Открытый урок "Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері" 9 класс

Қарақоға орта мектебі
Ашық сабақ: «Құрақ туралы жалпы
түсінік.Құрақ түрлері.»
9
а
сынып
Технология пәнінің мұғалімі:
Исина Г.Б.
2015-2016 оқу жылы
Тақырып : Құрақ туралы жалпы түсінік. Құрақ түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет- ғұрпын, салт-
дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу;
Дамытушылық: оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой- өрісін,
өзіндік іс- әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге деген
қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін
ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, әдебиет, бейнелеу, сызу, өзін-өзі
тану.
Көрнекілігі және керекті құрал- жабдықтар: қатты қағаз, үлгілер, сызғыш,
ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық
минуты өткізіледі. «Жүректен- жүрекке» біріне- бірі жылы лебіз білдіреді,
тілек айтады.
2. «Кім көп біледі?» Үй тапсырмасын сұрау.
1.белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?
(қынамалы, кең етекті, бірнеше сыналы)
2.Белдемше қандай киім түріне жатады? (әмбебап)
3.Белдемше тігуге арналған құрал- жабдықтар? (тігін машинасы, үтік және
үтік тақтайшасы, қайшы, сызғыш,бор немесе құрақ сабын, жіптер)
4. Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер? (белдің жарты орамы,
мықынның жарты орамы, арқанынң белге дейінгі ұзындығы, бұйым
ұзындығы)
5.Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр? (тас
ғасыры)
6.Белдемшені тігуге қолданылатын матаның бір түрі? (драп).
3. Жаңа сабақ.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері
және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі
қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты
шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан
өне апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар.
Екі түрлі матаны бір- бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана
құрақ шығады. Құрақ құрау өнері XV-XVI ғасырда дамыған.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл
саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1.Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату)
2.Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып,
қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әр түрлі: қазақ тілінде құрақ құрау өнері- «құрақ»,
орыс тілінде құрақ құрау өнері- «лоскутное шитье» немесе мозаика, жапон
тілінде құрақ құрау өнері- «сашико», ағылшын тілінде құрақ құрау-
«пэчворк» және «квилт» деп атайды.
Құрақ, оның түрлері туралы беру.
Құрақ құрау халқымыздың үй- тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа
ұласқан ұлттық өнері. Құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданған.
Құрақ құрау мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен
сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже- әпкелеріміз күнделікті үй- тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалуына қарай, шай құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға
салатын «төрт көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз
ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді атасына, енесіне арналып, құрақ көрпе,
көрпешелер жасауын дайындалған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән- мағынасы бар. Ертеде апа- әжелеріміз
құрақ құрай отырып, қызына, немересіне арналған құрақты : «Отан болып
құралып кетсін, өсіп-өнсін» деген тілекпен жасаған.
Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады.
Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш,
параллеглограмм.
Құрақ түрлерін бес топқа бөлеміз:
1.Геометриялық
2.Зооморфты
3.Өсімдік тектес
4.Тұрмыстық
5.Ғарыштық
- Құрақтың мынадай түрлері бар:
-Аққу,сегіз жапырақ, шахмат, гүлқұрақ,тырнақатар, оюлар, ши құрақ т.б.
Құрақты қандай бұйымдарда қолданыламыз?
1.Майлық
2.дастарқан
3.Қолғап
4.Көрпе
6.Қазан ұстағыш
7.Жастық тысы
8.Сәндік сөмке
Құрақты қалай, қай жерде қолданылуға болады?
1. жапырақ, сегіз жапырақ құрақтар- қонақ бөлмелерде қолданылады
2. Гүл жапырақ салынған құрақ- жас жұбайларға дайындалады.
3. Ши құрақтар көбіне төсекке қолданылады.
4. Аққу- жас жұбайлардың шымылдығында, қыздың төсек жапқышында
және шымылдықтың тұсына ілінетін тұскиіз өңірінде қолданылады.
Құрақ құрауды жобалау:
1. Жасауға қажетті материалдар жеткілікті
2. Жасауы көркем
3. Материалдар қымбат емес тез табылады
4. Еңбек шығыны да көп емес
5. Бұйым мөлшері жас ерекшеліктеріне сай
6. Экономикалық шығыны көп
7. Сапасы төзімді
8. Әдемі дизайн
Сарамандық жұмысқа кіріспе бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін
еске аламыз.
Қауіпсіздік ережесі:
-Инені киімге қыстыруға болмайды
-Иненің жібін тіспен үзуге болмайды
-Инені жіпсіз тастауға болмайды
-Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме
-Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды
-Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет
-Үтікті арнайы тұтқасынан ұста
-Инені ине қадағышқа шаншы
-Қайшыны ашық тастама
Құрақ технологиясы:
1.Өрнек сызбасын қағаз бетіне түсіру
2.Түс таңдап бояу
3.Геометриялық пішінде үлгі қағаз дайындау
4. матаны үлгі қағаз мөлшерімен қию
5.Төртбұрыш, үшбұрыштарды қиғанда тігіске тігу
6.Өрнек бойынша бөлшектерді рет- ретімен тігу
Сарамандық жұмыс:
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.
1.Әр оқушы өз қалауымызша құрақ үлгісін жасаймыз
2.Үлгіні түрлі түсті қағазға түсіріп қиямыз
3.Түрлі- түсті қағаздан дайын болған құрағымызды картонға жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Қ
Ұ
Р
А
Қ
1.Жас жұбайлардың шымылдығында қолданылады (аққу)
2.Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата (жұлдызша)
3.Еуропа халқында құрақ қалай аталады (пэчворк)
4. Жапон халқында құрақ қалай аталады (сашико)
5.Гүлдің атына байланысты құрақ атауы(қызғалдақ)
Сабақты бекіту
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға түсіріп,
көктеу.