Конспект занятия "Құстарға қамқорлық"

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 35 «Балдырған» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№ 35 «Балдырған» бөбекжай директоры
____________Кабдрахманова М.М.
« » 2015 жыл
Тақырыбы:«Құстарға қамқорлық»
Өткізген: 3 ІІ сәбилер тобының
тәрбиешісі :Жамантауова .Б.Г
Ақтау қаласы
2014-2015 оқу жылы
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық»
Мақсаты: Балаларды көктем мезгілімен таныстыруды жалғастыру, құстардың
тіршілігімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы, құстар туралы түсінік
беру. Көктем мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуін, айырмашылығымен
ерекшеліктерін баяндап білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әңгіме оқып
беріп оның мазмұнымен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру.Балалардың
басқа тіршілік жаңға мейірімділікпен қарауға дамыту, адамгершілікке, сүйспеншілікке
тәрбиелеу. Құстар туралы өлең, жырлар үйрету.
Сөздік жұмыс: Құстар, қарға, сауысқан, торғай.
Көрнекі-құрлдары: құстардың суреттері, құстардың ұясы.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Балалар мен сендерді ертеңгілік
шеңберге шақырамын.
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң балабақша!
Қайырлы таң достарым
Балалар шаттық
шеңберінде қимыл -
қозғалыстар жасайды.
Ұйымдастыру -
іздестіру
Бүгін ауа-райы қандай?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде неше ай бар?
Олар қалай аталады?
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар! күн
жылынды, адамдар жеңіл киіне
бастады, ағаштар бүршік жара бастады.
Адамдар, аңдар, құстар барлығы да
жазға дайындала бастайды.
Кейбір құстар жылы жақтан ұшып
келді, ал кейбіреулері салқын жаққа
ұшып кетті.
Бүгін ауа-райы жылы.
Көктем мезгілі.
Көктемде үш ай бар.
Наурыз, сәуір, мамыр
Балалар тәрбиешіні
мұқият тыңдайды.
Балалар суретті мұқият
қарайды.
Суретпен жұмыс жасау
Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт
Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді.
Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң
аулауға баптайды. Ондай адамды
құсбегі деп атайды. Бүркіт қасқыр,
түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға,
торғайды күнде кездестіреміз.
Құстардың ортақ қасиеті:
қанаты бар ұшады, тұмсығы бар,
шоқиды.
Құстардың айырмашылығы:
әртүрлі дауыстайды.
Құстардың пайдасы:
олар ағаштарды зиянды жәндіктерден
тазалайды. Мысалы: құрт, құмырысқа.
шіркейлерді жейді.
Енді, келесі құстар туралы білу үшін
тақпақтар айтайықшы.
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаны саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп
Бала көмекке келді.
Балалар торғай, сауысқан,
тоқылдақ туралы
тақпақтар айтады.
Інжу
Торғай,торғай,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Момақансып отырып ап.
Азиза:
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Тоқылдақ орманды
емдейді.
Ерқабыл:
Сабынды тасып тауысқан,
Бұл құстың аты сауысқан.
Таниды үлкен кішіде,
Көрседе оны алыстан.
Балалар сергіту сәтінде
қимыл-қозғалыстар
жасайды.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қай кезде болады?!»
Ойын: «Не артық?»
Мақсаты: Балаларды орман
тұрғындарын үй жануарларынан
ажырата білуге дағдыландыру.
Шарты: Бала жабайы жануарлардың
ортасынан үй жануарын тауып алуы
керек. Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
Балалар енді сыртқа шығып,
өздеріңіздің ата-аналарыңның
көмегімен жасалған ұясын бөбекжай
жанындағы ағаш басына ілейік.
Балалар бұл ұяға жыл құстары келіп,
балапан басады. Балапандарын осы
ұяда өсіреді. Осы ұядан олар қанаттары
қатайып, ұшып шығады. Құстардың
ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан
аулақ болуымыз керек. Құстарды
қорғау адам баласына абыройлы да,
міндетті жұмыс жүктейді. Сендер осы
ұядағы балапандарға қамқор болуларың
керек.
Балалар дидактикалық
ойын ойнайды.
Балалар жабайы
жануарлардың ішінен үй
жануарларын тауып
алады.
Балалар тәрбиешімен бірге
сыртқа шығып, ұяны ағаш
басына орналастырғанын
тамашалайды.
Балалар тәрбиешіні
мұқият тыңдайды.
Рефлексивтік -
түзетушілік
Ал ендеше балалар далаға шығып
өзіміздің ауламыздағы ағашқа ата –
анамыздың көмегімен жасалған
ұямызды орналастырайық.
Балалар құстарды, аңдарды қорғайтын
сендерсіңдер. Осы байлығымызды
аялайық.
Балалар далаға шықты
ұяны ілуге
жатсалысты,жем шашты.
Күтілетін нәтиже: Құстар туралы мәлімет алуы.
Білуге тиіс: Көктем мезгілі туралы, құстардың тіршілігі туралы, жылы жаққа ұшып
кететін, және қыстайтын құстар түрлерін, немен қоректенетіндерін білуі.
Болуы тиіс: Толықтай жауап беру қабілеттерін арттып, әңгіме барысында көп нәрсені
түсініп, білуі.
Қолынан келуі: Жаңа сөздерді қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктерінің артуы.