Технологическая карта "Сиқырлы геометриялық пішіндер"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы Күні: 02.02.2016 жыл
Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.
«Еркетай» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Сиқырлы геометриялық пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық денелерді (шар мен куб) және геометриялық пішіндерді (шаршы,
дөңгелек, үшбұрыш, сопақша) ажырата білуге үйрету. Д/о:«Мынау неге ұқсайды?» қоршаған
ортада геометриялық дене мен пішіндерге ұқсас заттарды таба алу.
Үлгі және сан айту бойынша геометриялық денелер мен пішіндерді санап алуға жаттықтыру
Билингвалдық компоненті: Төртбұрыш-квадрат, үшбұрыш-треугольник, сопақша-овал.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілі екенің қайдан білдіндер?
Аптаның қай күні?
Көктем
әр бала ойын айтады.
Дүйсенбі
Ұйымдастырушылық
ізденушілік
Сюрприздік сәті:
Балалар біз бүгін геометриялық пішіндер әлеміне
саяхат жасаймыз.
Барлығында дайынсындар ма?
Ал ендеше барлығымыз көзімізді жұмып ұшақпен
ұшайық.Ал балалар келдік.
Жан-жақтарына қарандаршы не көріп тұрсындар?
Дұрыс айтасындар түрлі түсті пішіндер.
Ал балалар мына бір пішін қандай пішін?
Төртбұрыш-квадрат. Түсі қандай?
Ал мына пішін қандай? Үшбұрыш-треугольник
Түсі қандай? Ал балалар мына бір пішінге қандай
пішін? Сопақша –овал. Түсі қандай?
Ал мына пішіндерді мен сендерге өзім таныстырып
кетейін. Бұл пішін тіктөртбұрыш.Түсі қандай?
Ал мына пішін куб.Түсі қандай?
Сендер саяхаттан шаршаған боларсындар дем
алайық.
Ал енді балалар пішіндер әлемінің ойынын
ойнаймыз ба?
Тақырыбы: «Бұл неге ұқсайды?»
Осымен біздің саяхатымыз аяқталды.Балабақшаға
оралайық.Ол үшін ұшаққа отырайық.
Балалар қуанышпен
саяхатқа шығады.
Иә
Көздерін жұмады
Пішіндер
Төртбұрыш
Қызыл
Үшбұрыш
Көк
Сопақша
Жасыл
Балалар тыңдады.
Қызыл
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді
Балалар тәрбиеші
бұйрығымен жаттығу
жасайды
Қызығушылықпен ойнайды
Рефлексивті түзеуші
Балалар біз бүгін не істедік?
Қайда бардық?
өз ойларын айтады
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: геометриялық пішін
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстын дағдылары.
Қолданады: Өздерінің білімдерін іс жүзінде іс әрекеті