Конспект урока "Интернационалист-жауынгерлер" 11 класс

«Интернационалист-жауынгерлер» атты кеш
Кештің мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына
20жыл толған айтулы күнді атап өту.Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы
мағлұматтар беру. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы
жайында кеңінен мәлімет алу.Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.
Өтетін орны:мектептің акт залы
Көрнекілігі:слайдтар,бейнесюжеттер,кітап көрмесі,сахнаның
безендірілуі
Түрі:кездесу кеші
Пәнаралық байланыс:тарих,Қазақстан тарихы.музыка
Кештің жүру барысы:
1-жүргізуші 1978жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс
болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің тек өз
ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуыменде ұзаққа
созылды.
2-жүргізуші.1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті
Ауғанстанға кіріп 10жылға жуық соғыс жүргізді.Оған 22мың
Қазақстандық қатысты.Соғыс аяқталғанына биылғы жылы 15ақпанда
20жыл толды.
1-жүргізуші.Құрметті кеш қонақтары,мектеп мұғалімдері,оқушылар
Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 20 жыл толуына
байланысты «Интернационалист-жауынгерлер» атты кездесу кешін
бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші.Баяндама.»Қажетсіз соғыстың қасіреті».Алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімі Медеуов Қуандық.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты
аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің өз ішінде ғана емес,оған
сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және
оның айналасындағылардың шиеленісті жағдайлардың өршуіне
байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер
түсе бастады.Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер:КСРО-ның
Ауғандағы және төтенше және өкілетті елшісі А.М.Пузанов,лейтенант
Л.Н.Горелов арқылы берілді.Ауғандық өкімет басшылары өз елінің
ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге
тырысты.1979 жылы маусымда Орта Азия республикасының түпкілікті
ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім
қабылданды.Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы
Түркістан және Орта Азия округтерінің,мұсылман ұлты өкілінен,әсіресе
барлаушылар,атқыштар,танкішілер бөлімшелерінен таңдалып
алынып,шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап
болды.Батальон тек қана жаңа техникамен және қару жарақпен
жасақталынды.Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан
тұрды.Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид
Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды.Ол Ташкент маңындағы
Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскер қалашыққа
жайғасты.Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс
тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне,қару
жарақтың бәр түрінен ату,бетпе бет айқасу,жүгіру,мина істерін игеруге
дайындалды.Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз
өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады,ал кеңестік
өкілдер болса ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза
отырып,Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады.Ал бұлай хабарлама
жіберіп отыру,кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанда
Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды.Сол
жылдағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша КСРО
басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын
білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға
тап болды.Мұсылмандық батальон 10-12қарашада Ташкент,Шыршық
әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына
түсірілді.Барлық офицерлермен,солдаттарға ауғандық әскери киімдер
кигізді.1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов
Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып,оған саяси бюро
Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім
қабылдағанын айтып 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын
берді.Соңғы шешім 16 желтоқсан күні 12-де шағын ғана кеңес
басшыларының тобымен шешілді.16 желтоқсанда 40-шы Армия
құрылып,оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты
тағайындады.40-шы армияның далалық басқармасын толық
жауынгерлік әрекетке келтіріп,Түркістан әскери округінен атқыштар
және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс
қимылына тағайындау тапсырылды.Барлық 100-ге жуық бірлестіктер
ұрысқа бағытталды.Әскерді жасақтау үшін резервтен 50мың аға
офицерлер,сержанттар шақырылды.Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға
жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді.24 желтоқсан күні
бірінші жазбаша құжат пайда болды.Оған КСРО Қорғаныс министрі
Қ.М Устинов бас штаб Огарковтың қолы қойылды.Онда»Орталық
Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауған үкіметінің соңғы
өтініші дұрыс деп танылды.Кеңес әскерлерін енгізу,оларды елдің
оңтүстігіне орналастыру,Ауған демократиялық республикасына достық
ниеттегі,Ауған халқына интернационалдық көмек көрсету
мақсатында,сонымен қатар кейбір мемлекеттер тарапынан
антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай
жасау үшін шешім қабылданды»деп айтылды.1979 жылы 25
желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО қорғаныс
министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу
басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы
орындаймыз да кетеміз деді. Ал бірақ тағы үш жылдам астам уақытқа
созылатынын олар білмеді.Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес
басшыларының өрескел болды. Бұл әрекет дүние жүзінде Кеңес
Одағына деген сенімді әрекет,сөйтіп қырғи қабақ соғыстың жаңа
толқынын туғызды.Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан
астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты,35 мың адам
жараланды.Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом
шығын әкелді.Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде
шек жоқ.1979 жылы 25 желтоқсанда басталып,110 айға созылған
соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты.Оның 780-і соғыста құрбан
болды,22-сі із түссіз жоғалды.Қаза тапқандар түгелімен дерлік
Қазақстанға әкелініп жерленді.Қырық жыл қырғын болса да ажалды
өледі деген сөзді растамасқа болмайды.Отан үшін отқа түс кен
боздақтардың өздері жоқ болса да,рухтары қасымызда мәңгі
бірге,ұмытпайық!Олар ерлік жасады,бірақ кім үшін? Бұл оқиғалар
сөзсіз ерлікпен,қайсарлықтан туған.Ауған соғысына Арқат ауылынан
7адам қатысты.Олар : 1.Темірханов Мағауия
2.Қасымжанов Мәдениет
3.Бармақов Талант
4.Ғарифуллин Сейфолла
5.Каримов Айдар
6.Жұманбаев Асқар
7.Мұсағалиев Қайрат
Б.Момышұлы айтқандай:»Отан үшін отқа түс-
күймейсің»,»Айбындылық аспаннан түспейді»,»Анадан ешкім батыр
болып тумайды».Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Қазақ
баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.Ауған соғысының
ардагерлерін құрметтейік ағайын!
1.Құттықтау сөз мектеп директоры Б.Тілеубайға беріледі.
2.Әдеби-монтаж. Оқитындар «Ой-сана» орталығының мүшелері.
Жетекшісі:мектеп кітапханашысы Қабдиқызы Айман.
1-оқушы. Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдап жау тиіп,
Бейбіт күнде басталған.
Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болсам көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
2-оқушы. Алысып қас дұшпанмен қасарысқан
Адалдықпен от кешті жас арыстан
Лайық бүгін жылдар жылжып өткен дағы
Жауынгерлер бар құрметпен алғысқа.
3-оқушы. Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,
Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,
Қарайды аға батыр айналаға,
Бойынан лапылдайды жігер қайрат.
Келеді қос жанары отша жанып,
Ағалардың ерлігіне елі қанық.
Есімі ешқашанда ұмытылмайтын.
Тарихта аңыз болып қалары анық.
4-оқушы. Біліммен қашанда жақсы өлмесін
Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі елім.
Әркімнің көкірегінен көрем ылғи
Ауғанның батырының жас бейнесін
Ант етті осы сәтте күнге батқан.
Ант етті тау суына сыңғыр қаққан,
Ессіз жау сырттан бағып келе жатты
Отанын ,елін жерін бәрін сақтап.
5-оқушы. Еркіндікті аңсап өткен ер елім,
Меніңде бар әлі саған берерім
Ел боламыз ынтымақты бірлікті,
Болашаққа ойым таза сенемін.
Өзгелермен терезесі теңескен
. Өтіп кетті талай асу белестер.
Биіктерден әрқашанда көрініп,
Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.
3.Ауған жеріне жіберілген Кеңес әскерлерінің денін Ортаазиялық және
Қазақстандықтар құрағаны белгілі.Қажетсіз соғыстың қасіретін көрген
бүгінгі кешіміздің қонақтарымен танысайық.
4.Темірханов Мағауия Серіккәрімұлы 1959 жылы 9тамызда Арқат
ауылында дүниеге келген.1979 жылы 4қаңтардан 1980 жылғы 5мамырға
дейін Ауған жерінде азаматтық борышын өтеп,елге аман-есен оралған
соң ,ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосты.Ауылымызда зоотехник
болып жұмыс істеді.1981 жылы 27 тамызда Гүлбаран апаймен отау
құрды. Ұлағатты әке,отбасының тірегі болды.1988 жылы ауыр
науқастан қайтыс болды. Жары Гүлбаран апай Семей қаласында
тұрады.Ұлы Ғабит Алматыда,қызы Қаламқас Семейде тұрады.Гүлбаран
апай Дильназ атты немересін тәрбиелеп отырған апалардың
бірі.Мағауия ағаның хатынан үзінді.
5.Сәлеметсіздер
ме?Аға,тәте,Аманғайша,Нағимаш,Қарлығаш,Самат,Алпысбай,Сәбит
қалдарың қалай,туыстарым ше. Ауылда жаңалық көп шығар,бізбен
оқығандар армиядан келіп жатқан шығар.Менің қалым
жақсы.Ауғанстандамын ,бұрын хатқа жазғызбайтын.Мені қай уақытта
босататыны белгісіз.Үміткеннен,Саматтан,Ержанның хаттарын
алдым.Егер мен аман болсам майдаң 15-16-на таман барып
қалармын.Хат жазбай-ақ қойыңдар.Бұл жақта күн ыстық,қысты
көргеміз жоқ.Хош сау болыңдар!
Сәлеммен Мағау.1979 жыл 25 сәуір
6. Мағау аға Ауғанстаннан қайтқаннан кейін Болат жолдасының хаты.
Сәлем хат.Сәлем Мағауия қалың қалай,денмаулығың ше қандай
жаңалық өзгерістер бар.Ал бізден амандақ білмек болсаң,ақырындап
қалған службаны өткеріп жатырмыз.Бізде жағдай бұрынғыдай тауға
барып келдік,көп бала өлді.1 ротадан 80 баладан 30 бала
қалдық.Бекен,Ерлан,Мансурлар саған сәлем айтып жатыр.Жиі хат
жаз,фотаңды сал,қыздардың адресін жазып жібер.Хош сау бол сәлеммен
Болатбек деп білерсің.
2 маусым 1980 жыл
7. Мағау ағаның жолдасы Гүлбаран апайдың тілегіне назар аударайық.
8. Сол бір қажетсіз соғыста Қазақстанның күнәсіз қаншама адамының
өмірі қиылды.
9. Сол кезде алланың қолдауымен тірі қалғандар жыл сайын Ауған
жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күнін қалың қабағындағы
қайғысымен,жалындаған жастығының қасіретімен еске алды.Ауған
ардагерлері,жерлесіміз Серіккәрімұлы Мағауияға бір минуттық үнсіздік
жариялаймыз.
10. Бір минуттық үнсіздік. (Қайғылы музыка).
11. Кештің келесі қонағы ауған ардагері,Абай аудандық қоғаныс
бөлімінің бастығы Нұржауов Бауыржан мырзаны ортаға
шақырайық.
12. Ән «Қазақ жігіттері» орындайтындар 10 сынып ұлдары.
13. Кешіміздің келесі қонағы ауған ардагерлері Қасымжанов Мәдениет
Өртқалиұлы.1960 жылы 7 қарашада дүниеге келген.1980 жылы
әскер
қатарына шақырылды.1980-1982 жылдары Ауғанның Пулихумри
жерінде азаматтық борышын өтеп,елге аман –есен оралды.Әскер
қатарынан келген соң машина- трактор паркінде меңгеруші болып
жұмыс істеді.1984 жылы Баян апай екеуі отау құрды.Мәдениет аға
жанұяда үлгілі әке,мәуелі бәйтерек.Үлкені Сьезбек М.Төлебаев
атындағы колледжде жұмыс істейді.Қызы Тоты Семей көпсалалы
колледжінің студенті.Назерке осы мектептің үлгілі оқушысы.Кеш
қонағы Мәдениет Өртқалиұлын ортаға шақырамыз.
14. Келесі ән кеш қонағына арналады.Ән «Бұлқынды жүрек».
Орындайтын 3 сынып оқушысы Зейноллаұлы Нұржан.
15. Кешіміздің келесі қонағы ауған ардагері Каримов Айдар.1962 жылы
28 сәуірде Арқат ауылында дүниеге келген.1980 жылы маусым
айында азаматтық борышын өтеу үшін Ауғанстанға аттанды.1982
жылы әскери міндетін абыроймен атқарды.Ұзақ жылдар Семей
қаласындағы ішкі істер басқармасында жедел іздестіру бөлімінің
бастығы болып қызмет істеді.1984 жылы Алма апаймен отау құрды.
Отбасында үш бала тәрбиелеп отырған өнегелі әке,қазір
казкомерцбанктің күзет бөлімінің бастығы.
16. Ауған ардагерлеріне осы музыкалық номер арналады.Түрік биі,
орындайтындар 11 сынып қыздары.
17. Ауған ардагері Ғарифоллин Сейфолла Бизатоллаұлы.1963 жылы
13 ақпанда Арқат ауылында дүниеге келген.1981-1983 жылдары
Ауғанның Герат жерінде өзінің азаматтық борышын абыроймен
атқарып елге оралды.1986 жылы Гүлзайрамен отау құрып,қазір
2 баланың әкесі.Сейфолла аға қазір Павлодар облысының Ақсу
қаласында тұрады.
18. Келесі ән Ауған ардагерлерінің аналарына арналады. «Ана
туралы жыр» Орындайтын Жаппарова Әйгерім.
19. Кешіміздің қонағы ауған ардагері Жұманбаев Асқар
Сайлаубайұлы.
1966 жылы 4 мамырда Арқат ауылында туған.1984 жылы әскер
қатарына алынып,Ауған жерінде азаматтық борышын өтеп,1986
жылы елге оралды.Ауылымызға оралғаннан кейін механизатор,
тракторист болып жұмыс атқарды.1988 жылы Гүлсая апаймен
отау құрып,4 бала өмірге әкелген әкелердің бірі.Альмира мен
Нұржан
арнаулы оқу орындарының студенті.
20. Кештің конағы Асқар Сайлаубайұлына осы ән арналады.Ән
«Жанарыма», орындайтын ауған ардагері Қасымжанов
Мәдениет
ағаның қызы Назерке.
21. Кеш қонағы Мұсағалиев Қайрат Аманғалиұлы.Арқат ауылында
1968
жылы 1 қаңтарда туған.1986-1988 жылдары Ауған жерінде
азаматтық борышын өтеді.Ауылымызға оралғаннан кейін
совхозда
жүргізуші болып жұмыс жасады.Қазіргі уақытта Семей
қаласында
тұрады.Жары Айгүл екеуі Тілек атты ұлдарын тәрбиелеуде.
22. Келесі би,кеш қонағы Аманғалиұлы Қайратқа
арналады.Шығыс биі
9 сынып қыздары.
23. Құттықтау сөз. Ауыл әкімі Ардақ Аманғалиұлына беріледі.
24. Енді осы атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап,сол бір
жылдарды көзімен көрген Арқаттық ауған соғысының
ардагерлерін
әңгімеге тартайық.
25. Еркін микрофон жұмыс жасайды.Сұрақ қоям деушілерге рұқсат.
26. Сұрақ қою
27. Кеште қойылған сұрақтар.
1. Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
2. Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума –
туыстарыңыз білді ме?
3. Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай
екенін
байқадыңыз?
4. Бұл сұм соғысқа аттандыңызба?
5. Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде
шындыққа жанасатындары бар ма?
6. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге
оралмады?
7. Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін
жүргізді ме?Әлде қару беріп жібере салды ма?
8. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз.
Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп
отыр?
9.Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.Соғыс
кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?
10.Жауынгерлік борышта Пулихумри қаласымен
байланыс қалай болды?Үй ішіңізбен жиі
хабарластыңыз ба?
28.Кештен естелік сыйлықтар тапсыру.Жерлес жазушылардың
кітаптарын естелік ретінде ұсыну.
29.Құрметті:
Сізді Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 20
жыл толуына байланысты мерекеңізбен құттықтаймыз.Сізді Отан
алдында
борышын адал атқарған абзал азамат,өз елінің патриот жауынгері
ретінде жоғары бағалаймыз.Сізге мықты денсаулық.ұзақ
ғұмыр,отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
Мерекелік кештен
Арқат ауылы
С.Бекбосынов атындағы орта мектебі
30. Қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен номинациялар
тағайындалды. Төс белгі тағу.
«Кіші көрермен»-Мағауиянова Дильназ
«Үлкен көрермен»-Қасымжанова Қазиза
«Үздік ұйымдастырушы»-Медеуов Қуандық
«Ұтымды сұрақ»-Қайроллаев Әсет
«Үздік әнші»-Зейноллаұлы Нұржан
«Сыйлы қонақ»-Нұржауов Бауыржан
«Құрметті қонақ»-Ауған ардагерлері
31. Ән «Атамекен»орындаушы алғашқы әскери дайындық пәнінің
мұғалімі Медеуов Қуандық.
32. Соңы:Ерлік-елдің туы.Ер қуаты- қару болса,ел- қуаты
батырлары,
сақадай сарбаздары мен сардарлары.Халық қашанда қаһарман
ұлдарын пана тұтқан.
33. Отан үшін күрес,ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығы қайда
жүрсек те,қашанда жүрек дәптерінде,сана сахнасында сақтаулы
жүрсе,қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды
ұмытпас.Ауған
қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп,рух жасампаздығымен
жаңартайық.
34. Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы№ 1 2007 жыл
Ертіс өңірі 4 ақпан 2009 жыл
Егемен Қазақстан 28 қаңтар 2009 жыл
Сақшы №5 5 ақпан 2009 жыл
Жүнісова Әсел тарих пәнінің мұғалімі
Қабдиқызы Айман мектеп кітапханашысы
С.Бекбосынов атындағы орта мектеп
Арқат ауылы
Абай ауданы
ШҚО