Технологическая карта "Жыл мезгілдеріне саяхат"


Ұйымдасқан оқу әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жыл мезгілдеріне саяхат.
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтуға, көргендері мен
аңғарғандарын дұрыс баяндауға төселдіру.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре
білуге, сезінуге тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, ой – өрісін кеңейту сөздік қорын
байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық тұрғыда
дұрыс сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету,
құстарға, ағаштарға, қамқор болуға еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктері: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. Плакат, гүл, аққала,
спорттық ойындардың суреттері.
Әрекет кезеңі
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-
біріне әдемі күлкілерін сыйлайды. Балалар
Бігін күн қандай? Ендеше сол күн сияқты
біз де жадырап, күліп, мына тақпақты
айтайықшы.
Кел,балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Балалар дөңгелене
тұрыады. Сұрақтарға
жауап береді.
Тәрбиешімен бірге
қайталайды.
Мотивациялық-
қозғаушы
Ұйымдастыруш
ылық-ізденіс
Басты кезең.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар
келіп отыр екен. Ал біз соларға
білімдерімізді көрсетуіміз қажет. Ол үшін
біз бүгін саяхатқа шығамыз. Әр түрлі
аялдамаларға тоқтап, тапсырмалр
орындаймыз. Алдымен мен сендерге
сұрақтар қоямын. Сендер асықпай,
ойланып жауап беріңдер.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Кім айтып шығады?
-Жақсы балалар, ендеше біз жыл
мезгілдеріне саяхатымызды бастайық.
Сендер саяхатқа немен шыққыларың
келеді. Жарайды, вагондарға жайғасып
отырайық.(тақтаға вагондары бар
пойыздың суреті ілінеді)
1.Бірінші аялдамамыздың атын анықтау
үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Шанамен зырлап келетін,
Балалар амандасады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Біздің пойызбен
барғымыз келеді.
Жұмбақ шешеді
Шаңғы, коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
-Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі.
Біздің бірінші аялдамамыз, Қыс мезгілі.
-Қыста табиғат қалай өзгереді?
Қыс айларын ата.
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Ойын ойнату.
«Аққала жасау» ойынын ойнату. Қағаздан
қиылған аққала бөлшектеріне тапсырмалар
жазылған.
1 тапсырма. Жиырмаға дейін сана.
2 тапсырма. Әріптерді атап шық.
3 тапсырма. Тақпақ айту.
4 тапсырма. Қысқы ойындарды ата.
2.Келесі аялдамамызды анықтап алайық.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
-Қандай құстар жылы жақтан ұшып
келеді?
-Көктемнің алғашқы күндерінен бастап
жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер
өседі. Бұл көктемнің алғашқы гүлдері деп
аталады.Олар: бәйшешек, қызғалдақ
жауқазын. Бүгін біз де көктемнің бір
гүлінің шығуына көмектесейік. Ол гүлдің
аты жауқазын.Ол үшін біз осы гүлдердің
күлше шапырақтарының арттарында
берілген тапсырмаларды орындап, тақтаға
жапсырамыз.
1 тапсырма. Көктем айларын ата.
2 тапсырма. Өз атыңды жаз.
3 тапсырма. Көктемде ұшып кететін
құстарды ата.
Жақсы балалар гүліміз өте әдемі болып
шықты.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Бетіме жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі
3.-Енді келесі үшінші аялдамамызды
анықтап алайық.
Қойны толы жеміске
Сұрақтарға жауап
береді.
Қыс туралы білетін
тақпақтарын айтады.
Балалар бір – бірден
шығып аққаланы
тақтаға жапсырады.
Жұмбақ шешеді
Сұрақтарға жауап
береді.
Сергіту сәтін орындау.
Жұмбақ шешеді
Көк майсалы еңіске,
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
-Бұл аялдамамыздың аты жаз екен.
(тақтаға сурет ілу, плакат)
Жаз мезгілінің ерекшеліктерін ата.
Күн ыстық болады, балалар суға
шомылады т/б.
Тақпақ.
Жазды күні шілдеде
Жеміс пісіп толады
Қызыл жасыл гүлдерге
Көбелектер қонады.
Енді көзімізді жұмып, жыл мезгілін көз
алдымызға елестетейік. Күн ыстық,
балалар суда шомылып жүр. Жап – жасыл
ағаштар, гүлдер өсіп тұр. Осы елесімізді
тақтаға шығып ақ қағаз бетіне бір –бірден
жапсырып шығамыз.
4.-Енді біз төртінші соңғы аялдамамызды
анықтап көрейік.
Жиып – теріп алатын
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың. (Күз)
(Суретін тақтаға ілу)
4-5 бала шығып тағпақтарын айтады.
Іші толы шәрбәт
Дәмі қандай әйбәт
Үзесің бірден жүзін
Оның аты жүзім.
Сырты қандай қатты,
Дәмі сондай тәтті
Шағып қара таңдап
Оның аты жаңғақ
Доп – дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп,
Оның аты өрік.
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты шабдалы.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері – бақша –бақ
Сұрақтарға жауап
береді.
Балар тақтадағы қағазға
жаз мезгіліне қатысты
суреттерді таңдап
жапсыра бастайды.
Жұмбақ шешеді
Әр жемісті сәйкес
ағаштарға тауып іледі.
Жемістермен
көкөністерді ажыратады
Ойын ойнайды.
Сұрақтарға жауап
береді.
Күрең қызыл, шіркін – ай
Оның аты құлпынай
-Күз неше айдан тұрады?
-Күзді неге «алтын күз» деп атайды?
Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың
жемісі? »
Бақ және бақша өсімдіктерін ажырату.
Рефлексивті -
түзету
Балалар, осымен біздің жыл мезгілдеріне
саяхатымыз аяқталды. Сендерге саяхат
ұнады ма. Көптеген тапсырмаларды жақсы
орындадыңдар, сендерге көп
рахмет.Балаларды мадақтап ,жұлдызшалар
тарату.
Сұрақтарға жауап
береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын өзгерістерді білу.
Түсінігі қалыптасты: Табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру.
Айта, қолдана алады: Әр жыл мезгілінің ай аттарын айта алады.