План-конспект урока "Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері"


Оқу жұмыс жоспары
Сабақ №2
Бөлім (отделение) Күндізгі
курс
Топ (группа)
Уақыты (дата)
Пән (предмет/дисциплина Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен
таныстыру әдістемесі
Оқытушының аты-жөні (ФИО преподавателя)
Сабақтың тақырыбы (тема занятия) Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың типі:
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мультимедиялық проектор, экран, таратпа
материалдар, слайдтар
Технология, әдіс-тәсілдер : Топпен жұмыс, логикалық (салыстыру, талдау, саралау,
логикалық пайымдау), ми шабуылы, сұрақ-жауап.
Сабақтың мақсаты (цель занятия):
а) Білімдік міндет (обучающая задача) Табиғатпен қарым-қатынаста балалардың
түсінігін қалыптастыру. Табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала білуге үйрету.
Балаларға заттардың бөліктеріне көңіл аудартып, түйсінгендерін дұрыс атай білуге
үйрету.
б) Тәрбиелік міндет (воспитывающая задача) Балаларды табиғатпен таныстыру
арқылы адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру.
в) Дамытушылық міндет (развивающая задача) Балалардың эстетикалық
қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі
сапалары мен қасиеттерін сезініп қабылдауын дамыту
5. Күтілетін нәтиже (ожидаемые результаты):
а) Оқушылар түсінуі тиіс (учащиеся должны понимать) мектеп жасына дейінгі
балалар табиғат жөнінде нақтылы түсініктер пайда болады
б) Оқушылар білуі тиіс (учащиеся должны знать): Балаларды табиғатпен
таныстырудағы қолданылатын әртүрлі әдіс -тәсілдерді біледі
в) Оқушылар жасай білуі тиіс (учащиеся должны уметь) Үй тұрмысында,
серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен
қүбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу;
- оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
- сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру;
2. Үй тапсырмасын пысықтау
Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік міндеттері
Балаларды табиғатпен таныстырудың білімдік міндеттері
Өзіндік жұмысын тексеру
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда кездесетін
міндеттерден ойын ұйымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
3.1. Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.
3.2. Жаңа тақырыпты түсіндіру (лекция)
Жоспар:
1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-тәсілдер
2.Балаларды табиғатпен таныстырудың құралдары
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы
сипаттамасы
4.Тәрбиешіге қойылатын талаптар
1.Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-көрнекілік және сөз. Баланың
қоршаған шындықты тануы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім
мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның
физиологиялық негізі — көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен
қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті.Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан
сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан
балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен
құбылыстардың олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.
Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге
мүмкіндіктері болуға тиіс.
Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы
заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар
бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын,
жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде,
ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың
батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-
күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т.б. біліп алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде
нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе
оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2
4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол «аттап жүріп келе жатыр»
немесе «қанаттарын қағады» дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе
құбылысты көрсету жеткіліксіз, танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.
Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін
сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын
нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы
көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің
көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.
Балалардың түсініктерін қальіптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір
уақытта жүзеге асырылады.
Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен құбылыстардың
сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді.
Әрбір түсінікте жалпылаудың бір кезі болады.
Түсінік мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар
мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау,
олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата
отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте
балалардың ойыны мен еңбегінде — меңгеріледі және тексеріледі.
Түсініктер балалардың санасына сезіну жолымен алынған қабылдаулардың негізінде
болғанда ғана дұрыс дамиды. Түсініктің жасалуы ұзақ процесс.
2.Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары (формалары,
әдістері, тәсілдері) бар. Оларды таңдау тәрбиелік-білімдік міндеттерге, программалық
материалдың мазмұнына және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Алға
қойылған міндеттерді іске асыруды анықтайтын жолдардың негізгі принциптері
тәрбиелеу білім берудің көрнекілігінде, танымда, балалардың б е л с е н д і л і г і н і ң
және тәрбиешінің жетекшілік ролінің бірлігінде. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның
рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде,
табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен
тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан
кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы
болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен
жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы
сипаттамасы. Табиғатты таңуға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті
алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін
қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге бақылау,
эксперимент, еңбек,ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген
әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды
бейнелеу арқылы әңгімелесу методтары кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған
метод пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем
шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.
Қандай да болмасын бір методты қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т
е р д і қолданады. Мысалы, әңгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні
балаларға жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар
мен мәтелдерді т.б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы
мүмкін.Мысалы,салыстыру бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды
әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де
қолданылады; көрсету, түсіндіру еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе
жүргізген кезде тағы басқаларда. Методтар мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі
тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.
Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына
дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге,
сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты
анықталады.
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балалардың сезімдік
қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі әдіс б а қ ы л а у. Дидактикалық
ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль
атқарады.
Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының
нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен
пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи
заттармен (жапырақтармен, көкеністермен, жемістермен) дидактикалық ойындарды
немесе олардың картинкалардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кеңінен пайдаланады.
Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру
экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен
жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді,
көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне,әңгімелерге көп орын
беріледі.
4.Тәрбиешіге қойылатын талаптар: Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің
педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі
ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну
табиғатта заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты
материялистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі
тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру,
календарь жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтай, тануды үйрену,
оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.
Балаларды табиғатқа зейінді іспен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар
бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат
мүйісін ұйымдастыра білуі өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса,
соған ұқсас жағдайларды жасау талап етеді. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі
мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіреді, агротехникалық әдістерін және
жануарларды бағып күтуді меңгеру керек.
Тәрбиешінің өз ісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді.
Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде
тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы
мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен
шеберліктерді сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып табнғатты баланың
жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор етеді.
4. Ой қозғау сұрақтары.
1. Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары?
2. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізі неде?
5. Бағалау
6. Үйге берілетін тапсырмалар:
2.Тақырып бойынша қосымша іздену.
7. Қолданылған әдебиеттер:
Марковская М.М. «Уголок природы в детском саду», М., 1984г
Саморухова П.Г. «Как знакомить дошкольников с природой», М., 1983г
Манкеш А. «Бүлдіршіндерге экологиялық тэрбие беру», А., 1998ж
Веретенникова С.А. «Ознакомление дошкольников с природой», М.,1980г