Конспект урока "Көңіл күімізді басқара білейік" 2 класс

2 «е» - 20.09.2016 жыл
2 «г» - 17.09.2016 жыл
2 «и» - 15.09.2016 жыл
2 «м» - 15.09.2016 жыл
Мектеп: №6
Мұғалім: Кабакова Жайна.
Тақырып: Көңіл күімізді басқара білейік (1 сағат)
Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет.
Қасиеттер: мейірімділік, достық, ақылдылық.
Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: жағымды қарым – қатынастар туралы түсінік
беру;
Дамытушылық: өзін – өзі ұстай білу іскерліктерін
дамыту;
Тәрбиелік: ұстамдылыққа, сабырлылыққа, ризащылдыққа
тәрбиелеу;
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
Оқулық, дәптер,
А4 форматты
қағаздармен
түрлі – түсті
карандаштар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. «Амандасу» тренингі
Оқушылар бір бірлерімен мұғалімнің амандасу ережесі
арқылы амандасады (мысалы: арқамен, баспен, қолмен,
аяқпен, тіземен, құлақпен, иықпен, т.б.).
Сабақ барысын
талдау.
Оқушылардың
зейінін сабаққа
аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы
оқушылардан
сұралады.
Әңгімелесу.
- Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай
ұстайсыңдар?
- Адамдардың көңіл - күйі сендерге қалай әсер етеді?
Оқушылар
сұрақтар
бойынша өз
ойларын
білдіреді.
Мәтінмен жұмыс
Бос қайық
Бір данышпан өз оқушыларына былай дейді:
Мәтінді
оқушыларға
оқыту арқылы
түсіндіріп беру.
- Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі
серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа
бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.
Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең
ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе
жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға
булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен
ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен.
Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз
ашуыммен бетпе - бет жалғыз қалдым. Оны көрген сәттен
бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос
қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге
ренжіп, ашу - ыза қыса бастаса, өзімнен - өзім күлемін де:
"Бұл да бос қайық!" деп, сабама түсемін.
Шығармашылық жұмыс және топпен
жұмыс
Менің көңіл күйім...
Оқушыларға бос шеңберлер таратылады. Оқушылар
шеңберлерге өздірінің көңіл күйін сипаттап көрсетеді.
Оқушылар
өздерінің көңіл
күйлеріне
сипаттама
береді.
Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат"
Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып
отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.
Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін
елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші
құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана
табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесің.
Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдің, ол
жаныңа қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйің су
сепкендей басылды. Осы кезде сенің айналаңа өмірдегі ең
жақын жандарың келіп, біз біріксек қандай қиыншылық
болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сен
жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздың. Бәрінің көңіл -
күйлері өте тамаша. Сенде табиғат анаға қамқорлық
жасағаның үшін, өз - өзіңе ризасың. Осылайша сен әсем
Оқушылар
ыңғайланып
отырады.
табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңмен тату әрі әдемі
ғұмыр кешіп жатырсың.
Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік.
Рахмет!
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырмаларды
орындау. Ребус шешу арқылы мақалды табу.
Оқушылар
тапсырмаларды
орындайды.
Дәптердегі
тапсырмаларды
орындған соң
тексеріледі.
Жаңа ақпарат
Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты
болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар,
қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.
Оқушылар жаңа
ақпаратпен
танысады.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы өлең шумақтарын жаттау.
Үй
тапсырмаларын
күнделіктеріне
жазып алады.
Қорытынды: - Балалар, көңілді, қуанышты, адамның жүзі
де әдемі. Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне тартпайды.
Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді
ақылмен іштей жеңіп, көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің
адамдарға, айналаға, деген сүйіспеншілігімізді оятады
және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.