Конспект урока "Темекінің зардабы"
Сабақтың тақырыбы: "Темекінің зардабы".
Сабақгың мақсаты:
1. Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь
ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.
2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-
аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге
келетінін жете түсіндіру.
3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты
фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.
Сабақтың көрнекілігі:
Тақырыптарға байланысты суреттер.
Сабақтың түрі: пресс-конференция.
Сабақтың барысы:
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан
-2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3
бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";
2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";
3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:
"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді".
Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен
темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты
саясат жүргізуіміз керек".
Тренинг: «Ыстық алақан». Оқушылар бір- біріне жақсы тілеутерін айтады.
Слайд қарау. Сол көрсетілім арқылы оқушыларға сұрақтар жолдау.
Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.
-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға
байланысты:
- Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?
Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?
Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?
Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?
Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар.
Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз
таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп
жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин
нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы
балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні
тастап кету адамның өзіне байланысты.
Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер сендер темекі тартып тұрған баланы көрсеңдер не деп айтар едіңдер?
2. Сендер елімізді басқарып тұрсаңдар, темекіге қарсы қандай шара қолданар едің?
3. Сенің достарың темекі шегеді. Ал сен темекі шекпейсің. Сол үшін сен достарың
шеттеді. Не істер едің?
4. Сенің папаң күндіз- түні темекі шегеді, тіпті дастархан басында да. Ал сенің оған
жаның ашиды.Оның темекі тастауына қалай ықпал етер едің?
Тренинг «Қолшатыр»
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Қол шатыр астына өз ойларымызды
жазайық.
Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай,
Бақыт құсын қондыруда қолыңда- деген сөздермен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.