Конспект урока "Нұрдәулет Ақышев" скачать бесплатно


Конспект урока "Нұрдәулет Ақышев"


Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет Ақышев
Сабақтың мақсаты: 1) Нұрдәулет Ақышев жайында мәлімет беру,оқушыларды мәтінді
мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2) Өз ойын еркін айтуға үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
3) Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап
Көрнекілік: кеспе қағаздары
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеп алу.
ІІ Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Балалар жазушылары кімдер айтыңдаршы?
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Нұрдәулет Ақышев 1950 жылы 15 маусымда Тарбағатай ауданына қарасты, Маңырақ
селосында туған.Орта мектепті бітіргеннен кейін бір жыл өндірісте жұмыс істеді. Абай
атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1973 жылы бітірген. Совет Армиясы
қатарында болып келген соң, халық ағарту, баспасөз салаларында қызмет етеді.
Көп жылдар «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы редакцияларында әдеби
қызметкер болып істеген. Қазір республикамыздағы «Қазақстан хабаршысы» (бұрынғы
«Халық Кеңесі») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. Бүгінде Н. Ақышев
алты кітаптың авторы. «Жұмбақ іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген
көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1985), «Жатақхана қыздары» (1991)
Н. Ақышевтің шығармаларының қайсысын алсақ та, жастық махаббат, адалдықты ту ғып
көтеріп, зұлымдық атаулыға үзілді-кесілді қарсы шығып, азаматтық борышты терең түсіне
білуге шақырады. Уақыт талабы, сол уақыт талабынан туындайтын күнделікті өмірдегі
ірілі-ұсақты айтыс, тартыстар, проблемалар - Н. Ақышев шығармаларының негізгі арқауы.
Көптеген жазушылар сияқты аналар тақырыбы - Н. Ақышев шығармаларының негізгі
өзегі. Оған «Соңғы сын», «Ақ жаулығы кайда екен» деген жинақтардағы әңгімелері,
«Үндемейтін ұл» повесі мысал бола алады. Повесть - тіршіліктің көшінде тағдырдың
талқысына ұшыраған ауру ана жайында. Ал ұлы Мәзім - сол ананың жолында өзінің
жастығын құрбан еткен адал перзент. Ал оның жары Қалипаш - ақ махаббатын Мәзімге
арнағанымен, оның анасына арнай алмаған, сол үшін отбасынан безген опасыз жан
ретінде суреттеледі. Қайтадан бас құрап ешкімге де ауырған анасын масыл етпеген Мәзім
оны ақырғы сапарға дейін шығарып салады. Біз бұдан ана алдында ақ сүтін ақтаған асыл
азаматты көреміз. Жазушы замандастарымыздың жақсы қасиеттерін адамдық парасатын,
психологиясын қарапайым тілмен жеткізе отырып, өмірдегі нағыз шындықтың бейнесін
сомдаған.
2-тапсырма
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою » әдісі
Мәтінді толық оқып шығады.
Оқығандары бойынша бір – біріне сұрақ қояды және талқылайды.
Кестені толтыр
Ақынның аты-жөні
Туған жылы, жері
Ақынның
шығармалары
Нұрдәулет Ақышев
Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей
Мәтін бойынша сұрақтар дайындау
Мәтіннен тұйық етістіктерді табу
ІІ деңгей
Мәтіннің мазмұнын айту
І деңгей
Бұл ертегінің ерекшелігі қандай деп ойлайсыз?
«Сәйкестендір» ойыны
Мұқан Иманжанов «Болатбек» пьесасы
Бердібек Соқпақбаев «Әсем әлем»
Сұлтан Қалиев «Менің атым -Қожа» повесі
Ескен Елубаев «Кішкентай көрші»
Қастек Баянбаев «Сәлем саған, мектебім»
Сергіту сәті Жылдар сөйлейді
1986 1991 16 желтоқсан 1992 2 наурыз 1993 15 қараша 1995 30 тамыз
1998 2030 жылдарға байланысты оқиғаларды атап өтеді
Қорытынды
Нұрдәулет Ақышев кім?
Шығармаларын атаңдаршы
Семантикалық карта
Зат есім
дара
күрделі
деректі
ой
қуыршақ
оқулық
қиял
бірқазан
итмұрын
дос
Шығармашылық жұмыс.
5 жолды өлең құрау
Үйге тапсырма 3-тапсырма Балалар елін бағындыру ертегісін жазбаша мазмұндау
Бағалау
1-қатар Т әрпінен
басталатын жер-су
аттарын тауып жаз.
2-қатар Ә әрпінен
басталатын адам
аттарын тауып жазу
3-қатар Қ әрпінен
басталатын аң-құс
аттарын тауып жазу