Технологическая карта "Өзін - өзі тану"


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні___________________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Өзін-өзі тану»әлеміне саяхат
Мақсаты: «Өзін-өзі тану»әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру; 2.жақсы істер жасай білу
іскерліктерін дамыту 3.өзара қамқорлыққа,сүйіспеншілікке,татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациял
ық кезең
Ізденіс
ұйымдастыр
у кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері
-Балалар шеңбер неге ұқсайды?
-Доппен ойнасақ көңіл күйіміз көтеріледі. Жүзікті сәндік үшін
тағамыз.Алма,қарбыз-өте дәмді дәмді жемістер мен көкөністер.Шеңберге
ұқсайтын осыншама заттың қаншама қасиеті бар!Шеңберде тұрудың өз
ерекшілігі бар. Ол бізге күн сияқты жылу береді,шеңберде тұрып бір-
бірімізге жылы тілектер айталамыз. Сондықтан да бұл шеңбер-Шаттық
шеңбері деп аталады.
2.Әңгімелесу
-Балалар, «Өзін-өзі тануә әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты.Алдымен
сол сыйлықты тауып көрейік.
-Балаларды түстер арқылы топтарға бөлу.Әр топ өзіне коверт таңдап
алады. Жасырылған конверттің ішінде әдептілікке байланысты суреттер
шығады.
- «Өзін-өзі тану»әлемінде біз көп жақсы істерді жасай білуге үйренеді
екенбіз.
Сөздік жұмыс: қайырымды, көңілді, қамқор-лық, сүйіспеншілік, тату.
3.Ойын: «Мен де жақсы бала боламын»
Шарты:мазмұнды суреттер арқылы өздерінің де істеген жақсы істері
туралы айтып берулері керек.
4.Әңгімелесу
-Балалар, «Өзін-өзі тану»әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Ол не
деп ойлайсың-дар,көрейік!
-Дәптер арқылы біз көп нәрселерді көріп үйре-неміз.
5.Дәптермен жұмыс
-Дәптерде берілген 1-ші аялдаманы бояйды.
6.Дәйексөз
«Сүйіспеншілік-жүректен» мағынасын түсінді-ру.
-Жұмсақ ойыншық «жүректі» талдайды.Өз жү-ректері қандай болатынын
түсіндіру.
7.Ғажайып сөздердің мағынасын түсіндіру, қай-
талау:жақсылық,сүйіспеншілік,қуаныш...
8.Қортындылау
-Бүгін біз саяхатымызды бастадық. Қандай құ-ралдар бізге көмекке
келді.? -Өзін-өзі тану біз-дерді неге үйретеді?
-қол ұстасып шеңбер
құрап тұрады.
-допқа,күнге,айға,
алмаға,т.б.
-топтарға бөліседі.
-дәптер,хрестоматия,
карта.
-жұмырдықтарын
салыстырады.
-Сұрақтарға жауап
береді.
Білу:өзін-өзі тану әлемі туралы түсінік алу.
Игеру:картамен,дәптермен жұмыс жасай алу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні___________________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мен қандай баламын»
Мақсаты:балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру.Өздерін тануға,өз ерекшіліктерін
білуге үйрету.
Міндеттері:1.балалардың өзіндік «Менің»ұғындыру,түсіндіру. 2.өздерін тануға,өз
ерекшіліктерін білуге үйрету. 3.Өз бастарын сыйлауға,бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер, «Өзін-өзі тану»әлемінің картасы,түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұра-жауап.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық
кезең
Ізденіс
ұйымдастыру
кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: Қ.Ыдырысовтың «Келші,
келші, балашым» өлеңін оқу.
2.Әңгімелеу
-Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде
болдыңдар?
-Өлеңнен не ұқтыңдар? Қандай жолдары
естеріңде қалды?
-Балалар біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?
3.Ойын «Өзімізді мақтайық»
Шарты:өз бойларындағы жақсы қасиеттерін
айтады.
4.Дәптермен жұмыс
-жүректің суретін салу
5.Әңгімелеу: Ж.Саинның «Кім болам?» өлеңін
оқу.
6.Ғажайып сөздер
-Мен жақсы баламын;
-мен ерекше баламын;
-мен өзімді жақсы көремін;
-менің қолымнан бәрі келеді.
7.Қортындылау
-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Жақсы адам болу үшін қандай болу керек?
8.Жүректен жүрекке
Үнтаспадан Қ.Ыдырысовтың «Келші, келші,
балашым» әнін қосылып айтады.
-тыңдайды.
-сұрақтарға жауап бере-
ді.
-зейін қойып тыңдайды.
-жүректің суретін сала-
ды.
-Өткенді естеріне
түсіріп,сұрақтарға
жауап береді.
Білу:ерекше бала қандай болатынын түсіну.
Игеру: әр бала ерекше екені туралы түсінік алу.
Меңгеру:ғажайып сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні___________________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Отбасындағы қуаныш»
Мақсаты:сүйіспеншілік,сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.отбасы сүйіспеншілігі,сыйластығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 3.Отбасына
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті
қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,саяхат,әңгімелеу.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация
лық кезең
Ізденіс
ұйымдасты
ру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері:бір-біріне күлкі сыйлайды.
-Картадаға отбасы туралы суретке қарап әңгіме құрайды.
-отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Ә.Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқу.
2.Ойын
Шарты:балалар шеңбер бойымен тұрып,педагог кезек-
кезек сұрақ қойып,қолындағы допты лақтырады.
3.Әңгімелеу
Алдын ала әкелінген отбасылық суреттеріне қарап өз
сүйіспеншіліктерін білдіреді.
4.Дәптермен жұмыс
Балалар дәптеріне отбасымен бірге түскен суреттерін
жапсырады.
5.Дәйексөз: «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім
тарайды» мағынасын түсіндіру.
-Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер пайда
болды?
-Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандай
байланыс бар?
6.Өзіммен-өзім: көздерін жұмып өз аналарына қандай
гүл шоғын сыйлайтындарын елестету.
7.Қортындылау
-Бүгін біз кімдер жайлы әңгімелестік?
-Отбасы қандай болуы керек?
-Өз отбасымызға не тілейміз?
8.Жүректен жүрекке: микрофонға жақындап
отбасыларына тілек айтады.
-күлкі сыйлайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
-бірге қайталайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
-Балалардың өз
бетінше
жұмыстары.
-Сұрақтарға жауап
береді.
-Сұрақтарға жауап
береді.
Білу:отбасы туралы түсінік алу.
Игеру: әр бала өз отбасында ерекше жан екенін түсіну.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_______________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Достық әлемі»
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:1.Достар арасындағы сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы
түсініктерін кеңейту. 2.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. 3.Бір-бірімен
тату,дос болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық
кезең
Ізденіс
ұйымдастыру
кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз»
2.Әңгімелесу
-Достар,достық туралы әңгімелесу.
-«Досты қалай табу туралы ертегі» оқу
-Сұрақ-жауап арқылы талдау.
3.Ойын «Менің досым»
Шарты:лақтырған допты қағып алып, тәрбие-
шінің қойған сұрағына жауап беру керек.
4.Сергіту сәті
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне,біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
5.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат»
6.Дәптермен жұмыс: досыңа сыйлайтын сый-
лығыңның суретін сал және сол туралы әңгіме-
леп бер.
7.Қортындылау
-Балалар,бүгін біз не түралы білдік?
-«Дос» деген кім?, «Достық» деген не?
-Сендердің ең жақын достарың бар ма?
-Балаларджың жауаптарын бағалау.
8.Жүректен жүрекке: «Дос болайық біріміз»
тыңдау.
-Бірге айтады.
-зейін қойып тыңдайды.
-қимыл жасайды.
-дәптердегі тапсырма-
ны орындайды.
-Сұрақтарға жауап
беру.
Білу: «Дос», «Достық» туралы түсінік алу.
Игеру: достың қандай болуы керектігін түсіну.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Балабақша ауласы»
Мақсаты:балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Міндеттері: 1.үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. 2.балабақшаға деген
мақтаныш,құрмет сезімдерін дамыту. 3.Айналасындағы адамдарды жақсы
көруге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері:Е.Өтетілеуұлының «Ізгі сөздер»
өлеңін оқу.
Өлең жолдарын талдау.
2.Әңгімелеу:М.Әлімбайдың «Біздің балабақшада»
өлеңін оқу.
Өлең жолдарын сұрақ-жауап арқылы талдау:
-Балабақшаға неше жастарыңда келдіңдер?
-Балабақшада қандай мамандар жұмыс атқарады?
-Балабақшаға қай кезде келесіңдер?
-Қай кезде қайтасыңдар?
-Балабақшаға келген кезде алғашқы айтатын сөздерің?
3.Дәптермен жұмыс: «Балабақшамды гүлдендіремін»
тақырыбына сурет салу.
4.Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының «Бала,бала,баламыз»
өлең жолдарына қимыл жасау.
5.Дәйексөз: «Сәбиіңмін сенің балабақшам менің»
6.Ғажайып сөздер:-Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш
жарық! Сәлеметсіз бе! Рахмет!
7.Қортындылау
-Бүгін не туралы әңгімелестік?
-Балабақшада сендерді кімдер қарайды?
-Балабақша туралы тақпақ айтқызу.
8.Жүректен жүрекке
-Қолдарына ойыншық жүректерін алып,балабақшада
жұмыс істейтін апайларға жылы лебіздерін айтады.
-Балалар бірге
қайталай-ды.
Білу: балабақша туралы түсінік алу.
Игеру: балабақшада жұмыс істейтін маман иелері туралы білу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»
Мақсаты:балалардың тәрбиеші апайларына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Міндеттері: 1.балабақшадағы үлкендердің еңбегі туралы түсінік беру. 2.тәрбиешіге
деген құрмет сезімдерін дамыту. 3.өзара сыйласымдылық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: «Тілек шоғы»
«Біз бақытты балдырған» М.Дауылбаевтың әнін
орын-дау
2.Әңгімелеу: «Жақсы адам боп шығамыз» О.Асқар
Сұрақ-жауап арқылы талдау
-Балалар,балабақшада бізге ең жақын адам кім деп
ойлайсыңдар?
3.Тыныштық сәті: өздерін табиғат аясында
отырғанда-рын сезіндіру.
4.Дәйексөз: Қ.Мыңжаның «Шуағына бөлеген,
аялаған, демеген,тәрбиеші апайлар, мейірімді не
деген!» өлең жолдарын түсіндіру.
5.Ойын: «Интервью»
Шарты:Балалар тәрбиешінің жанына келіп өздерін
қызықтыратын сұрақтарын қояды.
6.Сергіту сәті: «Бала,бала,баламыз»
7.Ғажайып сөздер
-балалар сабақта айтып,үйренген өнегелі сөздерді
қайталап айтады.
8.Қортындылау
-Тәрбиеші апайымыз біздің ең жақын
адамдарымыздың бірі екенін,олар бізге тек қана
жақсылық тілейтінін білдік,сондықтан да тәрбиеші
апайларымызды тыңдап,сыйлауымыз керектігін
түсіндік.
9.Жүректен жүрекке:қолдарындағы жүректерін
сыйлай отырып, жылы лебіздерін білдіреді.
-Жанында тұрған
баланың гүліне өз
гүлін қосып тілек
айтады.
-Тыңдайды.
-сұраққа жауап
береді.
-тыңдап өз
білген-дерін
қосады.
-өздерін
журналист ретіне
қояды.
-қимыл жасайды.
-өз тілектерін
айтады.
Білу:тәрбиеші туралы түсінік алу.
Игеру:тәрбиешінің атқарып жүрген міндетін түсіну.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Жақсылыққа жақсылық»
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1. «жақсылық» ұғымы туралы ұғымдпрын кеңейту. 2. Жағымды
қасиеттерін дамыту. 3.жақсылық жасауға тәрбиелеу.Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті
қарындаштар.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Мотиваци
я-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру
кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері:өлең жолдарын айту.
2.Әңгімелеу: «Ақ тиын мен қасқыр» .
Сұрақ-жауап арқылы талдау:
-Ақ тиын не себептен көңілді жүреді?
-Ал,қасқыр ше?
3.Дәйексөз: «Жақсылық жасау да-бақыт»
-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
5.Дәптермен жұмыс:
-Сурет бойынша «жақсылық», «қамқорлық», «көмек»
сөздерін қатыстырып,әңгіме құрастыру. Суреттерді
бояу.
6.Тыныштық сәті.
7.Ғажайып сөздер: сабақта айтып,үйренген өнегелі
сөздерді қайталап айту.
-Жақсылық жасау-бақыт,қуаныш.
8.Қортындылау.
-Бүгін біз жақсылық жасау-бақыт,қуаныш екенін
түсіндік,бір-бірімізге жақсылық жасай білуді үйрендік.
-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
9.Жүректен жүрекке
Шеңберде тұрып «Мен сені жақсы көремін» деп
көршісінің атын айтып қолынан қысады.
-барлығы бірге
қайта-лайды.
-сұрақтарға
жауап бере-ді.
-қимыл қозғалыс
жасай-ды.
бояу
жұмыстарын
орындайды.
-жаңа сөздерді
қайталай-ды.
-сұраққа жауап
береді.
Бір-бірлерінің
жауаптарын
бағалайды.
Білу:жақсы істер туралы түсінік алу.
Игеру: ертегінің мазмұнын түсіну.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мен осындай баламын»
Мақсаты: «бақыт», «қауныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:1.«бақыт»,«қауныш»,«сүйіспеншілік» туралы түсінік беру. 2.адам қасиеттерін дамыту.
3.сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер. Әдіс-
тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: Ө.Тұрманжановтың өлең.
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
2.Әңгімелесу
-Балалар,қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?
3.Әңгімелеу: Н.Қадырбаев «Бақыт деген не?»
-Оқу.
Сұрақ-жауап арқылы талдау:
-Бақыттың атасы немересіне «бақыт» дегенді қалай түсіндірді?
-Бақыт деген не? Қалай түсінесіңдер?
-Бақытты болу үшін не істеу керек?
4.Дәйексөз: М.Мақатаев «Бақыт деген-сенің бала кездерің».
-Бақыт сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.
5.Жаттау: «Бақыт деген не?» С.Оспанов.
6.Өзіммен-өзім: ұнтаспадан жайлы әуен тыңдайды.
7.Дәптермен жұмыс
- «Мен бақытты баламын,өйткені...»деген сөйлемді
толықтырып,гүл күлтелеріне үлкендермен бірге жазыңдар.
Бояу жұмысын орындайды.
8.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
9.Ғажайып сөздер:
-Бақыт-қуаныш.
-Бақыт-сүйіспеншілік.
10.Қортындылау
-Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз-ой-арманның
орындалуы,қуанышты сәттің көп болуы,біздің әсем
тұрағымыз,денеміздің саулығы екенін білдік.
11.Жүректен жүрекке
Ә.Дүйсенбиевтің «Біз - өмірдің гүліміз» әнін хормен айту.
-өлеңді айтқан кезде
қимыл жасап тұрады.
-өз ойларын айтады.
-әңгімені тыңдайды, сұ-
рақтарға жауап береді.
-қайталайды.
-өздік жұмыс жасайды.
-қимыл-қозғалыс жасай-
ды.
өткенді естеріне түсіріп
айтады.
-сұрақ-жауап арқылы
қортынды жасайды.
-Барлық балалар бірге
қосылып айтады.
Білу: «бақыт», «бақытты» сөздері туралы түсінік алу.
Игеру: әңгіменің мазмұнын түсініп,жаңа тақырыпты игеру.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Наурыз- жақсылық бастауы»
Мақсаты: «жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:1.адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өзін
және айналасын сүюге,жақсы круге деген ниеттерін ояту. 3.қоршаған ортаға
жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Біз-
өмірдің гүліміз» өлеңін айту.
2.Әңгімелесу
-Балалар, «Біз-өмірдің гүліміз» өлеңінен не
түсіндіңдер?
-Жақсы болу дегенді қалай түсіндіңдер?
-«жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасай
алады?
-Ал өздерің ше?
3.Әңгімелеу:Қ.Көпішевтің «Өзім жүрем»
әңгімесін оқу.
Сұрақ-жауап арқылы талдау:
-Дәурен қандай бала?
-Үйлеріңде үлкендерге қалай
көмектесесіңдер?
Л.Н.Толстойдың «Катя мен Маша» әңгімесін
оқу.Талдау.
4.Дәйексөз: «Нағыз адам-өз ойың мен ісіңді
жақ-сылыққа бағыттай алу» .
5.Тыныштық сәті
6.Ойын: «Көлеңке».(шарты әдіс.құрал.)
7.Ғажайып сөздер: сүйіспеншілік, жақсылық
тілеу, жақсылық жасау.
8.Қортындылау
-Адамдар қандай болуы керек?
-Қандай адамға жақсы адам дейді?
9.Жүректен жүрекке: О.Әубәкіровтың
«Балдыр-ғандар әнін»орындау.
-бірге қосылып
айтады.
-сұрақтарға жауап
береді.
-әңгіме бойынша
сұрақ-тарға жауап
береді.
-жаңа сөздерді
қайталай-ды.
-Сұрақтарға жауап
береді.
Білу: жақсылық туралы түсінік алу.
Игеру:жақсы,ақ көңіл адам сөздерінің мағынасын түсіну.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_____________
Білім саласы: әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Түсіну мен кешіруді үйренеміз»
Мақсаты:балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері түралы түсіндіру.
Міндеттері:1.адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. 2.өзіне
деген сенімділігін дамыту. 3.өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын
тәрбиелеу.
Көрнекілік: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжетті суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу
керек?» өлеңін оқу.
2.Әңгімелесу
-Жаңа орындалған өлеңнен не түсіндіңдер?
3. Әңгімелеу: «Сыпайы қоян» ертегісі.
Ертегі желісі бойынша сұрақтар қою.
-Қоянды қатерден не құтқарды?
-Жылан неліктен қоянға тимеді?
Әңгіме: «Жақсы мен жаман».
-Гүлдің жабырқауына не себеп болды?
-Арам шөптің қылығын қалай бағалар едіңдер?
4.Дәйексөз: «Жақсы сөз-жанға қуат».
5.Тыныштық сәті.
6.Ойын: «Не деу керек?»
Шарты:сыпайы,әдепті сөздерді айту.
7.Ғажайып сөздер:жолың болсын;құтты
болсын;аман бол;қайырлы күн;күнің сәтті
болсын.
8.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
9.Қортынды
-Бүгін қандай сөздермен таныстық?
-Әдепті бала қандай сөздер айтады?
10.Жүректен жүрекке.
-тыңдайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
-ертегінің мазмұнын
сұрақ-жауап арқылы
талдайды.
-әпті сөздерді айтады.
-сөздерді қайталау.
-қимыл-қозғалыс
жасайды.
-өткенді естеріне
салып, сұрақтарға
жауап береді.
Білу: әдептілік туралы түсінік алу.
Игеру:әдепті,сыпайы адам туралы білу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Отбасылық мерекелер.
Мақсаты: «сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсінік беру.
Міндеттері:1.отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. 2.сыйластық,
сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. 3.сыйластыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Мотивац
ия-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру
кезеңі
Рефлекси
я
1.Шаттық шеңбері:
-Сәлеметсің бе,Марғұлан,сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе,Камила,сен әдемісің.
- Сәлеметсің бе,....,сен сабырлысың.
2.Әңгімелеу: В.Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы».
-Қыздар з анасына сүйіспеншіліктерін қалай біл-дірді?
-Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай
білдіресіңдер?
«Менің апам», «Бөпем» өлеңдерін оқу.
3.Дәйексөз:«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің».
4.Өзіммен-өзім:сүйікті отбасы мүшелерін көз алдарына
елестету.
5.Дәптермен жұмыс:
-Суретпен жұмыс.
-Бояу жұмысы.
6.Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
7.Ғажайып сөздер: отбасы, қуаныш, шаттық, мейі-рімділік,
қамқорлық, сүйіспеншілік.
8.Қортындылау:
-Балалар,біз бүгін кімдер туралы әңгімелестік?
-Отбасы қандай болу керек?
-Қандай ғажайып сөздермен таныстық?
9.Жүректен жүрекке: Н.Әлемқұловтың «Балалы үй-базар»
өлеңі.
-бір-бірлеріне
жылы сөздер
айтып
амандаса-ды.
-әңгімені
тыңдап, сұрақ-
тарға жауап
береді.
тыңдайды.
-өздік жұмыс
жасайды.
-қимыл
жасайды.
қайталап
айтады.
-сұрақтарға
жауап бере-ді.
-шеңберге
жиналып бір
шумағын
қайталайды.
Білу: отбасы туралы түсінік алу.
Игеру:сүйіспеншілік туралы білу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Достық бірлікте.
Мақсаты: «Достық»құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Міндеттері:1.өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру. 2.өзара
сыйластық қарым-қатынастарын дамы-ту. 3.бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-
әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: Х.Талғаровтың «Дос болай-ық бәріміз»өлеңі.
2.Әңгімелеу:
-Балалардың назарын «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы
«Достық»аялдамасына аудару.
-Аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрайды.
-Сендерге жалғыз серуендеген немесе ойнаған ұнай ма?
3.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат».
-Мақалдың мағынасын түсіндіру.
4.Өзіммен-өзім:
-Өзімізге досты қалай табамыз?
-Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?
5.Ойын: «Досыңды тап»
Шарты:балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері
таңылып, өз достарын та-нып, табу ұсынылады. Олар өз досын қолын,
шашын,киімдерін ұстап,сипау арқылы табуына болады.Достарын
тапқаннан соң орындарын ауыстырады.
6.Қимылды ойын: «Поезд»
Ойын шарты:2 топқа бөлу.Балалар бір-бірінің белінен ұстап поезд
болады,2 топ балалары «Поезд» әнін айтады.
7.Дәптермен жұмыс:
-«Достасу қадамдарын» үлкендермен бірге оқи-ды. Қадамдарды
бояйды.
8.Жағдаят шешу:
1.-Ғани қандай дұрыс шешім қабылдады?
-Достасудың қандай ережесін шығарар едіңдер?
2.-Рүстеммен балалар неге ойнағысы келмеді?
-Балалардың неліктен Рүстеммен ойнағылары келді?
-Осыдан қандай ереже шығаруға болады?
3.-Ғанидың досына жасаған ескертуі орынды ма?
-Сендер жолдастарына дұрыс емес қылықтарын айтасыңдар ма?
«Достық ережесі»
9.Қортындылау
-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
-Дос қандай болуы керек?
-Достық ережесін қайталау.
10.Жүректен жүрекке: «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтады.
-бірігіп айтады.
-балалардың
жауаптары
тыңдалады.
-бірге
қайталайды.
-зал боймен
жүріп, әннің
сөздерін айтады.
-дәптермен
жұмыс жасайды.
-жағдаяттарды
тыңдап, өз біл-
гендерін, өз
ойларын ортаға
салады.
бір-бірлерінің
жауаптарын
талдайды,бағала
йды.
Білу: достық туралы түсінік алу.
Игеру:ең қымбат адам дос екенің түсіну.
Меңгеру: дәйексөзді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Менің үйдегі достарым.
Мақсаты: «қамқорлық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1.үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. 2. үй жануарларына
қамқорлық жасай бі-лу дағдыларын дамыту. 3.Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: ойыншық күшікке өз сүйіс-пеншіліктерін
білдіреді.
-Сен қандай сүйкімдісің.
-Сен қандай әдемәсің.
-Сен менің досымсың.
2.Әңгімелесу
-Балалар,сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?
-Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?
3.Әңгімелеу: «Жеті қазынаның бірі» аңыз.
-Ит неліктен достыққа адамды таңдады?
- «Ит –адамның досы» деп неліктен айтады?
4.Өлең жолдарын оқу: «Ақ лақ», «Қозы», «Күші-гім»,
«Шөжелерім», «Ақ бұзау».
5.Дәйексөз: «Ит-жеті қазынан бірі» нақыл сөз.
6.Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
7.Дәптермен жұмыс:кішкентай достарының суретін салыңдар.
8.Тыныштық сәті.
9.Ғажайып сөздер: Ит-адамның досы,көмекшісі.
10.Қортындылау
-Біздер кішкетай достарымыз деп нелерді айта аламыз?
-Неліктен итті жеті қазынаның бірі дейді?
-Жылы лебіздерін білдіру.
11.Жүректен жүрекке
Қолдарын жүректеріне қойып, «Мен кішкентай достарымды
жақсы көремін,өйткені ...» деп өз ойларын айтады.
-жылы сөздер
айтады.
-сұрақ-жауап.
-аңызды
тыңдап,сұрақтарға
жауап береді.
-қимыл жасайды.
-өзі жақсы көретін
жануар-дың суретін
салады.
-сөздерді
қайталайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
өз ойларын айтады.
Білу: кішкентай достар туралы түсінік алу.
Игеру:жануарларға әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.
Меңгеру: дәйексөзді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Достық неден басталады.
Мақсаты: «татулық» адамгершілік құндылығы туралы түсіндіру.
Міндеттері: «татулық» ұғымы туралы түсінік беру;жақсы қасиеттерін дамытуға
ықпал ету;татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері: жылы сөздер айту.
2.Әңгімелесу
-Сендер «татулық»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3.Әңгімелеу: «Піл мен маймыл» ертегісі.
-Үкі неліктен піл мен маймылды алмаға жұмсады?
-Достар көздеген мақсаттарына қалай қол жеткізді?
4.Дәйексөз: «Татулық-табылмас бақыт»
-Татулық бар жерде бірлік те,қуаныш та болады.
«Татулық-табылмас бақыт» деген нақыл сөз осыдан
шықса керек.
5.Ойын: «Көкпар» қимылды ойын.
Шарты:балаларды екі топқа бөлу.Ағаштан жасалған
аттарға мінгізу.Топ ортасында көкпар тарту үшін
орамал әкеліп тастайды.
6.Ғажайып сөздер:
-Дүниеде ең қымбат-татулық.
-Біз тату доспыз.
7.Қортындылау
-Біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын
ұғындық.Татулық бар жерде
достықтың,бірліктің,сыйластықтың болатынын
білдік.
8.Жүректен жүрекке.
-Е.Өтетілеуұлының өлең жолдарын қайталау:
Достар тату- тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
-жылы сөз айту.
-балалардың жауаптары
тыңдалады.
-қайталайды.
-кезектесіп ойнайды.
-ғажайып сөздерді
қайталайды.
-сұрақтарға жауап беру.
Білу: «татулық» туралы түсінік алу.
Игеру:бір-бірлеріне әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні_________
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Бәрі де татулықтан басталады.
Мақсаты: «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1. «жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы түсініктерін
кеңейту. 2.айнала қоршаған ортаны, адам-дарды жақсы көру сезімдерін дамыту.
3.айнала қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-
лық кезең
Ізденіс
ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1.Шаттық шеңбері. Е.Елубаевтың «Достық» өлеңін айту.
2.Әңгімелесу
-Балалар,сендер кімдерді жақсы көресіңдер?
-Оларды неліктен жақсы көресіңдер?
-Ал өздеріңді кімдер жақсы көреді?Қалай жақсы көреді?
3.Әңгімелеу: «Алғыс» М.Төрежанов.
«Бәрінен де жақсы» Л.Толстой.
-Өздерің өсындай жағдайда қалай жауап берер едіңдер?
-Сендердің аналарың қандай?
«Көже» А.Флеров.
4.Ойын: «Балапан».
Шарты:әңгімедегі кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстары жасау.
5.Дәйексөз: «Дүниедегі ең қымбат-жақсы көру»
6.Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
7.Тыныштық сәті.
8.Ғажайып сөздер:
-Жақсы көру.
-Сүйіспеншілікпен қарау.
-Сыйлау.
-Кешіре білу.
-Түсіне білу.
9.Қортындылау
-Балалар,біз бүгін нені үйрендік?
-Адам қандай болу керек?
-Адам өз ісіне жауапты болуы керек.
-музыкамен
орындайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
-әңгімелерді зейін
қойып тыңдайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
-қимыл жасайды.
-дәйексөзді
қайталайды.
-өлең жолдарына
қимыл жасайды.
-жаңа сөздерді
қайталайды.
-сұрақтарға жауап
беру арқылы
қортындылайды.
Білу: «бәрін жақсы көру» туралы түсінік алу.
Игеру:адамның ерекшіліктерін түсіну.
Меңгеру: жаңа сөздерді меңгеріп алу.