Конспект занятия "Қыстайтын құстар"

Қыстайтын құстар
Кіріктірілген білім салалары:
Әлеуметтік орта, Қатынас, Көркем әдебиет, Шығармашылық
Балалар әрекеті түрінде:
ойын, қатынастық, іздестіру-зерттеу
Мақсаты:
Қыстайтын құстар жайлы білімдерін және оларға қамқор болу
жауапкершіліктерін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
Балалардың қыстайтын құстар жайлы білімдерін кеңейту.
Қыстайтын құстарды сыртқы келбетіне және дауысына қарап ажырата білуге
үйрету.
Қыстайтын құстарға жем салғыштар ілу арқылы көмектесуге болатынын
түсіндіру.
Құстардың жем салғышына салынатын жем туралы білімдерін бекіту.
Балаларды қанаттыларға деген қызығушылыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жоспарланған қорытынды:
Құстар жайлы әңгімеге қолдау көрсетеді.
Танымдық және ойын тапсырмаларды шешуде педагогтармен, құрдастарымен
белсенді жұмыс атқарады.
Құрал жабдықтар:
- Қыстайтын құстар бар мазмұнды суреттер
- Құстардың суреттері
- Құстардың сыртқы келбетін сипаттайтын сызба.
-«Құстардың дауысы» аудиожазба.
-Кесілген суреттер
-слайд –шоу
-құстар туралы жұмбақтар
-д/о «не қалай дыбыстайды?»
-құс викторинасы
Алдын-ала жұмыс:
-саябақта серуендеу, қыдыру
-серуен кезінде құстарды бақылау
-қыстайтын құстар жайлы әнгіме
-суреттерді қарау
-құстар жайлы әнгіме оқу
құстар дыбысы» аудио жазба
-ата-аналармен бірге жемсалғыштар жасау
Балалардың ұйымдастырылған қызметінің мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші:Қолдарымызды қосып «достық тауын» тұрғызып алайық. (өзім
қолымды созамын, қолдын үстіне басқа бала қолын салады)
Тәрбиеші: Қарандаршы,қандай биік тау болды, достығымыз қандай мықты.
Осындай достармен кез- келген жұмыс қиын болмайды.
Тәрбиеші:Жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші: Қыс өз күшіне енді.Суық жел соғады, аяз жердін бәрін қатырды,
айнала аппақ қар,жалаңаш ағаштар желден сықырлайды.
Балалар шеңберде тұрады. Есікті біреу қағады. Тәрбиеші балаларға
электронды хатты көрсетеді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің тобымызға алыс Африкадан хат келді.
Сәлеметсіңдерме! Бізде қазір жаз. Айнала жап-жасыл, гүлдер гүлдеп
тұр,көбелектер ұшып жүр.Бізде құстар өте көп. Біз ешқашанда қыс мезгілін
көрген жоқпыз, сондықтанда қыста қыстайтын құстар үшін уайымдаймыз.Олар
қыс мезгілін қалай өткізеді? Қыста оларға суық және қарындары аш шығар.
Құстар сендер жақта қалай қыстайды? Осы жайлы бізге әңгімелеп
беріңдерші.Бізге өте қызықты. Сендерге алдын-ала көп рақмет! Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар Африкалық балаларға қыстайтын құстар жайлы айтып
береміз? Африка өте алыста.
(Балалар әр түрлі ұсыныстар айтады: Электронды почтамен хат
жіберейік,қоңырау шалайық,интернет желісі арқылы сөйлесейік және т.б)
Интернет желісі арқылы сөйлесуге тоқталады.
Балалар орындықтарға отырады.
Тәрбиеші: Балалар
сендер білесіндер
суық түскеннен кейін
көп құстар жылы
жаққа ұшып
кетеді.Бірақ бәрі
емес,қыстап
қалатындарыда
болады.
Олар қандай құстар?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: балалар
қыстайтын құстарды
атандаршы?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Неге олар қалып қойды?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Балалар біздің жерімізде қыстап қалатын құстар жайлы
қарастырайық, қай құс жайлы айтып жатқандарың түсінікті болу үшін сыртқы
келбетін сипаттайсыңдар.
(Сипаттауға қиналғант балалар үшін құстың сыртқы келбетін сипаттайтын сызба
ұсынылады)
Балалар құстарды зерттей бастайды.
- Бұл - Ақсағал Оның кеудесі сары, басы мен қанаттары қара
түсті. Қыста ол жаңғақ дәндерімен,кедр жаңғақтарымен қоректенеді.
қоректенеді. Шикі етті жақсы көреді.
- Бұл - бозшымшық. Торғайдан үлкенірек боады.Оның кеудесі қызыл, көгілдір-
сұр түсті арқасы, басы мен қанаттары қара түсті. Олар алғашқы қармен ұшып
келеді.
- Бұл – Тоқылдақ қыста кедр жаңғақтарымен қоректенеді. Тоқылдақтардың
түстері әртүрлі, көбінде кеудесі қызыл түсті ал арқасы қара түсті болып келеді.
Ол орман тазалықшысы деп аталады.
- Бұл –торғай. Торғай көңілді және тапқыр құс. Ол суыққа төзімді, дәнді
дақылдармен қоректенеді.
-Бұл көгершін. Көгершіннің көру қабілеті жақсы дамыған, ол кемпірқосақ
түстерін ажыратады. Көгершіннің қанаттарының түсі әртүрлі. Тұқымдар мен
жидектермен қоректенеді. Көгершін адамға өте жақын болады.
-Бұл – қарға. Қарға өте ақылды құс. Қанаттарының түсі – қара және жасыл
түспен көмкерілген. Қарға бәрін жейді. Тышқан, құстар олардың жұмыртқалары,
қоңыздар, балық, қатық не табылса бәрін жейді. Табиғатқа қарға өте пайдалы.
Бірақта адам тұрағына жақындаса, ұрылықшы болып кетеді.
-Бұл сауысқан. Басы, мойыны, кеудесі, арқасы қара. Қарыны мен иығы ақ
түсті. ол жәндіктер мен өрмекшілерді жерден тауып жейді. Сауысқан бақтағы
сайрайтын құстардың ұяларын бұзады.
Сергіту сәті:
Тәрбиеші: Балалар, қанеки ұяға қарайықшы, ал ішінде не бар екенін қазір біз
білеміз.
Жұмбақтар:
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті жазалап.
(Тоқылдақ)
Секектеп бір тұрмайды;
Өреден құрт ұрлайды.
(Сауысқан)
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап.
(Қарға)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,-деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)
Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.
( Торғай )
Тәрбиеші: қыстайтын құстар аяздан қорықпайды және өте суық ауа райында да
тамақ тауып жейді. Олар ағаш қабықтарының арасына жасырынған жәндіктерді,
жидектерді және тұқымдарды тауып жейді. Бірақта қар жауғанда қатты боранда,
қатты аяздарда ашығап өліп те ұалады. Олар біздің тұрағымызға қарай көмек
күтіп келеді. Сондықтанда қыстан аман шығу үшін қанаттыларға көмектесуіміз
керек. Қыстан олар аман – есен шығуы үшін қалай көмектесуіміз керек.
Балалар: жемсалғыштар жасап, амақтандыруымыз керек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, қыста құстарға міндетті түрде жем шашуымыз
керек. Баққа және балабақша ауласына, орманға, қылтимаға жемсалғыштар
орнату керек.
Ал сендер қандай жемсалғыш дайындадыңдар? (жемсалғышты көрсетеді)
Тәрбиеші: Сендерге ата-
аналар көмектесті
жемсалғышты неден
жасадыңдар?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Құстарды
немен
қоректендіресіңдер?
Сендер қалай
ойлайсыңдар неге қыс
кезінде құстарға
көмектесу керек.
Балалар: Құстардың
аман-есен қыстан шығып, және қысы жазы әдемі әндеріне бағымызды бөлесін.
Тәрбиеші: Сендер құстарға көмектессеңдер ал олар біздің орманымызды,
егістігімізді, бақтарымызды аман-есен сақтайды.
Үстел үсті ойыны «Құсты құрастыр»
Құсқа арналған
сауалнама.
Қай құстың тілі
ұзын?
Кез келген құстың
баласын қалай атаймыз?
Қай құстың өмірі
адаммен тығыз
байланысты?
Дидактикалық ойын «Не қалай дыбыстайды?»
Құстардың дауысы: қарға, сауысқан, көгешін, торғай, тоқылдақ, бозшымшық,
ақсағал.
Рефлексия
Тәрбиеші: Келіңдер тағы да бір рет «достық тауын» орнатайық, сендердің көңіл
күйлерің қандай?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар Африкалық балалрғақыстайтын құстар жайлы
айтып бере алдық па? Бізге ол үшін кім және не көмектесті? Сендер құстар
туралықызықты не білдіңдер? Жарайсыңдар!