Разработка урока "Қазақстанның экологиясы" 6 класс
Тақырыбы: Қазақстанның экологиясы.
Мақсаты:
Білімділік - оқушылардың туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай
білуге баулу;
Тәрбиелік - оқушылардың туған жер экологиясы туралы нақты хабарды
білуге, экологиялық жауапкершілік, туған жерге, туған өлке табиғатына
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру;
Дамытушылық - оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары
адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі:қосымша мәліметтер,қызыл жұлдыздармен экологиялық апатты
аймақтар белгіленген Қазақстан картасы,сөзжұмбақтар жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу
- оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
- сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару.
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің тарбие сағатымыздың тақырыбы
"Қазақстанның экологиясы" .Баршамызға белгілі ғаламшарымыздың
экологиялық жағдайы күннен-күнге нашарлап барады.
Дүние жүзін алып қарайтын болсақ, жыл сайын әлемдік мұхитта 10 млн
тоннаға дейін мұнай ағызылады және 500 млн тонна минералды
тыңайтқыштар жерге себіледі. Мотор майы ретінде және электр энергиясын
алу үшін 3 млрд тоннадай мұнай өнімдері жағылады.Ауа атмосферасында газ
тектес және қатты қоспалардың үлесі артып келеді.Дүние жүзіндегі барлық
энергетикалық қондырғылар атмосфераға жыл сайын 250 млн тонна күл және
60 млн тоннаға жуық күкіртті ангидрид шығарады.
2 -жүргізуші:Атмосферадағы ауаны ластаушылардың бірі - автокөлік.Олар
ауаға адам өміріне зиянды қорғасын буын және басқада зиянды ауыр металл
қалдықтарын шығарады.Ауаның ластануынан әсіресе өндірісі мол
қалалардың өсімдіктері көп зардап шегеді.Ауаның ластануы өсімдікке ғана
емес адамдар мен жануарларға да әсер етеді.
1 -жүргізуші: Эколгия деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта"
туралы ғылым дегенді білдіреді.Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін
атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология -
табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым - қатынасын зерттейтін ғылым"
деген анықтама берген.Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем
алдында экология мәселелері тұр.Адам ақыл- ойының нәтижесі алып
ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б ғылыми прогресс жетістіктері
өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп- қатер туғызуда. Осының
бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен , адамдардың болашақ ұрпақ
алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық
зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен
қарауының салдары.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген.Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді.Өзіндегі барды адамға,жан-жануарға,өсімдікке берген.Табиғатта басы
артық ештеңе жоқ.Табиғат сырын терең білмей,оған немқұрайлы қарау үлкен
апатқа соқтырады.Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып
,ормандар аяусыз балталанды , аң-құстар шамадан тыс ауланды,жер жөн-
жосықсыз жыртылып ,топырақта эрозия пайда болды.Соның салдарынан
бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі эколгтялық апат аса үлкен
қауіп төндіріп отыр.Бізді экологтялық апатқа душар еткен адам санасының
эрозиясының нәтижесі.
2 -жүргізуші: Біздің Қазақстанның да экологиясы қазіргі кезде өте ауыр
жағдайда.Қазақстанның табиғаты бір кезде әсем ,алуан түрлі суға да, нуға да
бай болған: ақындардың аузынан түспейтін Кенді Алтай өңірі, Сәкен ағамыз
жырға қосқан сұлу Көкше , алқызыл алмасын ,жасыл желегімен ,табиғаттың
көз тартарлық асыл байлығының сан алуандылығымен көзге түскен Алматы.
Қазіргі қалалардың экологиялық жағдайы адам айтқысыз.Қалалардың
үстін қара түтін басқан, бұрынғы жасыл- желек жамылып жайнап тұрған
ағаштардың спны азайған.Бүрын көше бойын бойлап ,арақтан сылдырап
ағатын сулар тоқтаған.Түрлі машиналар ,зауыттар мен фабрикалар көбейіп,
қалалардың экологиялық жағдайын тым төмендетіп жіберген.
1 -жүргізуші: Міне, сондықтан да, балалар, туған табиғатымызжың
мүшкіл халіне үн- түнсіз қарауға болмайды. Табиғатымыздың байлығын,
тазалығын қорғауға атсалысуымыз керек.
1-оқушы: Солтүстік экологиясы.
Павлодар, Ақмола - ірі индустриялық қалалар. Мұнда мұнай өңдеу зауыты ,
химия, трактор жасау зауыттары бар.Машиналардың түтіні мен зауыт,
фабрикалардың түтіндері ауа,су,топырақты ауыр металдың қалдықтарымен
ластайды.
2 -оқушы: Атырау экологиясы.
Атырау қаласыда ірі өндірістік қалалардың бірі. Бұл жерде зимия
өнеркесіб,мұнай өндіретін зауыттар бар.Солардан шыққан түтіндер ауаға
жайылып ,сөнбеген табиғи газдар жанып тұрады. Қаланың экологиясы өте
нашар. Ірі өндірістік қала болғандықтан мұнда да машиналар өте
көп.Қаланың ауасының нашарлығынан бұл жерде де қатерлі ісік ауруымен
ауыратын адамдар саны жиі кездеседі.
3 -оқушы: Каспий эколгиясы.
Каспийдің де экологиясы қазір қауіпті аймақтың бірі болуда. Газ бен мұнай
өндірудің әсерінен Каспий теңізі ластануда. Каспий теңізі
көтеріліп,айналасындағы тұрғын үйлер мен газ - мұнай кен орындарын су
басып ,үлкен зиян келтіруде. Мұнай газ конденсаты суды ластап ,су
жануарларына әсер етуде.Экологиялық жағдайдың нашарлауынан
адамдардың тері, тыныс жолдары аурулары ,ісік аурулары көбеюде.
4 -оқушы: Ақтөбе мен Орал экологиясы.
Оралым - Ордам менің таныс маған,
Бораның Махамбет боп дауыстаған.
Исатай ақ семсерің , Құрман бабам
Ұрпаққа домбырасын табыстаған.
Ақтөбе мен Орал қалаларында да зауыттар мен фабрикалар өте көп.
Олардың түтіні ауаға тарап қаланың экологиялық жағдайын
нашарлатуда.Адамдардың тыныс жолдарының аурулары мен ісік аурулары
көп.
5 -оқушы:Семей экологиясы.
Радиоактивтік ластану қаупі біздің ғасырымыздың 40 - жылдары уранның
ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болды. Семейдің экологиялық
жағдайын білмейтін адам жоқ шығар.Семейде 40 жылдан астам уақыт бойы
500-ден астам жер астында және жер бетінде түрлі жарылыстар болып,
жарылған заттың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың
қуатынан бірнеше есе асып кеткен.Ауаға түрлі радиоактивті заттар
тарап,ауаны,суды ,топырақты ластаған. Радиациялық сәуленің әсерінен
адамдар ,малдар да ауруға ұшырап,түрлі аурулар көбейген. Қатерлі ісік,қан
аурулары кең тараған,Бірнеше ондаған жылдар бойы өткізілген ядролық
сынақ адамдарға қаншама қайғы әкелді десеңізші.Сынақ әзірше
тоқтататылды,бірақ қаншама артында қайғылы із қалдырды.Тұқымнан
тұқымға берілген аурулар,түрлі мутацияға ұшыраған адамдар, жануарлар мен
өсімдіктер қаншама?Бұл жердің экологиялық жағдайы қалпына келуі үшін
бірнеше ондаған жылдар керек.
6 -оқушы:Арал экологиясы.
Бір кездегі біздің мақтанышымыз Аралдың хал-жағдайына да
тоқталайықшы.Балыққа бай Арал бір кезде көптеген халықты балағымен
аштықтан құтқарды емеспа?!Үлкен кемелер жүзіп ,балық аулап ,біздің
мақтанышымыз болған Аралдың халі күннен- күнге нашарлауда.Суы күн
санап тартылуда. Бұрын Әмудария мен Сырдария өзендері келіп құйылатын
болса ,қазір олардың суы азайып ,Аралға келіп құйылмайтын
болды.Барсакелмес қорығы жабылып қалды.Аралдың экологиялық жағдайы
өте ауыр.Арал өңірінің тұрғындары түрлі ауруларға ұшырауда, әсіресе
балалар аурулары өте көп.Аралды қорғаушылар өз шамалары жеткенше
шаралар қолдынып жатыр.Арал мәселесі бүкіл дүниежүзілік мәселе болыр
отыр.Көптеген шетелдік мемлекеттер Арал тұргындарына гуманитарлық
көмек көрсетуде.Бірақ мұның өзі Арал мәселесін шешпейді ғой.
2 -жүргізуші: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа
айналдыратын байлық көзі - су.Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп,"Сулы
жер - нулы жер","Су - табиғаттың айнасы","Су біткен жерде өмір де
бітеді","Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген.
1 -жүргізуші: Енді оқушылар біз сіздерге сұрақтар қоямыз.
1 -сұрақ: Экологтердің пайымдауынша ,бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең
көп ластанған қала болып есептелінеді.Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса
зиянды ауыр түсті металдармен ластануына қаладағы қорғасын-
мырыш,полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі.Қала
орналасқан таулағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл
түрін дамытуға мүмкіндік береді.Бұл қай қала?
Жауабы:Өскемен.
2 -сұрақ: Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай -химия
кәсіпорындары орналасқан.Бұған осы ауданда көптеген маңызыды
факторлардың тоғысуы себеп болды.Бұл жерде әр алуан минералды шикізат
бар,аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген,көмір мен электр энергиясының
қоры мол,ауданның экономикалық - географиядылық орны аса ыңғайлы.Бұл
қалада минерал отын,жоғары сатыдағы май өндіріледі.Алайда осы
аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді.Сұрақ бұл қай қала?
Жауабы: Павлодар.
3 -сұрақ: Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда.Мұнда
қоршаған ортаны бүлдіретін 20000 -ға жуық кәсіп орын бар,облыс бойынша
жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады.Оның 2 млн 275
тоннасы радиоактивті екені анық.Бұл қалада шығыста орналасқан.Бұл қай
қала?
Жауабы:Семей.
4 -сұрақ: Бұл облыс қатты ластануға ұшыраған ,мұнаймен ластанған қара
топырақ 3 - 15 жылға дейін өнім бермейді.Қазіргі кездегі мұнайлы
ластанушылардың 66% теңізге өзен арқылы түсетін болса, 24% қалалық
өндіріс қалдықтарымен түседі.Бұл қай облыс?
Жауабы: Атырау облысы.
Қорытындылау:
1 -жүргізуші: Әлі талай заман өзгерер ,өткен қателіктер
жөнделер.Сыйласа білсек ,өмір де маржандай думан күй
кешер.Иә,республикамыздың экологиялық жағдайы нашар.Алайда жағдай
киын деп туған мекенді тастап ,қайсібір ұлт -ұлыс өкілдері тәрізді басқа
жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ.Не көрсек теөз жерімізде
көреміз.Ендеше ауыр экологиялық апатқа қарсы күресу - әрқайсымыздың
азаматтық борышымыз.
2 -жүргізуші: Жер - біздің алтын бесігіміз,асыраушы
анамыз.Анамызды қалай жақсы көрсек ,табиғатымызды да ,тұрған
отанымызды да солай аялай ,сүйе білейік.Бір ағаш сынса ,он ағаш
отырғызайық.Табиғаттың тағдыры өз қолымызда.Табиғатты аялай білейік.
Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп гимназиясы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: <<Қазақстанның экологиясы>>
Дайындаған: Ізмағанбетова Ә.Ш
Ақтөбе 2013 жыл
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Классный час "Война в судьбах Тимашевцев" 5 класс
- Контрольная работа "Нанотехнологии и их применение" 10 класс
- Тест "Занимаюсь ли я воспитанием своего ребенка?"
- Тест "Геодезическое обеспечение проектирования, строительства и эксплуатации инженерных сооружений"
- Классный час "День рождения класса" 5 классв
- Презентация "Зависимость. Миф или реальность?"