Технологическая карта урока "Құсқа қамқорлық"


Білім беру саласы: «Әлеуметтік»
Білім беру көзі : Экология негіздері
Оқу іс әрекетінің тақырыбы: «Құсқа қамқорлық»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Білім беру көзі : Сурет салу
Оқу іс әрекетінің тақырыбы: «Сиқырлы құс»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қысқы табиғатты бақылап қарапайым қыстың
өзгерістерін айта білуге үйрету. Қыста құстардың тіршілігі туралы айту.
Құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға дағдыландыру. Дәстүрлі емес әдіспен
алақан арқылы құстың бейнесіне қанатын, айдарын құйрығын салуға үйрету.
Түстерді таңдауға қолдануға үйрету, әдемілік,сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: құстар суреттері (видео арқылы көру)
Жаңа сөздер: жалпылдап, қарқылдақ,шықылықтап;
Билингвалды компонент: құстар-птицы;қарға-ворона;
Іс - әрекет
бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Ынталандыру
Тәрбиеші Кірпі мен Жаутаңнан хатт келгенін
айтып,оқиды: «Сәлеметсіңдер
ме,балалар!»Біздің орман тым-тырыс болып
қалды. Құстар көрінбейді,дауыстары
естілмейді.Біздің құстар сендер жаққа ұшып
кеткен сияқты. Егер келсе бізге хабар беріңдер.
Кірпі мен Жаутаң.
Тәрбиеші балалардан топқа келе жатқанда
қандай құстарды көргендерін сұрайды.
Суретпен жұмыс:
Тақтаға құстардың суреттерін
іліп,жұмбақтар жасырады.Әр жұмбақты
шешкен сайын сол құстың суретін
алып,мольбертке орналастырады.
Хатты тыңдайды.
Көрген құстарын
естеріне түсіреді.
Құстардың суретін
тамашалайды.
Ізденістер.
Ұйымдастыру
Жұмбақ шешеміз:
Бір-ақ уыс көлемім,
Шыбын –шіркей корегім.
Бау-бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше?
(торғаймын)
Балаларға торғайды сипаттатады, өзі
толықтырады.Үнтаспа қосып,даусын
тыңдатады.
Жұмбақ шешеміз:
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(қарға)
Үнтаспа қосып қарғаның даусын тыңдатады:
Жаңылтпаш айтамыз:
Торғай торғайды ұнатады,
Торғай,торғайды қуантады.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
Сөздік жұмысы: жалпылдап,
қарқылдақ,шықылықтап сөздерінің мағынасын
Жұмбақты шешеді
Торғайды
сипаттап,дауысын
тыңдатады.
Жұмбақ шешеді,
қарғаны сипаттайды.
Жаңылтпашты
қайталап,есте
сақтайды.
Жаңа сөздердің
мағынасын түсінеді.
түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Торғай торғай торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
Жұмбақ шешеміз:
Ала шапан кигені,
Сескенгіш болған соң.
Шықылдатып жүргені.
(сауысқан)
Суретпен жұмыс:
Сауысқанның суретін көрсетіп,талдатады.
Басқа құстарға ұқсайтын, ұқсамайтын жағын
айтып,салыстырады,толықтырады.
«Қайсысы қалай дауыстайдыдидактикалық
ойыны:
«Құстарды қайтарамын»ойыны:
-Құстар біздің топқа сендермен танысу үшін
ұшып келіпті.Енді Кірпі мен Жаутаңға осы
құстарды жіберейік.
Құстардың суреттерін атай
отырып,ормандағы ағаштарға қондыруды
ұсынады.
«Сиқырлы құс» тақырыбында үлгіге қарап
суретін саламыз:
Тәрбиешімен бірге
қимылдар жасайды.
Жұмбақ шешеді
Сааауысқанды басқа
құстармен
салыстырады.
Дауыстарынан
таниды
Құстарды атап ,ағаш
макетіне қондырады.
Сурет саламыз
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау
Сұрақтар-қойып,тақырыпты
қорытамыз.Балаларды
мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін
аяқтайды.
Сұрақтарға-жауап
береді
Күтілетін нәтиже: Балалар оқу іс-әрекетіне белсенді қатысады
Нені біледі: жаңылтпашты жаңылмай айтады;
Қандай түсініктерді игерді: сөйлеу барысында бір сөзді екінші сөзбен
байланыстырады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дала құстарын танып, дауыстарын
ажыратады,салыстырады.