4) «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің? – деп Дәуренбек кімге
айтты?
а) басқармаға б) Ахметке в) елге г) өз-өзіне
5) Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?
а) үйренісіп қалғандықтан б) әр үйдің балалары в) еш себепсіз
6) Зигфридтің мінезі қандай?
Ескертулер
а) кекшіл б) жайдары, пысық в) қорқақ г) бұзық
- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс
жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп,
азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір
көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік
пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
3. Дәйек сөз.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен
шығады.
Ш.Құдайбердіұлы
Оқушылар дәйексөзге жеке өз көзқарастарын айтып, ой тұжырымдарын
жасайды.
«Теңге алу» ойыны
Викториналық сұрақтар
Сіздің ата–ананыздың ата-анасы сізге кім болады? (Ата-әже)
Сіздің туған ініңіздің немесе қарындасыңыздың анасы сізге кім
болады? (Анам)
Сізден үлкен ағаңызға немесе тәтеңізге сіз кім боласыз? (Інісі
немесе сіңілісі)
Бауырмалдыққа, татулыққа шақыратын “Хабар” арнасынан
көрсетілетін қандай бағдарламаны білесіңдер?(Бармысың,
бауырым!)
4. Әңгiмелеу (сұхбат)
Алма ағашы.
• Бала ағаштың кеңпейілділігін бағалай алды ма?
• Бала ағаштың кеңпейілділігіне сай ниет танытса, не болар еді?
• Балаға қандай тілек айтар едіңдер?
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сурет бойынша шағын әңгіме құраймыз.
Көпшілдік Байсалды
Жақсы көру Мейірімділік
Жанашырлық Қамқорлық
Дарқандық Жомарттық
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма. Өзіңнің бауырмалдық пен кеңпейілділік танытқан кездеріңді
есіңе түсір. Сол кезде қандай күйде болғаныңды сипаттап жаз.
3-тапсырма. «Бауырмалдық» шешу.
1. Басқаға тек жақсылық ойлау, игілік жасау. (Мейірбандық)
2. Әкенің әкесі. (Ата)
3. Бірге туған қандас, ағайындас, туыстас байланыс. (Бауыр)
4. Бір әкеден жаралған ағалы-інілер. (Ағайын)
5. Біреудің қамын ойлайтын, тірек болатын адам. (Қамқор)
6. Берегегендік, қолы ашықтық, дархандық, кеңдік қасиет.
(Жомарттық)
7. Адам мінезіндегі кеңпейілдік, байсалдылық. (Дархандық)
8. Адам бойындағы мәдениеттіліктің белгісі. (Әдептілік)
9. Ұрпақтан-ұрпаққа көшетін, әдетке айналған салт-сана, ғұрып.
(Дәстүр)
10. Адамдардың тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсетуі.
(Ауызбірлік)
11. Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы, бір-біріне
қамқорлығы. (Татулық)
6. Топпен ән айту.
«Ақ көгершін», «Алға , Қазақстан»
7. Үй тапсырмасы.
52 – беттегі мәтінді оқып келу.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Ал, енді, оқушылар, бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңді, көңілге
түйген ойларыңды мына жүрекшелерге жазыңыздар!
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір
Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл-тегіл көл-көсір
Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы — өнер алды тіл дейтін
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Бауырмалдық
Кеңпейілділік
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Конспект мероприятия "Афганистан наша память и боль..."
- Классный час "Астана – город будущего" 6-7 классы
- Презентация "Эффективность урока - результат организации активной деятельности учащихся" 4 класс
- Презентация "В жизни здоровье первично"
- Классный час "Альтернатива вредным привычкам"
- Конспект урока "Тәуелсіздік таңы атты"