Конспект урока "Сұраныс – мәліметтер қорына қолжетімділік"
«БЕКІТЕМІН»
ОІЖ директорының орынбасары
______________ Бисалиева Ж.Е.
«____» _________ 20___ жыл
Күнделікті сабақ жоспары
Өтетін күні: _22.02.18___
Тобы: _5k___
Пәні: _КТБҚ__
Тақырыбы:
Сұраныс – мәліметтер қорына қолжетімділік
қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімдерін және білік дағдыларын бақылау және бекіту;
Кәсіби дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту;
Берілген тапсырмаларды орындауда шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәртіптілікке, уақытты үнемді жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, СТО технологиясы, Ойлан-тап, Оқушымен жеке
жұмыстану, Оқытушының рөлі
Пәнаралық байланыс: Математика
Қолданылған әдебиеттер: Информатика Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов, 2015
Сабақтың оқу-әдістемелік құралдары мен көрнекілігі:
Монитор, проектор, презентация, Kanoot және Plickers веб-қосымшалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару,
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға
түседі» Абай Құнанбаевтың қанатты сөзімен бастаймын.
Оқушылардың іс - әрекеттері
Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады. Қанатты сөзді талқылайды
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қорытынды тақырып болғансоң, өткен тақырыптар бойынша әр түрлі әдістермен
сұрайтын боламын.
ІІІ. Қорытынды сабақ
«Ойлан-тап» әдісі бойынша сабақ сұраймын.
Әрі қарай бүгінгі сабағымда, менің көмекшілерім бар олар өздеріне берілген өткен
тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, өздері сұрақтарға жауап береді.
Абилсейт:
Мен сіздерден «Мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру» тақырыбында
сұрайтын боламын.
КЕСТЕЛЕР БАЙЛАНЫСЫНЫҢ НЕШЕ ТҮРІ БАР? ......қандай қандай?
БІРГЕ-БІР БАЙЛАНЫСЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
БІРГЕ-КӨП, КӨРКЕ-КӨП БАЙЛАНЫСЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ НЕДЕ?
Қай кестелер бір-бірімен байланысқанда Бірге-бір байланысы болады?
Жақсы, іс жүзінде осы кестелерді кім байланыстырып көрсетеді?
(Кестелерді байланыстыру үшін, Работа с базами данных мәзіріне барып, арнайы
лентасынан Схема данных дегенді шертеміз. Бұл кезде схема данных терезесіне керекті
кестелерімізді қосамызда, қалай байланыстыру тәртібін көрсетеміз. Сол кезде бізге
изменение связи сұхбат терезесі шығады, содан байланыстың түрін көрсету үшін
Обеспечение целостности данных дегеннің галочкасын қойып создать бұйрығын
орындаймыз. Сол кезде біздің кестелеріміз байланысады. Және оны мына кестелерге
барып мынадай анықтама көре аламыз.)
Бұл қандай байланыс түріне жатады? Неге?
Себебі, Студент кестесінде зачетка номері бір рет қана жазыладыда, оған
кілт қойылады. Ал, Экзамен кестесінде ол студент бірнеше рет емтихан тапсыруы
мүмкін сондықтан оған кілт қойылмайды.
Бұл кестелер көпке-көп байланысы. Неге және бұндағы қай кесте екі кестемен
байланысады?
Алина:
Сұраныс құрудың неше жолы бар? Қандай қандай? .....Олардың бір-
бірінен айырмашылығы неде? Шеберде іріктеуге сұранысты
құрады......ал, Конструкторда сұраныстарды іріктеп құрып қана
қоймайды оларды өзгертеді
Бірнеше байланыспаған кестеге сұраныс құрылу мүмкін бе?
Қандай жағдайда сұранысты құру үшін Шеберді қолдану
жеткілікті? Конструкторды қашан қолдану керек?
(жаңа айтып өткендей шебер көмегімен керекті көрсеткіштерді көру
үшін қолдану жеткілікті, ал конструкторде сол іріктелген
көрсеткіштерге өзгерістер енгізгенде керек.)
Мынау бізде Склад мәліметтер қоры дайын, бұнда товардың түрі
көрсеткіші бойынша мәліметтер көрсетіліп тұр. Осыдан бізге тек USB-
клавиатураны таңдап алу қажет. Кім тақтаға шығып көрсетеді. Бұнда бізге
керек көрсеткіштер: Поставщик, Закупочная цена, Отпускная цена, Вид
товара керек.
Келесі, сұраныста бізге 2018 жылдың 1 қаңтары мен 22 ақпаны аралықта
түскен товарларды анықтау керек. Дата поступление, Наименование
товара, вид товара, фирма производителя көрсеткіштерін таңдаңыз.
(Between 01.01.2018 And 22.02.2018)
Бұл сұраныста қай товарға сұраныс бар екенін көрсету қажет. Фирма
производителя, Наименование товара, спрос на товар (да)
Сонғы сұраныс, бұнда товарды сатып алу бағасы 2000 нан кішілерді
табу керек. Наименование товара,Вид товара, Фирма производителя,
Закупочная цена (<20000)
Аймурат:
IV.Сабақты бекіту сұрақтары:
Kahoot веб-қосымшасы арқылы тест жұмысы
https://create.kahoot.it/l/#user/251f9b49-6ff2-4231-9ade-5e37c5e6dbda/kahoots/created
V. Үйге тапсырма беру
Бір мәлімет қорын құрап, оған он жазба еңгізіп 5 түрлі сұраныс құрып келіңіз.
VІ .Бағалау:
Көмекшілерім арнайы хаттама бойынша бағалайды
«Ойлан-тап»
«Оқытушы рөлі»
«Жек жұмыс»
үлестірмелі тапсырмалар
«Тест жұмысы»
VІІ. Рефлексия
Plickers веб-қосымшасы арқылы
https://www.plickers.com/liveview