Конспект урока "Орал физикалық - географиялық аймағы" 8 класс

Бекітемін...................................2018ж
Пән: География
Пән мұғалімі: Надирбекова Эльмира
Сынып 8 А сынып
Күні: 12.03.2018ж
Сабақ № 51
Сабақтың тақырыбы:Орал физикалық-географиялық аймағы
Сабақ мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға Орал физикалық-географиялық аймағы туралы түсінік бере отырып, аймақтың
ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар мен бастау алатын өзендер туралы білім беру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және
пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз
бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Қазақстанның физикалық картасы, оқулық.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
IІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сарыарқа физикалық-географиялық аймағы тақырыбы бойынша сұрақтар:
ІІІ. Жаңа сабақ
Жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан территориясынан кездестіруге болады. Ұзақ уақыт геологиялық
тарихи дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері қалыптасқан.
Жер бедерінің пішіндері
Ойпаттар мен жазықтар
Үстірттер мен қыраттар
Аласа және биік таулар
Ойпаттар мен жазықтар
Каспий маңы ойпаты
Батыс Сібір жазығы
Тұран ойпаты
Үстірттер мен қыраттар
Үстірт
Торғай
үстірті
Орал алды
(Жем) үстірті
Жалпы сырт
қыраты
Балқаш маңы
жазығы
Аласа таулар
Сарыарқа
Ақсораң (1565 м)
Мұғалжар
Үлкен Боқтыбай (657)
Маңқыстау таулары
Бесшоқы (556м)
Оқушылар физгеографиялық аудандастыру дегеніміз не?
ФГА дегеніміз –аймақтың геологиялық құрылымы, тектоникалық құрылысы, тектоникалық қозғалыстардың
жүру үрдісі бірдей, климат типі мен ауа райы алып келетін циркуляциялық және радиациялық режимі ортақ,
өзіне тән гидротермикалық режимі тән территория. Оның негізін Н.С.Гваздетский қалаған.
Қазақстан жері климатына, жер бедерімен, геоглогиялық құрылысы ерекшелігіне байланысты 9
физгеографиялық аймаққа жіктеледі:
1. Шығыс Еуропа жазығы
2. Солтүстік Қазақ жазығы
3. Тұран жазығы
4. Сарыарқа
5. Орал
6. Алтай
7. Жетісу Алатауы
8. Сауыр-Тарбағатай
9. Тянь-Шань
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Орал тауына физгеографиялық аймағы.
І. Орал тауына физгеографиялық сипаттама
Орал аймағы туралы ең алғашқы мәліметтер б.з.б 5 ғ. Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегіне енгізген. Орыс
ғалымдары Жайық өзенін, Орал, Жалпы Сырт қыраты, Жем, Еділ өзендерін зерттеген.
1.1. Географиялық орны
Орал тауы Еуропа мен Азияны бөліп тұрған шекара. Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар
тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла
орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай
(657 м), Айрық (633 м).
1.2.Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Оқушылар еске ала кетсек Орал тауы ескі таулардың қатарына жататынын 6 сыныпта өттіңдер. Яғни ол
миллиондаған жыл бұрын пайда болып, уақыт өткен сайын оның шыңдары мұжілім, аласараған, көп жерлері
тегістеліп, аласа төбелерге айналған.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы
шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді.
Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы
өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде
нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас
шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен.
1.3. Пайдалы қазбалары
Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде
Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Қ.Сәтпаев мұнай кен
орнын Орал-Ембі ашқан.
Орал-Ембі өзен аралығында геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде Мартыши (1962),
Оңтүстік Батыс Қамысты (1962), Жаңаталап (1964), Гран және Октябрьское (1969) жаңа кен орындары
ашылды.
1.4. Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау
жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның
орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа
дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
1.5. Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты
болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі.
Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі.
Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында
терек, қайың, емен, тал өседі. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса,
шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән
аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі,
сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
Орал алдыем) үстірті - Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын
қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек,
Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Мұғалжар тауы - Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400
км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Ақтолағай қырқасы - Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке
қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен
жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Жайық өзені –Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.Атырау қаласы
тұсында Каспий теңізіне құяды. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Жем(Ембі) Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712
км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс
беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып
қалады. Негізінен қар суымен толығады
Қайнар Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан тауының солт.
етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Суы ащы. Кей жылдары өзен
суы тартылып қалады.
Ойыл Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен
ағады.Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол
станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше
тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды (ертеде Жайық өзеніне құйған). Жер асты, жауын-
шашын суымен толығады.
Елек, Елік Жайық алабындағы өзен. Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк ауд-ндары), Батыс
Қазақстан (Бөрлі ауд.) обл-тары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұз. 623 км. Жайыққа
сол жағынан құяды. Қар және жерасты суымен толығады.
Ор Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы
314 км, су жиналатын алабы 18600 км2. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер
асты суымен толысады. Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына,
мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.
Сергіту сәті.
Мақал- мәтел жалғастырыңыз.
1.Бұлақ көрсең көзін аш.
2.Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
3.Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер.
4.Көп түкірсең, көл болар.
5. 5. Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас
6.Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.
Картамен жұмыс.
Сарыарқа
Мұғалжар
Тұран
Сырдария
Ойыл
Жем
Ертіс
Жайық
Үлкен Боқтыбай
Ақтөбе
Каспий маңы ойпаты
Жайық-Жем үстірті
Байғанин
Сағыз
Елек
Ырғыз
Ор
Каспий
IV. Қорыту мен бекіту сұрақтары
Венн диограммасы
Сарыарқа
Ұқсастығы
Мұғалжар
1. Орал тауының Қазақстандық бөлігі қалай аталады?
2. Орал тауының топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі қандай?
3. Орал тауының негізгі климаты
4. Таудан бастау алатын өзендер мен олардың маңызы.
Тест тапсырмалары арқылы.
«Таным таразысы»
1.Сарыарқаның биік нүктесі?
А.Бесшоқы Ә.Ұлытау Б.Ақсораң
2. Сарыарқаның басты өзендері
А.Ойыл,Ырғыз Ә. Есіл,Нұра Б. Ертіс,Бұқтырма
3. Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан үстірт.
А. Торғай Ә. Үстірт Б. Бетпақдала
4. Сарыарқаның негізгі пайдалы қазбалары
А. Мұнай,газ Ә. Темір,мыс Б. Никель, хром
5.Сарыарқаның ең биік тауы
А. Қызыларай Ә. Шыңғыстау Б. Баянауыл
6.Мұғалжар тауының ең биік нүктесі.
А. Үлкен боқтыбай. Ә. Ақсоран. Б. Шыңғыстау
7.Мұғалжар тауының ұзындығы.
А. 650. Ә. 450. Б. 540.
8.Мұғалжардан бастау алатын өзен.
А. Сарысу. Ә. Есіл. Б. Ырғыз.
9.Мұғалжар тауы неше жотаға бөлінеді.
А. 3 Ә. 5 Б. 2
10.Мұғалжар тауы осы металға бай.
А. Никель. Ә. Қорғасын. Б. Вольфрам.
11.Мұғалжарда жауын-шашынның орташа мөлшері неше мм?
А. 500 Ә. 300 Б. 600
12.Біршоғыр бойында қандай пайдалы қазбаның кені бар?
А. Мұнай. Ә. Алтын. Б. Көмір.
13.Мұғалжарда топырақтың қандай түрі басым?
А. Қара топырақ Ә. Қара қоңыр. Б. Сұр қоңыр топырақ
14.Мұғалжардың қай беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылады?
А. Батыс. Ә. Шығыс. Б. Оңтүстік
15.Мұғалжарда неше табиғат зонасы кездеседі?
А. 4 Ә. 2 Б. 3
Жауаптары:
1.Б
2.Ә
3.А.
4.Ә
5.А.
6.А.
7.Ә
8.Б.
9.Б.
10.А.
11.Ә.
12.Б.
13.Ә.
14.А.
15.Б
V. Үй тамсырмасы
Орал физгеографиялық аймағы.
1. Контур картаға Орал физгеографиялық аймағы мен одан бастау алатын өзендерді түсіру
2. Қазақстанның физикалық географиясына арналған жұмыс дәптерді толтыру.
Оқушыларды бағалау
.
Бекітемін...................................2018ж
Пән: География
Пән мұғалімі: Надирбекова Эльмира
Сынып 6 А сынып; 6 Ә сынып
Күні: 6 А -12.03.2018ж; - 13.03.2018ж
Сабақ № 51
Сабақтың тақырыбы: «Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері»
Сабақтың тақырыбы: Климат құрушы факторлар. Жергілікті жер климатының қалыптасу себептері.
Сабақтың мақсаты: Жергілікті жердің климатымен таныстыру. Алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге
қалыптастыру. Ауа райын бақылай білу.Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту
Сабақтың міндеті: Климат қалыптастырушы факторлармен танысу.Жергілікті жер климатын білу, ауа райын
бақылауды меңгеру,шартты белгілермен танысу.
Күтілетін нәтиже: Климат қалыптастырушы факторлар мен жергілікті жер климатын меңгереді. Шартты
белгілерді біледі.Ауа температурасын анықтайды.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой шақыру», Венн диаграммасы, топпен жұмыс, Ауа температурасын
анықтау, Білгенге маржан, эссе жазу, ТВ шоу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Д.ж картасы, слайд, шартты белгілер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер болып тұрып,
климатқа байланысты термин сөздер айтады. Шарты белгілер арқылы топқа бөлу.Ашық аспан, шық, бұршақ,
болып 3 топқа бөлінеді. Шартты белгілермен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау «Ой шақыру»
1.Ауа райы дегеніміз не?
2.Климат деген не? Климаттың географиялық ендікпен қандай байланысы бар? 3.Климатқа мұхиттар мен
теңіздердің әсері неден байқалады? 5. Ауа массасы деген не? Ауа массаларының қандай түрлері бар?
6. Континенттік климат пен теңіздік климаттың айырмасы неде?
7. Ауа мен тіршілік иесі арасындағы байланыс туралы не айтасың?
8. Ауа райын қалай болжайды? 9. Ауа райын зерттеу не үшін қажет? 10.Алдағы ашық, жазда ыстық, қыста
аязды, ауа райының белгілері 11.Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер
«Венн диаграммасы»
Жаңа сабақты меңгеру
Климаттың қалыптасу себептері: Географиялық ендікке байланысты, географиялық орнына байланысты, жер
бедеріне байланысты, ауа массаларының әсері.
Ордабасы ауданы климаты. Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсер етеді. Олар
арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары. Арктикалық ау массалары солтүстік мұзды мұхит үстінде
және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Атлант мұхитынан қоңыржай ауа массссы,
материктің орта ендіктерінде қалыптасады. Тропиктік ауа массасы Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан
келеді. Қысы қысқа, жазы ұзақ,ыстық және аңызақты болып келеді.Қаңтарда жылдық орташа температура -
30, -50 с, шілдеде 260-280с болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-350мм. Желдің басым
бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Желдің әсерінен жазда
ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп, ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық
кезең қалыптасады. Шұбарсу ауылының географиялық координатасы с.е 420 360, ш.б 690 210.Теңіз
деңгейіне 315м биіктікте орналасқан.Ауаны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп
отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің
«метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа
қысымының құбылысы. Қазіргі кезде Жер шарына 10 мыңнан астам метеорологиялық станция бар.Д.ж
метеоролог мамандар бірыңғай Гренвич уақытымен бақылау жүргізеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл
шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.
Жергілікті жердің тәуліктік,айлық, жылдық орташа ауа температурасын анықтау. 1-де +20, 6-да -10, 13-те
100, 18-де +150. Тәуліктік орташа температураны есептеу.Қаңтар айының тәуліктік орташа температуралар
жиынтығы -180градус болды делік.Сонда айлық орташа температура қанша?
I II III VI V VI VII VIII IX X XI XII
-6 -5 -4 8 12 19 26 20 8 6 -5 -5
Мына кесте бойынша орташа жылдық температураны есепте.
«Білгенге маржан»Дәптермен жұмыс.(жазып алады)
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуық болды.
Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.
Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.
Топтық тапсырма
1.топ Эссе жазу «Ауа тіршілік көзі»
2. топ Бір шумақ өлең
3. топ Ассосация құру «Климат»
Апталық ауа райы болжамы. «ТВ шоу»
Сабақты қорытындылау.
- Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан, климаты қандай?
- Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?
- Ауа температурасын немен өлшейді?
- Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?
-Жауын-шашынды қандай құралмен өлшейді? Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құрал?
Үйге тапсырма Оңтүстік Қазақстан климаты тақырыбында шығарма жазу.Жергілікті жерді зерттеу.