Технологическая карта "Әдептілік - әдемілік"


«Балапан» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»
Мақсаты: Балаларға сөздер мен дыбыстарды анық дауыс ырғағымен үйрету. Сұраулы сөйлемде, ұзақ демін
шығаруға жаттықтыру. Жай сөйлеуге және тыңдау қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке әдемілікке
баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін сақтауды үйрету.
Көрнекілігі: суреттер .
Қызмет кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлел - ояту
Сәлемдесу.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Балалар сәлемдеседі.
Ұйымдастыру-іздену
Ғажайып сәт: «Автобустағы сәт» көрініс.
Балалар біз балабақшаға келгенде
көбінесе ойыншықтармен ойнаймыз.
Ендеше барлығымыз көзімізді жұмайық.
Көз алдымызға ойыншығымызды
елестетейік. Бірінші біз дүкенге барар
алдында үйден апам екеуіміз қуанып
шықтық, аялдамаға келіп, автобусқа
міндік. Бос орынға отырып алдым, келесі
аялдамадан бір әже мінді бос орын жоқ
мен орнымды босатып, келіңіз мына
орынға отырыңыз,-деп құрмет көрсеттім.
Сұрақ-жауап
а) Бұл оқиға қандай көліктің ішінде
болды?
б) Автобус қандай көлік?
в) Автобуста қанша есік бар?
Біз қандай мақал-мәтел білеміз?
Дидактикалық ойын: «Жақсы-жаман»
Мақсаты: ойлау қабілетін жетілдіру.
Ойын шарты: суретке қарап, жақсыны
бір жаққа , жаманды бір жаққа топтау.
Балалар, әдепті бала күн тәртібін
сақтайды. Ол неден басталады?
Сергіту сәті.
Біз әдепті баламыз,
Тату-тәтті тұрамыз,
Жүрекке жылу толтырып,
Қайырымды боламыз.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс-Дұрыс
емес»
Мақсаты: ойлау қабілетін жетілдіру.
Дұрыс, дұрыс емесін ажырату.
Ойынның шарты: суретке қарап, баланың
іс-әрекетінің дұрыс, дұрыс емесін
анықтау.
Сонымен, балалар, әдептілік дегеніміз не
екен?
Балалар қызыға тыңдайды.
Автобуста
Қоғамдық жермен жүретін көлік
Екі есігі бар
«Үлкенге- құрмет, кішіге-ізет»
Ерте түру, жаттығу жасау,
жуыну т.б.
Сергіту сәтін орындайды.
Белсенділікке, жылдам
қимылдауға тырысу.
Мәдениеттілік, құрмет, үлкенге
ізет.
Рефлексифтік-түзету
Балаларды мадақтау.
Білу керек:әдептілікке қатысты мақал-мәтел білу
Меңгеру: Әдемі сөйлеу, толық сөйлем құрау.