Конспект урока "Қарым-қатынас мәдениеті"

«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Жас мамандармен жүргізілетін конспект
«Қарым-қатынас мәдениеті»
Педагог-психолог: Калиева Г.Р.
Петропавл қаласы,
2016-2017 оқу жылы
Мақсаты:
1. Педагогтардың айналасындағы адамдармен, ортамен, өз-өзімен дұрыс
қарым-қатынас қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология
саласынан мағлұмат беру.
2. Қарым-қатынас мәдениетінде маңызды қасиеттерді жинақтап, олардың
маңыздылығын көрсету, бойымызда тәрбиелеу.
3. Педагогтарды практикалық, тренинг, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы
жағдайды талдай алуға, саналы шешім қабылдауға баулу.
Көрнекіліктер: сауалнамалар, жаттығулар.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, тренингке қатысушылар! «Қарым-қатынас мәдениеті» атты
психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер.
Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы обьектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік
ортаға қатынасын білдіретін ұғым. Қарым-қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін
тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет.
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Жалпы көңіл-күй-
адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді табиғат
құбылыстарымен белгілейік (бұлт, жаңбыр, күн)
Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ғана
нәрсе, солай емес пе?! Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал күлімдегенде беттегі 14
бұлшық ет жұмыс істейді екен. Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан
байқайтын бірінші нәрсеңіз.
2. «Напалеонның кейіпі» тапсырмасы
Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс көрсетіледі:
Қолды кеуде тұсына айқастыру;
Ашық алақанмен қолды алға созу;
Түйілген жұдырықты қол көрсету;
Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» командасы бойынша қатысушылар өзіне ұнаған
кейіпті көрсету керек. Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.
Қорытындысы: бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктеріңізді
көрсетеді. Егерде көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда бұл олардың жұмысқа
дайындығын көрсетеді. Жұдырық агрессияны, Напалеон қалыбы - тұйықтық немесе
жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.
3. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы
Әр қатысушыға қасиеттер жиынтығы беріледі. Педагогтар сараптап, қарым-
қатынаста маңызды дегендерін және қарым-қатынасқа кері әсерін тигізетін
қасиеттерді талдайды. Қасиеттер жиыны: ұйымшылдық, мақтаншақтық, көпшілдік,
дөрекілік, төзімділік, мейірімділік, өзімшілдік, досшылдық, бауырмалдық, әзілқойлық,
тәкаппарлық, шынайылық, жанашырлық, сараңдық, т.б.
4. «Қайықпен серуенге шығу» релаксация жаттығуы
Аяқты созып отыру, көзді жұму, денені бос ұстаңыз.
Таңертең, күн шуағын жер бетінде төгіп тұр. Мен қайықпен көл бетінде жүзіп
келемін. Күн өз шуағын айналаға шашып, құстар сайрауда....
Мен барлық денеммен күннің жылуын сезіп келемін. Иығым, қолым, денем,
аяғыма жылу сезіледі. Мен жайлымын, өзіме сенімдімін. Барлық жамандық атауы
меннен кетті.
Көңіл-күйім өте тамаша. Ме өмірге ризамын, өз күлкімді айналадағы адамдарға
сыйлаймын. Мен тіке әдемі жүзі келе жатырмын. Қайықты ескекпен есу маған
ұнайды. Барлығы өте тамаша.
5. Өзін және өзгені тану
Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас,
алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде
жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса -
«2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын
жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен
шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне
сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-
қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі
жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына
ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде
жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте
ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін
саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете
бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне
шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім.
Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық,
эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына
жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы
мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және
қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Өзіміздің мінезімізді білдік, енді ұарым-қатынас жасап тұрған әңгімелесуші
қандай екенін қалай білеміз?! «Кімнің кім екенін қалай түрегеп
тұратынынан, қалай отыратынынан-ақ білуге болады», - дейді мінез-құлық
танушы психолог мамандар. Ол үшін мына мағлұматқа назар аударыңыз
Отырыс-тұрысқа байланысты мінезді анықтаймыз.
Отырғанда...
Тізеңізді бірінің үстіне бірін қоюға «әуес» болсаңыз: Өзіңізге өзіңіз өте
сенімдісіз. Қандай қиындықты да жеңе аламын, маған алдырмайтын, менің
шамам жетпейтін еш нәрсе жоқ деп білесіз. Шынында да жұмыста да, тұрмыс-
тіршілікте де сіз нендей тығырыққа тірелсеңіз де қиналмай шешесіз, бұзып-
жарып қалайда шығатын, бәле-жаланың бәрін артта қалдыратын күш-қайрат,
тескіндік табасыз. Сіздің тағдыр-талайыңызға мақсат-мұратыңызға қол жеткізіп,
жаныңыз жайланып ғұмыр кешу жазылған.
Екі аяғыңызды бір-бірімен орап, матап «тастауға» дағдылансаңыз: Өзіңізге-
өзіңіздің сеніміңіз жоқ, не нәрсені де қолыңыздан келмейтіндей, шама-шарқыңыз
жетпейтіндей көріп, тайсақтап, қорғаншақтайсыз да жүресіз. Бүгін шешетін, бүгін
іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды «жан тыныштықтың» бір жолы
сияқты көресіз. «Ажалдан басқаның бәрі тезірек болғаны жақсы» деген қағида
сізге жүрмейді. Бірдеңелерге қол жеткізгіңіз келсе шираңыз, батылданыңыз,
әйтпесе бәрінен қорқып-үркіп, кежегеңіз кері кете берсе, қамшының сабындай
келте ғұмыр өтеді де шығады.
Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылсаңыз: Мінез-құлқыңыз
өктем, маңайыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүргізіп-тұрғызғыңыз келеді.
Қашанда, қай жер, қай ортада да өзіңіз басшы, өзгелер қосшы болғанын қалайсыз.
Басқалар да бар-ау демей, аяқты жамбасыңыз жер иіскеді дегенше айқастырып,
алдыға «лақтырып тастайтыныңыз» да сол «менен өткін кім бар» деген ішкі
өктем пиғылыңыздың көрінісі. «Алдымен сіз, содан кейін ғана біз» деп өзіңізді
пір тұтатын орта болса, жұртпен тіл табысып, тіршілік ету сіз үшін қиынның
қиыны. Қадір-қасиетіңіз асып, мысыңыз басып тұрмаса, кім «бұл тұрғанда, мен
былай тұрайын» дейді... «Адамның күні – адаммен» болғасын «Аяз би, әліңді біл»
дегенді бірауық еске алған жөн.
Екі тізенің арасын қосып, табаныңызды жерге төсеп отырсаңыз:
Маған кім не істер екен деп үнемі қорғаныста жүретініңіз болмаса, өз
тарапыңыздан бастама көтеруге, ара-тұра болса да әлдебір істің басында, тізгін
ұстап отыруға жоқ адамсыз. Жұрт өзіңізді сабырлы көреді, бірақ сізде одан гөрі
тұйықтық, жасқаншақтық басым. Біреу бетіңізге жел болып тиді дегенше іренжіп,
меселіңіз қайтып, жасып қаласыз. Ешкімге қосылмай саяқ, өзіңізбен өзіңіз
жүретініңіз де содан.
Табанның ұшын қосып, өкшені алшақтатып отыруға әдеттенсеңіз:
Кінәмшіл, шамшыл бірақ батылдыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жансыз.
Сізге қай істе де болады, не болмайды, жақсы, не жаман деп кесімді пікір айтудан
қиын нәрсе жоқ. Көптен танитын біреулеріңіз болмаса, ешқандай ортаға сіңісіп,
біреулермен емен-жарқын араласып-құраласып кете алмайсыз. Ойыңызды да,
бойыңызды да ширақ ұстаңыз, өзіңізге жетпей тұрған сол.
Тұрғанда...
Қос табаныңызды қатар қойып, түзу тұрсаңыз:
Қандай жағдайда да өз қалпыңызды жоғалтпайтын, мінез-құлқыңыз салмақты,
тұрмыс-тірлікке икемді, майлық-сулығыңыз бірдей жансыз. Жолдас-жора, жақын-
жуықтарыңыздың артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайсыз. Бұл
қасиетіңізді үйдегілер де, түздегілер де жоғары бағалайды. Сондықтан да
маңайыңызға ағайын-тума, дос-жараныңыз әрдайым үйіріліп жүреді. Жағыңыз
түспей жамандық көрмейсіз.
Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғыңызды бос ұстасаңыз:
Біреулермен пікір таластыруға бейім, ойдағыңызды кім қалай қарайды деп
кипақтамай ашық айтып тастайтын қызу қандысыз. Көңіліңізге алған, алдыңызға
қойған мақсатыңызға иек артпай тыным таппайсыз. Көпшіліктің көңіл
аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаныңыз сүйеді.
Екі қалтаңызға қол салып, екі аяқтың арасын алшақ қойып, төңірекке
нығыздана көз тастауды ұнатсаңыз:
Алған бетіңізден қайтуыңыз қиын, өзіңізге аса сенімді жансыз. Бірдеңені мақсат
етсеңіз, соны қалайда орындап шығуға тырысасыз. Дегенмен тым бірбеткей,
«өзім білемдіктің» маңайыңызға жұғымды қыла бермейтінін ұмытпаңыз. Үй-
ішіңіздегілермен де, сырттағылармен де қалыпты қарым-қатынас жасағаннан
ұтылмайсыз.
6. «Гүлдер таңдау» жаттығуы
Мақсаты: әр гүлді таңдау арқылы сол гүлдің психологиялық анықтамасын
түсіндіру.
Әрбір қатысушы менің алдымдағы гүлдерден өзіне ұнағанын таңдайды.
Раушан- махаббат символы.
Ақ түсі-құпиялық пен тазалық
Сары түс-қызғану мен қарым-қатынасты сақтап қалуға қадам жасау.
Қызғалдақ- үлкен бақыт пен махабаттың белгісі
Хризонтема-қуаныш, ашықтық, көңілділік және достық.
Жасмин-сезімталдық, тартымдылық
Кактус- батылдылық, төзімділік
7. «Комплимент» тапсырмасы
Нұсқау: Әр қатысушыға қасындағы көршісін мақтап, оған комплимент, яғни
жағымды мақтау сөздерін айтуы керек.
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Сізге жақсы сөз естіген ұнай ма?
- «Жақсы сөз жарым ырыс» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсы сөздерді
айтудан тайынбайық, тартынбайық.
8. Қорытынды:
Рефлексия. Еркін пікір. Тренингке қатысқандары үшін алғыс айту.