Сценарий "Құтты болсын, Жаңа жыл!"


МКҚК «Жазира» балабақшасы
Тәрбиеші: Бәшенова З.Ж.
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді
безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне
назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен
ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, маймыл, аққала,фея,сиқыршы, балалар,
ата – аналар.
Музыка ойнап тұрады. Балалар ортаға жүгіріп келеді. Сиқыршы балаларды ұйықтатып
тастайды.
Фея келіп сиқырлы таяғымен оятады.
Музыка әуенімен бәрі «Жаңа жыл» биін билейді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Біз сіздерді
«Балдәурен» ортаңғы тобының атынан Жаңа 2016 мешін жылымен құттықтаймыз.
Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт, денсаулық тілейміз,
Жүргізуші: Ән тындап, би билейік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
Балалар: «Жаңа жыл құтты болсын»
Жүргізуші: «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы
құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі М.М. Икрамқызына беріледі.
Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: «Аппақ-аппақ»
Жүргізуші: келесі кезекті балалардың жаңа жылдық құттыққтау тілектеріне берелік.
Тақпақтар: Арыстан, Арай, нұриман, Нұрай.
Арыстан . Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда жаңа жыр ...
Жасыл шырша жанып тұр,
Барлық бала билеп тұр.
Арай Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Нұриман Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Нұрай: Аяз ата келді
Шыршамызды көрді.
Көңілді көп бала