Внеклассное мероприятие "Ақмаржан қала - Ақтауым"


Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК
«Ақмаржан қала - Ақтауым»
Тәрбиеші: Саламатова Қ.Р
Ақтау 2017ж
Тақырыбы:. « Ақмаржан қала Ақтауым»
Мақсаты: Балалардың білімділігін көтеріп, Ақтау қаласы туралы түсініктерін
кеңейту. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі қарай дамыту. Ақтау
қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру, құрметтеуге. Сыйлай білуге және таза
ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Плакаттар, Ақтау қаласының суреттері. Қазақстан картасы.
Барысы: Ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар!
Жадыраған жаз өтіп, қоңыраулы күз есік қаққан жазира шақта, жадыраған
күнмен жақсы күнде дидарлас отырмыз.
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
Кәне балалар, бәріміз қолдарымыздан ұстап бір бірімізге жылы лебіздерімізді
білдірейікші.
Жанарыс: Еліміз тыныш болсын!
Карина: Бәріміз тату болайық!
Мейіржан: Аспанымыз ашық болсын!
Жанар: Дастархан мол болсын!
Райымбек: Көк туымыз биік болсын!
Амина: Жеріміз гүлдене берсін!
Дария: Отанымыз гүлдене берсін!
Жасмин: Күніміз жарқырап тұрсын!
Амина: Балабақшамыз жайнай берсін!
Лаура: Нанымыз көп болсын!
Тұржан: Деніміз сау болсын!
Иманғали: Ата анамыз аман болсын!
Валерия: Үлкен азамат болайық!
Ира: Атам әжем аман болсын!
Берекет: Қаламыз гүлдене берсін!
Ридан: Бәріміз аман болайық!
Сұлтанбек: Қаламыз көркейе берсін!
Жаншуақ: Ақ мол болсын!
Диас: Молшылық болсын!
Ернар: Мерекелі, берекелі ел болайық!
Тәрбиеші: Өте жақсы, әрқашанда жақсылықта жүрейік. Балалар қараңдаршы
бізге күз өзінің сыйлығын беріпті. «Күз мезгілінің ерекшеліктері» атты
тақырыппен. Мұнда ағашта жапырақтар бар, сол жапырақта күз мезгіліне
арналған сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап берейік.
Бәріміз ат салысып, бірігіп отырайық. Әрі өз білімділігімізді тексерейік.
1.Күз мезгілінде неше ай бар және оларды ата?
2.Қазір күз мезгілінің қай айы және құстардың суреті?
3.Жемістер мен көкөністерді ата?
4.Күз мезгілінде жапырақтардың тусі қандай болады?
5.Күн қысқарып түн ұзарады?
6.Жаңбыр жауады?
7.Күз мезгілі туралы тақпақ?
8.Астық жинау?
9.Күз жомарт әні?
10.Күз мезгіліне байланысты жұмбақтар?
Ұшты талдан жапырақ.
Сары көбелек секілді,
Аспанда жәй шатырлап
Тамшы жерге секірді. «күз»
Қызыл сары кемелер
Су бетінде қалқиды,
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды.» жапырақ»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,біз қай қалада тұрамыз?
Балалар: Ақтау.
Тәрбиеші: Қай облыста?
Балалар: Маңғыстау.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс. Қазыналы өлкеміздің құттыда киелі кіндігі ару Ақтауға елу
жыл мерей тойы құтты болсын!
Жанарын қадап Маңғыстау жаққа тұрса әлем
Жақсылық шығар.Кілкіген мұнай қыр сәнің
Болғай деп құтты, қаланың елу жылдығы
Жолдаймын саған, Ақтауым саған мың сәлем!
Балалар бізге бауырлас қалаларды атайықшы?
Балалар: Грузия, Иран, Қытай, Румыня, Украина, Корея.
Тәрбиеші: Өте дұрыс. Қала каспии теңізінің шығыс жағасында орналасқан.
Ақтауда каспии теңізі бар және нелер бар?
Балалар: Абай атындағы мәдениет сарайы, Жантөрин атындағы драма театры.
Көптеген кино театырлар бар. Астана, Ардагер,теңіз жағасында ойын сауық
орталықтары, спорт және мәдени кешендері бар, демалыс орындары жетерлік.
Тәрбиеші: ия дұрыс айтасыңдар
Далиған Маңғыстаудың даласынан
Ақырған кәрі каспии жағасына
Сланған жас арудай бой түзеген
Айналдым Ақтауымның қаласынан.
деп Маңғыстау облысына 40жыл, Ақтау қаласына 50жыл толуына байланысты
кезекті балалардың өлеңдеріне берейік.
Карина: Теңізге қалған байланып
Шағала сында сазы мұң,
Өзіне келдім айналып
Ақтауым алтын қазығым,
Ақтауым қонар тұрағым
Құс болып ұшсам қонақтар,
Өзіңде өтіп ғұмырым
Жазылар жаңа прақтар.
Амина: Ақтауым қаласындай мықтылардың
Өмірлік мақсатында нық тұратын
Заманмен рухы оның үндеседі
Жайы не жанарында шық тұнатын.
Жанар: Арынын жаза берсін Ақтау біздің
Айналып мекеніне аққу қаздың
Сауықпен өте берсін өміріміз
Бейне бір желісіндей тәтті аңыздың.
Дария: Жасайық, жаңғырайық, тірілейік.
Тарихтың тылсымына үңілейік,
Қаланы, халқымызды қастерлеуге
Бәріміз еңбегіміз сіңірейік.
Валерия: Ақтауым асыл мекенім.
Өзіңді мақтап өтемін,
Жүрсемде сенде еркелеп
Анамдай аңсап өтемін.
Тәрбиеші: Жақсы, енді сәл демалып тынығып алайық,
Құс боп қанат қағамыз
1 2 3 ал қанеки ұш,
4 5 6 7 мынау ауыл шеті,
8 9 10 ал қанеки қон
Асықпа да саспа
Бірден қайта баста.
Амин : Көк теңіз көркін айқындап.
Келіскен көркем түр қандай,
Аққуым қонып айдынға
Жарасым тауып тұрғандай.
Мейіржан: Ақтауым ару әз мекен
Тоғысқан сенде сан арман,
Өзіңдей қала бар ма екен?
Бірлік пен бақтан жаралған
Өлкемнің көркі мұнайлы
Бүгінен нұрлы ертеңі
Жасара берші шырайлы
Жастықтың жарқын мекені.
Лаура: Ғасырдың еріп мынау жетегіне
Биіктен күймен бірге көтеріле
Гүл қала мәңгілікке жасара бер
Айналып мекеніне ару саздың.
Тәрбиеші: Өте тамаша балалар, Ақтау туралы көптеген өлеңдер бледі
екенсіңдер. Балалар сендер сайысқа түскілерің келе ме?
Балалар: ия.
«Қаланы көркейту»
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір бірден барып қаламызды көркейтуіміз
керек. Қай топ жеңсе сол жеңіске жетеді.
Тәрбиеші:Өте жақсы, біз осы сабақтан жақсы әсер алдық,біз әрқашанда көңілді,
ақылды, тапқыр болайық.
Ән: « Болайықшы осындай»
Тәрбиеші: Міне балалар, ару қаламыз Ақтау күн санап жасара берсін. Жайна
мәңі, жас қала! Осымен « Ақмаржан қала Ақтауым» атты сабағымыз
аяқталды.Сау болыңыздар!