Конспект занятия "Төрт түлігім - ырысым"


Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім – ырысым
Сабақтың мақсаты: Балалардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту,
олардың сөздік қорын дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлыққа
тәрбиелеу. Геометриялық пішіндерді ажырата білу.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік суреттері, қоржын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жылулық шеңбер: Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, ата-ана!
Осы кезде топқа апай кіреді (қолында қоржыны бар).
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, апай!
-Мен сендерге тапсырмалар әкелдім. Жарайды қарап көрелік. Ой, балалар,
бұл төрт түлік туралы екен. Орындауға дайынбыз ба?
-Әрине дайынбыз.
-Балалар төрт түлік дегеніміз ол түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі (деп атап
береді).
Түйенің төлі –ботақан
Жылқының төлі құлыншақ
Сиырдың төлі – бұзау
Ешкінің төлі – лақ
Қойдын төлі – қозы
-Төрт түліктің адамға пайдасы қандай?
-Сүн, ет, жүн береді.
-Қой мен ешкінің жүнінен не істейді?
-Жіп, киім тоқиды.
-Балалар біз қазір сендермен ойын ойнаймыз «Кім қалай дыбыстайды?».
ІІ. Сергіту сәті
Бала, бала балақан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарын әйбәт
Былай, былай ойнат
Топ-топ біз басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн
Жарайсыңдар балалар біз тапсырманы орындадық. Балалар біз жануарлар
туралы тақпақ, әндер көп білеміз. Бізге Алмас өз тақпағын айтып береді:
Біздерде де бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тындайды
Айтқанынан шықпайды.
-Ал енді балалар біздің қоржынымызда тағы бір тапсырма бар екен.
Тәрбиеші мысықтың суретін көрсетеді.
-Сендер геометриялық пішіндер арқылы мысықты құрастырыңдар.
Ойынның мақсаты: Баланың қиялын дамытуға бірнеше дөңгелектер
беріледі. Олардан мысықтың бейнесін құрастыру (құлақтары-үшбұрыш,
басы-дөңгелек, денесі-сопақша, аяқтары-тікбұрыш).
Балалар жұмыстарын аяқтап, тәрбиеші қоржынынан сыйлықтарын береді.
-Осымен балалар біздің сабағымыз аяқталды. Сендер өте жақсы
қатыстыңдар.
Тәрбиеші сабақты қорытындылап, мадақтайды.
«Айналайын» балабақшасы МҚКК
ашық сабағы
Екінші сәбилер тобы
Тәрбиешілер: Халемова К.Е.
Аққу, 2015 жыл