Технологическая карта урока "Кедергілердің арасынан еңбектеп жүру" скачать бесплатно


Технологическая карта урока "Кедергілердің арасынан еңбектеп жүру"


Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі :Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Кедергілердің арасынан еңбектеп жүру.
Мақсаты: Қойылған кедергілерге тимей заттар арасынан еңбектеп өту.
Міндеттері:
Білімділік: Заттар арасынан өткенде ептілікпен, сақтықпен өтуге үйрету.
Дамытушылық: Ептіліктерін,икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа ,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Таспа, үйшік,ойыншықтар.
Қызмет кезеңі.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Д .Қ.Ж
Ж. Д.Ж
Шеңбер бойымен жүріп келіп сапқа
тұру.
Сәлемдесу.
1.Шеңбер бойымен жүру және жүгіру.
2.Екі қол белде, аяқтың ұшымен жүру.
3.Екі қол белде , аяқты алдыға сермеп
жүру.
4.Екі қол артта, өкшені қолдың ұшына
тигізіп жүру.
Екі қол желкеде, тізені сәл бүгіп жүру.
5.Тынысты қалпына келтіру.
Таспамен жасалатын жаттығулар.
I.Бастапқы қалып.
Екі аяқ иық деңгейінде, екі қол белде,
1.Басты оң иыққа тигізу
2. сол иыққа тигізу
3.еңкейіп иекті кеудеге тигізу
4. шалқайып шүйдені арқаға тигізу.
II.Б.Қ.
Екі қолмен таспаның екі ұшынан
ұстап тұру,
Қолды жоғары көтеру
1.Бір аяқты артқа созып шалқаю.
2. Б .қ келу
3.Екінші аяққа ауыстыру.
4.б.қ келу.
III.Б қ
Екі аяқ иық деңгейінде,
таспаны екі қолмен желке тұсына
ұстап тұру
Шең
бер бойымен
жүріп жаттығуды
орындайды.
Балалар
жаттығуды
тәрбиешінің
нұсқауымен
мұқият
орындайды.
5-
Ж:Д.Ж
Н:Қ:Ж.
1. Кеудені оңға бұрамыз.
2-4 бастапқы қалыпқа келу.
3. Кеудені солға бұрмыз.
4.б.қ келу.
IV. Б.қ.
Таспаның екі ұшынан ұстап тұру
қолды жоғары көтеру
1.Белімізді оң жаққа иеміз.
2.б.қ келу.
3.Белімізді сол жаққа иеміз.
4.б қ келу.
V. Б
Таспаны екі ұшынан ұстап тұру,
қолды алдыға созу
1. Оң аяқтың ұшын таспаға тигізу.
2-.қ. келу.
3.таспаны сол аяқтың ұшына тигізу
VI.Б:қ
Таспаның екі ұшынан ұстап тұру
1. Екі қолды жоғары көтеру
2. Екі қолды алдыға созу.
3.Отыру
4. Тұру .
Осы кезде қоянның жылаған дауысы
естіледі.Балалар тыңдайықшы біреу
жылап тұр ма? Бұл кім болды екен
Тәрбиеші есіктен қарап қоянды алып
кіреді
-Қоянжан саған не болды, неге
жылайсың?
Қоян: Мені түлкі үйшігімнен алып
шығып адастырып тастап кетті,
үйшігімді таба алмай жүрмін.Балалар
біз қоянның үйшігін тауып беруге
көмектесеміз бе?
Олай болса қоянжан жылама біз саған
үйшігіңді тауып беруге көмектесеміз.
Қоянның үйшігін қалай тауып берсек
болады балалар.
-Балалар,бүгінгі біздің Н.Қ.Ж
кедергілер арасынан еңбектеп өту,олай
болса үш топқа бөлініп алып қоянның
үйшігін осы кедергілер арасындағы
іздерді шолып қарап көрейік.
Міне қоянжан сенің үйіңді таптық,
5рет
5рет
Иә
Балалар үш топқа
бөлініп
кедергілердің
арасынан
еңбектеп,
қоянның үйшігін
іздейді.
Қозғалмалы
ойын.
Рефлексивтік
түзетушілік.
енді көңілің жайланса біздің
балалармен бір ойын ойнап көңіліңді
көтер.
«Үйсіз қоян»ойын шартымен
балаларды таныстырып ойынды
бастаймыз
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз
сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады? Сабаққа жақсы
қатынасқан балаларды мақтап сабақты
аяқтау
Осымен бүгінгі оқу қызметімізді
аяқтаймыз.
Балалар ойынды
қызығушылықпен
ойнайды.
Балалардың
жауабы.
Күтілетін нәтиже :
Нені біледі: Таспамен жаттығу жасауды.
Нені меңгерді:Кедергілер арасынан еңбектеп жүруді.