Технологическая карта "Шаршы. Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта"


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы: таным, шығармашылық.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Апта тақырыбы:
Тақырыбы: « Шаршы. Ұзын – қысқа. Сол жақта – оң жақта ».
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
Сөздікпен жұмыс: Шаршы.
Іс-әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Баланың іс-әркеті:
Мотивациялық
қызығушылықты
ояту:
Шаттық шеңбері
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттық баласы –
Достығымыз жарасқан.
шеңберге тұрып бәрі
бірге айтады.
Ұйымдасқан
ізденушілік:
Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні
қояды. Балаларды қызықтырып, олардан:
«Бұл өкіріп жатқан не?» - деп сұрайды.
-Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан
сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік.
-Балалар, аю бізге геометриялық фигура –
шаршыны ала келіпті.
Аю:
-Балалар, сендер қандай геометриялық
фигураларды білесңдер?
-Сендер жаңа геометриялық фигурамен
танысқыларың келе ме? Мен сендерге
шаршы ала келдім. Жұмыс дәптерлеріңді
ашып, тура осындай фигураның суретін
табыңдар.
«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.
Жаңа геометриялық фигураны – шаршыны
қарастыруларын сұрайды.
Сөздік жұмыс: шаршы.
Билингвальді компонент: шаршы-квадрат.
Балаларға суреттегі шаршыны бағыт
сызығын бойлай қолмен басып шығуды
тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша
үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) көк
қарындашпен, ал кішкентай шаршыны
(тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып
сызып шығу керектігін айтады.
Сұрақтар:
-Балалар, қай шаршыны қызыл түспен
бастырып сызыңдар?
-Ал көк қарындашпен қандай шаршыны
бастырып сызыңдар?
-Сендер бастырып сызған геометриялық
фигура қалай аталады?
Жеке жұмысын жүргізеді.
«Жауабын кім табады?» ойыны.
Педагог балаларға екі қыздың суретін
көрсетеді.
-Бұлар апалы-сіңлілі қыздар, олар бір-біріне
қатты ұқсайды. Ал олардың бір-бірінен
айырмашылығын тек ең зерделі бала ғана
таба алады.
-Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Қызығушылық танытады.
« Аю », - деп жауап
береді.
Педагогпен бірге ішінде
ойыншық аюы бар
қорапты тауып алады.
-Шеңбер.
-Иә.
Дәптерлерін ашып,
суретті табады.
Қарастырады.
Қайталайды:
шаршы.
Қайталайды: шаршы-
квадрат.
Тапсырманы орындайды.
Балалар жауап береді:
Сергіту минуты. «Маймақ аю».
Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз,
содан соң өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың
ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам
жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз.
«Жол көрсетіп жібер ойыны».
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
«Жазда қыдырады,
Қыста апанда жатып, Тынығады».
(Аю.)
Аю жұмбақтың өзі туралы екеніне қуанады.
Суреттен оны көрсетулерін және ол балды
жақсы көретінін айтады.
Балаларға сұрақ қояды:
-Менің сол жағымда не бар?
-Ал оң жағымда не тұр?
Аю балалардан сұрайды:
-Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай
қарай жүруім керек?
Балаларға бал құйылған бөшкеге апаратын
жолды сызып көрсетуді тапсырады.
-Үлкен.
-Кішкентай.
-Шаршы.
Балалар суретке назар
аударады.
-Қыздардың біреуінің
бұрымы қысқа, ал
екіншісінің бұрымы ұзын.
-Аю
-Аралар.
-Балалар жауап береді:
-Сол жағында ара бар.
-Оң жағыңда бал
құйылған бөшке тұр.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Рефлексивті-
түзетушілік:
Аю қораптың ішінен шығуға
көмектескендері үшін, балға қарай жол
салғандары үшін балаларға геометриялық
фигура – шаршыны сыйға тартады.
Қоштасып, кетеді.
Аю балаларға қандай геометриялық фигура
сыйлайды?
Қуанады.
-Шаршы.
Күтілетін нәтижелер:
Түсінеді: геометриялық фигураларды – шаршыны, шеңберді;
Ұғынады: геометриялық фигураның – тіктөртбұрыштың айырмашылығын;
қолданады: қоршаған ортадағы геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта
орналасқанды анықтауды.