Конспект урока "НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚТЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУ" 9 класс

Орал «Сервис» технологиялық колледжі
Бекітемін:
Оқу ісінің орынбасары
__________Джумалиева К.К
«___»___________2015 ж
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
«НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚТЫҢ
ТУЫНДЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУ»
Дайындаған: Китарова Ж.Қ
арнаулы пән оқытушысы
Орал қаласы
2015
САБАҚ ЖОСПАРЫ ________________
Сабақ бағдарламасы: Тұздықтар
Сабақ тақырыбы: Негізгі қызыл тұздықтың туындыларын дайындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Негізгі қызыл тұздықтың туындылары, құрамы, дайындау технологиясы,
пайдаланылуы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге
бағыттау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, техникалық жетістіктерге
қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлттық тәрбиеге, құрмет көрсетуге, мамандыққа
бағдарлау, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзіндік және өзара көмек көрсетуге,
жауапкершілікке, белсенділікке, іскерлікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, альбомдар, сұлбалар, технологиялық нұсқау
карталары, карточкалар, мультимедиялық құрылғы.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру бөлімі: 1-2 мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тұздық дегеніміз не? (тағамды дайындау процесінде және дайын тағамды ұсыну
кезінде оның дәмі мен хош иісін арттыру үшін пайдаланатын тағамның құрамды бөлігі).
2. Тұздықтар қалай жіктеледі? (ұсыну температурасы, сұйықтық негізі, түсі,
консистенциясы, дайындау технологиясы).
3. Тұздық дайындау үшін қандай сорпалар қажет? (ақ және қоңыр сорпа).
4. Қандай ұн шала қуырмаларын білесіңдер? (ақ, қызыл, салқын ұн шала
қуырмалары және маймен және майсыз). Ұнды не үшін шала қуырады? (жабысқақтығын
төмендету үшін). Тұздық дайындау үшін қандай ұн пайдаланылады? (жоғары және І
сұрыптан төмен емес бидай ұны).
5. Негізгі қызыл тұздық дайындау үшін не қажет? (қоңыр сорпа, қызыл ұн шала
қуырмасы, шала қуырылған көкөністер мен томат езбесі, дәмдеуіштер, маргарин).
6. Тақтада сурет бойынша кім қоңыр сорпа дайындап береді? Ет сөлі дегеніміз не?
7. Қызыл ұн шала қуырмасын дайындау технологиясы?
8. Көкөністер мен томат езбесін шала қуыру? Шала қуыру дегеніміз не?
9. Негізгі қызыл тұздықты дайындау технологиясы? Дәмі қандай болуы қажет,
қандай тағамдарға ұснылады? (дәмі - өткір, қуырылған ет тағамдарына).
10. Туынды дегеніміз не? (негізгі тұздыққа басқа бір өнімдер қосып, тағамның
дәмін, түсін, иісін өзгерту).
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары мен пәнаралық байланыс жасау:
Сонымен,
- Тұздық дегеніміз не? (тағамды дайындау процесінде және дайын тағамды ұсыну
кезінде оның дәмі мен хош иісін арттыру үшін пайдаланатын тағамның құрамды бөлігі).
- Туынды дегеніміз не? (негізгі қызыл тұздыққа басқа бір өнімдер қосып, тағамның
дәмін, түсін, иісін өзгерту).
III. Жаңа сабақты баяндау:
Негізгі қызыл тұздықтың туындыларын дайындау
762. Пияз тұздығы (миронтон)
Басты пиязды ұсақтап турап, шала қуырады. Хош иісін арттыру үшін оған сірке
суын, лавр жапырағын, қара түйір бұрыш қосып, 5-7 минут қайнатады. Дайын болған
пияздан түйір қара бұрыш пен лавр жапырағын алып тастайды. Үстіне дайын қызыл
тұздықты құйып, 10-15 минут баяу отта пісіреді. Дайын тұздыққа тұз, қант қосып
қайнауға келтіреді де, маргаринмен қатықтайды.
Тұздық еттен дайындалған котлетке, биточкаға, картоптан дайындалған котлетке,
пісірмеге, орамаға ұсынылады және етті қақтап пісіруге пайдаланады.
764. Қыша қосылған пияз тұздығы
Дайын пияз тұздығына асханалық құышаны қосып араластырады да, маргаринмен
қатықтайды. Қышаны қайнатуға болмайды, себебі ұйып қалады.
Тұздықты шабылған ет тағамдарына, қуырылған шұжыққа, сосиска мен сарделькаларға,
піскен субөнімдерге қосып береді.
763. Пияз және қияр қосылған қызыл тұздық
Ұсақ туралған пиязды шала қуырып, сірке суын, қара түйір бұрыш қосып, 5-7 минут
қайнатады. Үстіне дайын қызыл тұздықты құйып, 10-15 минут баяу отта пісіреді. Оған
бөктірілген қиярды (қабығынан, дәндерінен тазартылған), тұз, қант қосып қайнауға
келтіреді де, маргаринмен қатықтайды.
Тұздық сүбеге, лангетке, котлетке, биточкаға және тағы басқа қуырылған ет
тағамдарына ұсынылады.
776. Қышқылтым - тәтті қызыл тұздық
Қара өрікті және мейізді іріктейді. Қара өріктің сүйегін алып тастайды. Жемістерді
жуып, суға салып ісіндіруге қояды.
Әзірленген жемістерге су немесе сорпа құйып, лавр жапырағын, түйір қара бұрыш
қосып, 10-15 минут баяу отта пісіреді. Содан кейін дәмдеуіштерді алып тастайды.
Жемістерді піспе суымен бірге негізгі қызыл тұздыққа құйып, сірке суын, қант қосып,
қайнауға келтіреді. Тұздықты қызыл шарап және грек жаңғағын қосып дайындауға да
болады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Миронтон:
А) Маринад
В) Полякша
С) Майонез
Д) Пияз тұздығы
Е) Голландық
Қақтап пісірілген сиыр етін... тұздығымен береді?
A) Томат тұздығы
B) Негізгі қызыл тұздық
C) Пияз қосылған қаймақ тұздығы
D) Жұмыртқа қосылған ақ тұздық
E) Пияз тұздығымен
Қызыл негізгі тұздықтың туындысын табыңыз:
А) Сүт қосылған тұздық
В) Томат тұздығы
С) Қыша қосылған пияз тұздық
Д) Кептірілген нан ұнтағы қосылған тұздық
Е) Саңырауқұлақ тұздығы
Қыша қосылған пияз тұздығын береді:
А) Қайнатылған тілге
В) Қайнатылған түсті қырыққабатқа
С) Қайнатылған қой етіне
Д) Қуырылған шұжыққа
Е) Қайнатылған тауық етіне
Пияз және қияр қосылған қызыл тұздық береді:
А) Піскен тауық етіне
В) Піскен шұжыққа
С) «Лангет» тағамына
Д) Бифштекске
Е) Піскен қой етіне
Тұздық құрамына кіретін өнімдерді белгілеңдер.
Өнімдер
Тұздықтар
Пияз
тұздығы
Пияз және
қияр
қосылған
қызыл
тұздық
Қыша
қосылған
пияз
тұздығы
Қышқылтым-
тәтті
қызыл
тұздық
Негізгі қызыл тұздық
+
+
+
+
Басты пияз
+
+
+
Тұз
+
+
+
+
Қызыл шарап
+
Шомыр өрік (чернослив),
мейіз (изюм)
+
Түйір қара бұрыш
+
+
+
+
Жаңғақтар
+
Асханалық қыша
+
Лавр жапырағы
+
+
+
+
Маргарин
+
Тұздалған қияр
+
Қант
+
+
Сірке суы
+
+
+
+
Тұздық құрамына кіретін өнімдерді белгілеңдер.
Өнімдер
Тұздықтар
Пияз
тұздығы
Пияз және
қияр
қосылған
қызыл
тұздық
Қыша
қосылған
пияз
тұздығы
Қышқылтым-
тәтті
қызыл
тұздық
Негізгі қызыл тұздық
Басты пияз
Тұз
Қызыл шарап
Шомыр өрік (чернослив),
мейіз (изюм)
Түйір қара бұрыш
Жаңғақтар
Асханалық қыша
Лавр жапырағы
Маргарин
Тұздалған қияр
Қант
Сірке суы
Тақырып бойынша тест сұрақтары:
Тұздық дегеніміз:
А) Негізгі тамақ
В) Тамаққа қосымша
С) Гарнир
Д) Дәмтатым
Е) Гарнирге қосымша
Ыстық тұздықты ... береді:
А) Ыстық және суыған тағамдарға
В) Ыстық тағамдарға
С) Суытылған тағамдарға
Д) Суыған тағамдарға
Е) Маринадтарға
Салқын тұздықтарды ұсыну температурасы:
А) 10-12
о
С
В) 14
о
С
С)
20
о
С
Д)
5
о
С
Е)
15
о
С
Негізгі тұздықтарға қою консистенцияны ... келтіреді:
А) Агар
В) Пассервіленген көкөністер
С) Крахмал
Д) Ұн
Е) Үгілген көкөністер
Ұнмен дайындалған тұздықты ... береді:
А) Ыстық күйінде
В) Суық күйінде
С) Жылы күйінде
Д) Мұздатылған күйінде
Е) Әр түрлі
Әр түрлі азық қосылып жасалған тұздық атауын табыңыз:
А) Қосымша
В) Негізгі
С) Аралас
Д) Туынды
Е) Көмекші
Тұздыққа арналған ұнды алдын ала шала қуырады:
А) Жабысқақтығын арттыру үшін
В) Дәмін келтіру үшін
С) Түсін өзгерту үшін
Д) Алдын-ал пассервілемейді
Е) Жабысқақтығын төмендету үшін
Ұнды шала қуыру процесінде ұнды қуыру температурасын табыңыз:
А) 160-180
0
С
В) 80-90
0
С
С) 50-60
0
С
Д) 120-150
0
С
Е) 100
0
С
Құрғақ шала қуырылған ұнды сорпада езу алдында салқындатады:
A) Дәмін жақсарту үшін
B) Ұнның құрамындағы желімше мөлшерін төмендету үшін
C) Жылдам езілуі үшін
D) Ұн түйіршіктері болмау үшін
E) Тұтқырлығын сақтау үшін
Шала қуырылған майлы ұнды сорпада езу температурасын табыңыз:
А) 20-30
0
С
В) 80-90
0
С
С) 50-60
0
С
Д) 100-110
0
С
Е) 5-10
0
С
Салқын ұн қуырмасын дайындау үшін ұнды ... дейін қыздырады:
А) 20-30
0
С
В) 80-90
0
С
С) 40-50
0
С
Д) Мүлде қыздырмайды
Е) 50-70
0
С
14. Қызыл негізгі тұздық үшін дайындалатын сорпа түрін табыңыз:
А) Қоңыр
В) Саңырауқұлақ қайнатпа суы
С) Етті
Д) Сүйекті
Е) Етті-сүйекті
15. Сақтаған кезде қабыршақ болмау үшін тұздықтарға ... қосады:
А) Қаймақ
В) Ұн
С) Кілегей
Д) Сірке суын
Е) Маргарин
16. Ұн қосылған тұздық бетіне сары май салады:
А) Ұзақ уақыт ашып кетпес үшін
В) Қоймалжыңдығын сақтау үшін
С) Құрамындағы экстрактивтік заттарды сақтау үшін
Д) Тұздық бетінде жұқа қабат пайда болмау үшін
Е) Тұздық сарғаймас үшін
17. Қызыл тұздықтың дәмі:
А) Бейтарап
В) Өткір
С) Тәтті
Д) Қышқыл
Е) Нәзік
Миронтон:
А) Маринад
В) Полякша
С) Майонез
Д) Пияз тұздығы
Е) Голландық
Қақтап пісірілген сиыр етін... тұздығымен береді:
A) Томат тұздығы
B) Негізгі қызыл тұздық
C) Пияз қосылған қаймақ тұздығы
D) Жұмыртқа қосылған ақ тұздық
E) Пияз тұздығымен
Қызыл негізгі тұздықтың туындысын табыңыз:
А) Сүт қосылған тұздық
В) Томат тұздығы
С) Қыша қосылған пияз тұздық
Д) Кептірілген нан ұнтағы қосылған тұздық
Е) Саңырауқұлақ тұздығы
Қыша қосылған пияз тұздығын ... береді:
А) Қайнатылған тілге
В) Қайнатылған түсті қырыққабатқа
С) Қайнатылған қой етіне
Д) Қуырылған шұжыққа
Е) Қайнатылған тауық етіне
Пияз және қияр қосылған қызыл тұздықты ... береді:
А) Піскен тауық етіне
В) Піскен шұжыққа
С) «Лангет» тағамына
Д) Бифштекске
Е) Піскен қой етіне
V. Үй тапсырмасы: Негізгі қызыл тұздықтың туындыларын дайындау
Пайдаланылған әдебиеттер:
Аспаздық Г. Е. Бесімбаева
Е. Б. Бесімбаев
Кулинария Н. А. Анфимова
Альбом плакатов по кулинарии В. И. Ермакова
Оқытушы: Китарова Жанипа Қанатқызы
№ 759 н/е № 760
нег. қыз. тұздық
Сірке суы
Түйір қара бұрыш
,
лавр жапырағы
Асханалық
маргарин
Мех/қ-ас/қ
өңдеу
Шала қуыру
Қосып, 5-7 мин.
қайнату
Үстіне құйып, 10-
15 мин. пісіру
Маргаринмен
қатықтау
Ұсыну
Піскен, қуырылған ет тағамдарына ұсынады, с.с. ет
тағамдарын қақтап пісіруге пайдаланылады.
762. Пияз тұздығын дайындау сұлбасы
№ 759 н/е № 760
нег. қыз. тұздық
Сірке суы
Асханалық
маргарин
Мех/қ-ас/қ
өңдеу
Шала қуыру
Қосып, 5-7 мин.
қайнату
Үстіне құйып,
10-15 мин. пісіру
Маргаринмен
қатықтау
Ұсыну
Тұздықты піскен, қуырылған ет тағамдарына
және шабылған ет бұйымдарына ұсынады.
пайдаланылады.
763. Пияз және қияр қосылған қызыл тұздық
«Оңтүстік»
тұздығы
Маринадталған
н/е
тұздалған қияр
1. ТҰЗДЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
2. ТҰЗДЫҚТАР ҚАЛАЙ ЖІКТЕЛЕДІ?
3. ТҰЗДЫҚ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚАНДАЙ СОРПАЛАР
ҚАЖЕТ?
4. ҚАНДАЙ ҰН ШАЛА ҚУЫРМАЛАРЫН БІЛЕСІҢДЕР?
ҰНДЫ НЕ ҮШІН ШАЛА ҚУЫРАДЫ? ТҰЗДЫҚ ДАЙЫНДАУ
ҮШІН ҚАНДАЙ ҰН ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ?
5. НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚ ДАЙЫНДАУ ҮШІН НЕ
ҚАЖЕТ?
6. ТАҚТАДА СУРЕТ БОЙЫНША КІМ ҚОҢЫР СОРПА
ДАЙЫНДАП БЕРЕДІ? ЕТ СӨЛІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
7. ҚЫЗЫЛ ҰН ШАЛА ҚУЫРМАСЫН ДАЙЫНДАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ?
8. КӨКӨНІСТЕР МЕН ТОМАТ ЕЗБЕСІН ШАЛА ҚУЫРУ?
ШАЛА ҚУЫРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
9. НЕГІЗГІ ҚЫЗЫЛ ТҰЗДЫҚТЫ ДАЙЫНДАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ? ДӘМІ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ҚАЖЕТ, ҚАНДАЙ
ТАҒАМДАРҒА ҰСНЫЛАДЫ?
10. ТУЫНДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?