Классный час "Етістіктің шақтары" 4 класс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қараағаш жалпы білім беру мектебі
Қазақ тілі пәнінен сабақ үлгісі
Тақырыбы: Етістіктің шақтары
Бастауыш сынып мұғалімі Шухаманова Рашиля Кенжибайқызы
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды етістіктің шақ категориясы туралы түсінік беру; жаттығуларды орындай отырып
етістіктердің қандай мезгілдік ұғымда жұмсалып тұрғанын анықтау; олардың үш жақта ( осы шақ,
өткен шақ келер шақ) айтылатынын түсіндіру.
2. Өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ИБТ, тест тапсырмалары, карточкалар.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды мынадай ұранмен бастайық:
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы,
Қолды 5 – ке жеткізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Қайталау.
- Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? ( Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгепуін етістіктің жіктелуі
деп атайды).
- Қандай түрлері бар? ( жекеше, көпше).
- Жұмбақ шешу: Адасып сенен қалмайды, қараңғыға бармайды. (көлеңке).
IV. Жаңа сабақ
2) Мотивация:
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер. Олар не істеді?
( кірді, отырды).
- Біз не істедік? ( сәлемдестік )
- Дұрыс. Дәл қазір мұғалімдер не істеп отыр? ( тыңдап отыр, қарап отыр).
- Сабақ біткесін мұғалімдер не істейді? ( кетеді, рахметін айтады, мадақтайды).
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз неге арналады? ( етістікке ).
- Дұрыс балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің шақтары.
- Мақсатымыз: етістіктің шақтарымен танысу, оларды жаттығулар орындау кезінде ажырата
аламыз.
3) Тақтамен жұмыс.
Сөйлемдерді оқып, етістіктерді тап. Оларға сұрақ қой.
Ажар сабақ оқып отыр. Асхат малға жем беріп жүр. Балалар көлге барды. Олар коньки тепті.
Ғани мектепке барады. Ол түстен кейін оқиды.
Проблемалық ситуация тудыру:
Етістіктердің қандай айырмашылығы бар?
Осы етістіктер іс-әрекеттің қандай уақытын білдіріп тұр?( осы уақыт, өткен уақыт, болатын
уақыт ).
Осыған орай етістіктің үш шағы бар екен. Солармен бүгін танысамыз.
Ассоциация жасау
ЕТІСТІК
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
4). Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық.
Шеңбер құрып алайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары – төмен қарайық
Орнымызды табайық.
(етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айту).
5) . Іске асыру, қолдану.
Топпен жұмыс (3 топ) 116 бет, 1 жаттығу.
Сұрақ: Етістіктер қай шақта түр?.
6) Тақтада жұмыс.
3 жаттығу . Қайт, кел сөздерін үш шақта жазу.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
қайтып келеді қайтты, қайтып кетті қайтады
келе жатыр келді, келіп кетті келеді
7). Шығармашылық жұмыс
Өлеңді оқып, етістіктерді үш шақта өзгертіп жазыңдар:
Шаңғы, шана сайла,
Конькиіңді байла.
Думандатып ойна.
Қыс қызығына тойма.
8) Тест тапсырмалары.
1. Етістіктердің сұрақтарын белгіле:
а/ Қандай? Кімдер?
ә/ Не істеді? Қайтті?
б/ Нешеу? Қайтты?
в/ Қанша? Не қылды?
2. Осы шақ етістіктерін тап:
а/ жүгірді
ә/ отырды
б/ оқыды
в/ келе жатыр.
3. Келер шақ етістіктер қатарын анықта:
а/ бардым, айтасың, келесің.
ә/ барамын, айтасын, келді.
б/ барады, айтады, келесің.
в/ барды, айтты, келеді.
4. Өткен шақтағы етістікті тап:
а/ отыр
ә/ ойнады
б/ келеді
в/ жылады
5. Іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін қалай атайды?
а/ етістіктің септелуі
ә/ етістіктің шақтары
б/ етістіктің түрлері
в/ етістіктің көптелуі
V.Сабақты қорыту. Рефлексия.
Сөйледік, оқыдық, дәптерге жазу түсірдік.
Бүгінгі сабақта не үйреніп, түсінді?
1. Үй жұмысы 4 жаттығу.
2. Бағалау
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Презентация "Её величество - Вежливость"
- Классный час "Её величество Вежливость"
- Конспект внеклассного занятия "Его имя носит город"
- Разработка воспитательного часа "Духовное здоровье семьи и личности"
- Мероприятие "Друзья - помощники Мойдодыра"
- Экологическая музыкальная сказка "Новые приключения Миши и Маши"