Конспект "Қос сөз" 4 класс

Қызықты грамматика (таңдау пәні)
Мерзімі: 07.02.2019_ Сыныбы: 4 «Б»
Пән мұғалімі: Нұрманова К
Сабақтың тақырыбы: Қос сөз
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнен ішінен бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі
сөздің қосарлануы арқылы қос сөздерді табу. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Өткенді еске түсіру:
1) Сыныпты топқа бөлу. (1-2-3 сандары арқылы.)
2) Сөзжұмбақ шешу. (5 мин)
1.Кіммен? немен?Кімдермен ?Нелермен? сұрақтарына жауап беретін қай септік?
(көмектес)
2. Тыныс белгі. (нүкте)
3. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.(жұрнақ)
4.Сөз табының бірі. (Одағай)
5.20 мен 4-ттің көбейтіндісі. (сексен)
6. Дала жануары. (елік)
7.Қасқыр терісінен жасалған тон. (ішік)
8. ... –адамның арқауы. (ас)
9. Көрші отырып бірін-бірі көрмейтін нәрсе. (көз)
10. Әрі зат есім , әрі етістік мағынасында қолданатын сан есім (жүз )Жүзі жылы.Суға жүз.
Ерекше тор көзден «Күрделі сөз» деген сөз шықты
3)Ережесін айту.( 3 мин)
Күрделі сөз түрлері: Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз.
ІІІ. Жаңа сабақ: Қос сөз
І топ: Қос сөз
ІІ топ: Қайталама қос сөз
ІІІ топ: Қосарлама қос сөз
4)1 тапсырма: Терме диктант.(3 мин)
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт
жұлт, бүгін- ертең, теміржол, алабұға.
5)2-тапсырма: (5 мин) І топқа: Сурет бойынша әңгіме. (Ішінде қос сөзі болсын)
ІІ топқа: Жұмбақ ойлау қос сөзге.
1.Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)
2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)
ІІІ топқа: Қос сөзі бар мақал –мәтел айту.
Көре-көре көсем боларсың,
Сөйлей – сөйлей шешен боларсың.
Жүре –жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Алтын- күміс тас екен,
Арпа- бидай ас екен.
6) 3-тапсырма: (3 мин) Тест тапсырмалары.(Ай мектеп)
7) 4- тапсырма: (5 мин) Сәйкестендіру. (екінші сыңырын сызықпен қосу)
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
Алыс бидай сарт шай жып шашым
арпа жақын, ағайын тәтті жора төмен
жоғары жетпіс қант туған жауын ұят
алпыс төмен тату сұрт ар жылы.
8) 5- тапсырма: (5 мин) Суретке қарап, заттардың атауын қос сөзбен айт. Сөйлем құрап
жаз.
құрал – саймандар ыдыс – аяқтар газет-журналдар
9) 6-тапсырма:
Семантикалық картаны толтыру
Жасалу
жолдары
Мысалдар
Бір сөздің
қайталануынан
жасалған
Бірінші сыңары
күшейткіш буын
арқылы жасалған
Екі түрлі сөздің
қосарлануынан
жасалған
Айқыш-ұйқыш
Жап-жасыл
Жауа- жауа
Көре-көре
Әке-шеше
Тау-тас
Сарт-сұрт
Тып-тыныш
ІҮ. Сабақты пысықтау