Конспект занятия "Мамандықтың бәрі жақсы"


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:
1. Білімділік: Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық
иелері және олардың құралдарымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ
мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік қорларын молайту, тілдерін жаттықтыру.
3. Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге, еңбекке құштарлықтарын
оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аспазшы, дәрігер, құрылысшы, дүкенші, шаштараз, олардың
құралдары, суреттер, аудио дыбыс.
Оқу іс - әрекеттің түрі: Саяхат
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Стетаскоп, дәке, дүкен, аурухана, шаштараз, аспазшы,
құрылысшы.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, таным, шығармашылық.
Оқу іс - әрекеттің барысы:
І. Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбері:
Атам менің күйші
Апам менің биші.
Асқан шебер жанұямда
Анам бар тігінші.
Әкем болса ұста
Үй салады қыста.
Үйде өзім жалғыз қалам
Бәрі де жұмыста.
- Балалар, өз отбасыларын туралы білесіңдер ме? Отбасы мүшелеріне кімдер
жатады?
- Ата, әже, ана, әке, аға, іні, қарындас.
- Балалар мен сендерге үйден аналарын, әкелерін қайда жұмыс істейтінін
біліп келуді тапсырған едім. Кім айтып береді?
- Менің анам - мектепте мұғалім
- Менің әкем - жүргізуші
- Менің анам - базарда сатушы
- Менің әкем - полицей болып жұмыс істейді.
- Ендеше балалар біз бүгін анамыздың, әкеміздің мамандығымен толығырақ
танысу үшін мамандықтар әлеміне саяхаттап барамыз.
- Балалар мамандықтар әлемі алыста екен сондықтан бізге саяхатқа бару үшін
не керек?
- Көлік.
- Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, қандай көлікпен баратынымызды
тауып көрейік.
Көше бойлап аяндайды.
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
Балалар шешуін табады.
- Иә, балалар, ал автобусты жүргізетін адамды кім дейміз?
- Жүргізуші.
- Қане, кім автобус жүргізушісі болғысы келеді?
- Нұрали: Жолда өткізер көп түнді
Жүргізуші болғым келеді.
- Тамаша балалар, онда біздің жүргізуші Нұрали болсын. Қане балалар
автобусқа отырайық.
Ән айтылады.
Осы кезде бағдаршамның қызыл көзі жанып, автобус тоқтайды.
- Балалар біз неге тоқтадық?
- Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтау керек.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, бізге жол нұсқап тұрған кім?
- Жол сақшысы.
Мансұр: Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өмірінді күзеткен
Жол сақшысы мен болам.
Жол сақшысы жүре бер деген белгі береді.
ІІ. Негізгі бөлім.
Балалалар мамандықтар әлеміне келеді.
- Балалар міне мамандықтар әлеміне де келіп жеттік. Міне мынау аурухана.
Бұл кісі дәрігер.
Айгерім: Мен дәрігер боламын
Үлкеннің де баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші болып барамын
Дәрігер ауруханда жұмыс істейді. Дәрігер балалардың ауырып қалмауын
қадағалайды.
- Мынау не балалар? - Ине
- Иә бұл ине, ал мынау стетаскоп бұл құралмен біздің кеудемізді тыңдап, қай
жеріміз ауырып тұрғанын анықтайды. Ал мынау дәке, мақта. Қане
айтайықшы стетаскоп, дәке, мақта.
- Балалар, мынау асхана. Асханада кімдер жұмыс істейді? Аспаз.
- Мынау не балалар? Электр пеші
- Асханада қандай құралдар бар?
- Шыны, пияла, тәрелке, қазан кастрөл.
- Ал енді балалар біз қайда келдік?
- Дүкенге
- Дүкенде кім бар?
- Дүкенші
Дүкенші: Ойыншық аламыз, ойыншық аламыз.
- Балалар дүкеннің бірнеше түрі болады. олар: азық - түлік дүкені, киім
дүкені, ойыншықтар дүкен.
- Біз қандай дүкенге келдік? Ойыншық дүкеніне
- Дұрыс, дүкенде ойыншықтар сатылады екен.
- Қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар?
- Ал енді келесі мамандыққа барайық. Бұл қандай мамандық түрі екен?
- Шаштараз мамандығы.
- Балалар, біздің шашымыз өсіп кеткенде кімге келеміз? Шашатаразға.
- Бұл кісі шаштараз.
Раяна:
Қолымда қайшы тарағым
Тәртіпке шашты салатын
Мен шаштараз боламын.
- Мынау менің қолымдағы не? Тарақ, айна, қайшы.
- Ал мынау шаш кептіргіш, бұл құрал шашты кептіруге арналған, электрмен
істейді. Қане айтайықшы шаш кептіргіш.
- Балалар мынау құрылыс алаңы. Бұнда құрылысшы жұмыс істейді. Міне
мына кісі құрылысшы. Құрылысшы не салады? Үй салады.
- Ал мынау қандай құрал?
- Қалақ.
Алинұр: Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
Дидактикалық ойын: «Сөйлеп тұрған кім?»
Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын
анықтайықшы:
1) Балмұздақ сатамын! Балмұздақ!
2) Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
3) Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін.
4) Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
5) Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.
6) Мен манты жасап жатырмын, қазір дайын болып қалады.
ІІ Қорытынды бөлім:
Балалар біздің тобымызға қайтатын уақытта болыпты.
- Біз бүгін қайда саяхаттап келдік?
- Мамандықтар әлемінде қандай мамандық иелерімен таныстық?
- Ал енді балалар кім мамандық иелері туралы тақпақтар біледі?
Балалар тақпақтарын айтады.
- Жарайсыңдар балалар, мамандық иелеріне арналған суреттерді бояйық.
Үйге тапсырма: мамандық иелеріне арналған суреттерді аяқтап бояп келу.
- Балалар сендер бүгін сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер және тақпақтарды
жақсы айттыңдар. Сол үшін сендерге жұлдызша беремін.
Білуі керек: Мамандық иелері туралы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек
ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болуы керек: Мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы
керек.
Істей білу керек: Мамандық иелері туралы қойылған сұрақтарға толықтай
жауап бере біледі.