Конспект занятия "Дос болам десең, досыңды сыйла, қымбаттым!"


Дос болам десең, досыңды сыйла, қымбаттым!
Мақсаты: достар туралы ұғымдарын кеңейту және нақтылау – достарға
деген жақсы қарым –қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білуге
және достарға деген ақ пейіл,қамқор болуға тәрбиелеу. Балалар қоршаған
ортаға мйірімді қарауға тәрбиелеу.
Қолданылаты әдісер: суреттер, құстар әні жазылған аудиожазба,
ойыншықтар. алдын –ала жүргізілетін жұмыстар :достық туралы әңгімелер,
ертегілер оқып талдау, тақпақтар жаттау.
Сабақтың барысы: «Жылы лебіздер» шеңбері.
- Сәлеметсіңдер ме , балалар! Бүгін қандай шуағын шашқан әдемі күн.
Күннің көзі де бізге қуаныш, мейірім сыйлап тұр. Бір –бірімізіді
көңілді әрі үлкен қуанышпен қрсы алу үшін мен сендерді шеңберге
шақырамын. Бәріміз шеңберге тұрып бізді қоршағандардың бәрімен
мейірім шашатын сөздерімен сәлемдесейік.
Армысың, алтын күн! Міне, менің қолым.
Армысың, көк аспан! Бәріміз күндей жарқырайық!
Армысың, жан досым! Бәріміз тату болайық!
Жылуыма жылу қос. Бәріміз дос болайық.
Балалар , осындай күннің көзі жарқырап, шуағын шашып тұрғанда
табиғатта қандай өзгерістер болады деп ойлайсыңдар. (Ағаштарға
жапырақтар шығады, айнала жасыл түрге енеді, гүлдер өседі, бақта
құстар сайрайды).
- Өте жақсы , ендеше көзімізді жұмып елестетіп көрейік.Біз сендермен
орманға саяхатқа бардық. Тып – тыныш орманның ішімен келе
жатырмыз.(Үнтаспадан құстар әні естіледі).Орманда кім не көріп келе
жатырмыз?(балалардың жауабы)Ертегі тыңдау.
- Балалар, мен сендерге «Асытан мен тышқан» ертгісін айтып берейін,
сендер мұқият тыңдаңдар.
Арыстан мен тышқан
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде , тышқан келіп, оның үстінен
жүгіріп өтеді.Арыстан оянып , тышқанды ұстап алады.Бейшара
тышқан жалына бастайды:
- Егер сен мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасаймын,- дейді.
Арыс тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны
басып жібереді. Келесі күні аңшылар арысианды ұстап алып, ағашқа
байлап қояды.
Тышқан арыстанның ақырғанын естіп жүгіріп келеді, арқанды тісімен
қырып: «Есіңде ме, сен маған күліп едің ғой. Енді тышқан да
жақсылық жасайтынын көрдің»,- депті.
Сұрақ:
- Арыстан тышқанның сөзіне неге күлді?
- Тышқан арыстанға қандай жақсылық жасады?
- Екеуі бұдан кейін қандай қарым – қатынаста болды деп
ойлайсыңдар?
- Олар неге дос болады?
Сергіту сәті.
Ойын: «Мен дос болғым келеді»
«Мен ағашпен дос болғым келеді. Ол үшін ағаштың жапырағын
жұлмаймын, оларға су құямын. Ағашқа ұя жасап іліп қоямын ,
сонда менің ағашыма құсар қонып, ән салады. мен ағаштың
көлеңкесінде отырып, тыңдаймын».
«Мен тиінмен дос болғым келеді.Олар әдемі, ағаштан ағашқа секіріп
жүреді.Оған күнде жаңғақ беріп отырсам ол маған үйренеді, екеуміз
дос боламыз »,(Балалар құстың, ағып жатқан судың , көлдің,
көбелектің суреттерін алып әрқайсысы өз ойларын айтады ).Бұл
суретті магнитті тақтаға жапсырып болғанда карта бейнесі шығады.
- Суреттер бірігіп неге ұқсайды?
- Картаға ұқсайды.
- Дұрыс айтасыңдар . Біз қандай республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикаснда тұрамыз.
- Біздің отбасымыз қалай аталады?-
- Солтүстік Қазақстан облысы.
- Міне, балалар, бұл осы Солтүстік Қазақстан облысының табиғат
картасына ұқсайды екен.
Біздің жеріміздің табиғаты осындай алуан түрлі, әдемі екен. Адамдар
табиғатпен жан – жануарлармен, аңдармен дос болып қамқорлық
көрсетеді. Бүгін біз де өзімізді қоршаған ортамен, табиғатпен дос
бола алатынымызды көрсеттік. Енді осыны бір шумақ өлең жолымен
айтып берейік.
Біз әдепті баламыз, Табиғатпен дос болып,
Жайнай берсін даламыз. Қамқорлықпен қараймыз!
- Балалар, мына жерде бір қонжық ойнап отыр. Оның жанына түлкі
келеді:
- Сәлем, қонжық!
- Сәлем түлкі!
- Сенің ойыншықтарың көп екен.
- Иә, бұл менің ойыншықтарым.
- Екеуміз бірге ойнайық. Бір машинаңды маған берші.
- Мә, ойна.
Қонжық машинасын береді, бірақ түлкі ойнап жатқан кезде
қызғанып қайтадан алып қояды:
- Әкел, мен өзім ойнаймын.
- Ендеше, мен сенімен ойнамаймын. Түлкі ренжіп кетіп қалады. Қонжық
жалғыз ойнап отырып жалығады.Ол әдемі ойыншықпен ойнап
отырып көжекті көреді.
Келіп көжектің ойыншықтарын тартып алады;
- Маған бер, мен ойнаймын.
Көжек:
- Бұл менің ойыншығым ғой.
- Ойыншығың маған ұнады, енді мен ойнаймын.
- Қонжық , екеуміз кезекпен ойнайық.
- Жоқ бермеймін. Қонжық өзі ойнай береді, көжек жылап үйіне келеді.
Осы жерде балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
- Балалар, қонжық дұрыс істеді ме?
- Қалай ойлайсындар, қонжықтың достары бар ма?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар . Достар бір – бірін жақсы түсінеді, бірге
жүргенді ұнатады. Досың болған қандай жақсы! Досың әрқашан да
көмектеседі, жыласа – жжұбатады, қуансаң - сенімен бірге қуанады.
Ал қазір бәріміз бірге «Достармен бірге» әнін орындайық.
- Рахмет балалар ! Әрқашан күн нұрын бізге төге берсін. Достығымыз
жарасып, бақытты болайық.