Тест "Қасым Аманжолов. Қазақстан"
Сабақтың тақырыбы:. Қасым Аманжолов.Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірінен түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын
меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге
үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл
байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, видео, карта, оқулық, суреттер.
Сабақ түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Ынтымағы жарасқан
Егеменді ел көрдім
Ендеше,сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасы
«Он алтыншы желтоқсан»
Қайраттың жазу дәптерінен
1. Өлең неліктен “он алтыншы желтоқсан” деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке?
3. Қ. Рысқұлбековті ісіне, сөзіне қарап сипаттап айтып көр?
Ой қозғау
!. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қай жылы алды?
3.Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығы?
4.Біз қандай елміз?
III. Жаңа сабақ
Қ. Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов (1911 - 1955)
“Ұлы тұлға”
Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген.
1955 жылы 17 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды. Қасым жастайынан жетім
қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда бастауыш білім алған.
Бұдан соң Семейдегі мал дәрігерлік техникумын бітірген. Кейіннен Пушкин атындағы
Орал педагогикалық институтында оқып, білім алған. Тұңғыш өлеңі Орал қаласынан
шыққан «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған
шығармаларды қазақ тіліне аударатын аудармашыда болған.
Ұлы Отан Соғысына қатысып, жаудан елін қорғаған жауынгер. Оның бірнеше поэмалары
мен өлеңдер жинағы бар.
Сөзжұмбақ шешу
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.
Кең далалы кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
1-шумақ. Жеріміздің киелі қасиетті екендігі, балалардың бақыттылығы.
2-шумақ. Даламыздың кеңдігі, халқымыздың еркінділігі, азаттылығы сезіліп тұр.
Сөздік жұмыс
Балқаш – Балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қала.
Қас тағдырдың қиқаңы – қиындықтың ауыртпалығы.
Картадан Қазақстан жерін, Балқаш көлін көрсету
Видео роликке назар аудару
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы айтып өту
Сергіту сәті
Сұрақ-жауап
1.«Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
2. Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы
3.Ақын неге қуанып шаттанады?
Дәптермен жұмыс
5.Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады?
Сабақты қорытындылау.
Ведио ролик көру
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз
Үйге тапсырма: «Қазақстан» өлеңін жаттау
Бағалау