Конспект урока "Гравюралау" 9 класс

«Қарақоға орта мектбі»КММ
Мағжан Жұмабаев ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ашық сабақтың тақырыбы:
Ағаш пен металды көркемдеп өңдеу. Гравюралау
11
а
сынып
Технология пәнінің мұғалімі: Исин А.М.
2016-2017 оқу жылы
Ашық сабақтың тақырыбы: Ағаш пен металды көркемдеп өңдеу.
Гравюралау
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға ағашты,металды көркемдеп
өңдеу әдістерін меңгерту,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру және дамыту.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың икемділігін,іскерлігін,шеберлігін
қалыптастырып,ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың оқыту әдісі: әңгімелесу және өз бетімен жұмыс істеу
Көрнекілік: ағаш,металл дайындамалары, қажетті кескіш құрал-саймандар,
мыс сым,сым орайтын құрал, пинцет, қауіпсіздік ережелері,слайдтар.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі-1 мин
ақушыларды түгелдеу
II.Үй тапсырмасын тексеру -2 мин
Үйге мен шығармашылық жұмыс ретінде гравюралаудың шыққан тарихы
туралы және қажетті аспаптар туралы слайдтар жасауға бергем.
(балалар слайдтарды дайындағанша басқалары сұрақтарға жауап береді,
сұрақтарды қағазға жазып тақтаға ілеміз допты лақтырып сұрақты таңдап
аласыздар)
1.Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлерін ата
(ағаш өңдеудің төрт түрлі техникалық әдісі бар: кескіндеп ою,бедер және
алдын ала сызылған сурет бойынша фонда өрнек салу)
2.Шебер дегеніміз кім? (шебер дегеніміз қолмен неше түрлі бұйымдарды
жасайтын адам)
3.Металдар неше топқа бөлінеді?(металдар қара және түсті болып бөлінеді)
Слайдтарға назар аударайық
- Жақсы рахмет
сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын қорытындылау
1.Гравюралау дегеніміз не?
-гравюралау дегеніміз ағаш пен металл бетін бедерлеп ою
2. Гравюрлеу деген сөз қайдан шыққан?
-гравюрлеу француздың grawer, «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан
3. Гравюралаудың қандай түрлерін білесіздер?
- гравюралаудың түрлері өте көп олар сәндік-қолданбалы технологиясында
гравюралау өнерінде металды өңдеудің екі түрі бар: жазықты- қуыстап
ою , жұқа металдың бетіне әртүрлі сурет салып кескіш аспаппен
терендіктер жасалады; екінші түрі айшықты бедерлі ою, суреттің фонын
өңдейді осы тәсілмен мүсіндік ою да жасалады.
Бүгін біз металл мен ағаш бетін көркемдеп өңдейміз «Гравюралау»
техникасын меңгереміз.
Қосымша мәлімет (мұғалім) Дәптерлеріңізді ашып бүгінгі тақырыпты
жазыңыздар.
Металға жасалған гравюра «офорт» деп аталады, ағашқа жасалған гравюра
«ксилография» деп аталады.
III. Сарамандық жұмыс –фрагмент көрсету
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып,
ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
-Ал енді техника қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.
жұмысқа дейін
1.Жұмыс киімді ки, жұмысқа қажетті құрал-саймандарды түгендеп,мұқият
тексер, жұмыс орнынды саймандарды ережеге сай орналастыр, жұмыс
орнында артық ешнәрсе тұрмасын.
жұмыс кезіңде
2.Жарақат алмау үшін саймандарын қайралған және тұтқасы жарылмаған
болсын,жұмыс орнынды таза ұста,құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде
ауыстырып ал,жұмыс барысында алаңдама.
жұмыстан кейін
3.Жасап жатқан бұйымды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр,жұмыс
орнынды жина, қолмен сыпырма, ауызбен үрлеме жоңқаларын.Өзіңді ретке
келтір.Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
-жұмыс реттілігін құру:
1 жұқа қаңылтыр бетін зымпара қағазымен тазалап, арнайы сұйықпен сұрт
2 пульвизатор арқылы боя
3 суретті көшірме қағаз арқылы қаңылтырдың бетіне түсір
4 кескіш аспаппен контурын жүгіз
Қауіпсіздік ережелерді мұқият орында
-жұмыс барысында оқушыларға нұсқау беру
4. Оқушыларды мен баға қою критерии бойынша бағалаймын. (5 бал
алғандарға «5», «4» «3»)-2 мин.
Жұмыстың орындалуы
толық
жартылай
Үй жұмысына
Айдарханов Бахтияр
Ахметов Азат
Амангельдинов Бахтияр
Маликов Сабит
Нагуманов Дамир
Рысов Даурен
Садвокасов Жастілек
Сапарғалиев Бауыржан
Сабаққа қатысқандарына қарап баға қою.
5. Рефлексия жүргізу:сабақтың мақсаты қандай болды?мақсаттарымызға
жеттік па? Жұмыс кезіңде қандай қиындықтар туды?
6.Үйге тапсырма беру: бүгінгі тақырыпқа байланысты сөз жұмбақ кроссворд
жасандар.