Конспект занятия "Тұрмыста қолданылатын үй мүліктерінің бір түрі «Келі мен елсап» таныстыру"


Тақырыбы: Тұрмыста қолданылатын үй мүліктерінің бір түрі «Келі мен
келсап» таныстыру
Мақсаты:қазақтың ұлттық жиһаздарымен таныстыру, одан әрі жалғастыру.
Тұрмыста қолданылатын мүліктің бірі келі мен келсапты таныстыру. Келі мен
келсапты балалардың сөзік қорына енгізе отырып, еңбек етуге, өз халқының салт
дәстүрін сүйе білуге тәрбиелеу. Жұмбақтар, мақал – мәтелдер, қызықты аңыз –
әңгімелер арқылы балалардың тіл мәдениетін өрістеу, ой – өрісін дамыту.
Көрнекті: Киіз үй жабдықтары, ұлттық дәм, келі, келсап.
Құрал: Текемет, домбыра, көрнекілік ілінген тақта.
Сөздік жұмыс: келі, келсап, тары, талқан.
Сабаққа дайындық: балалар ұлттық киім киіп топта кілем үстінде қазақтың
ұлттық «Соқыр теке» ойынын ойнайды. Содан соң балаларды тәрбиеші орындарына отырғызып.
Тәрбиеші: жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің қай айы? Қазір қандай ай? Аптада неше күн
бар? Бүгінгі күн қалай аталады? – деген сұрақтар қойып балалардан толық жауап алу.
Бүгінгі өтетін сабағымыз айналамен таныстыру, тіл дамыту, ән – күй. Біз өткен сабақта қандай
ұлттық үй жиһаздармен таныстық? /сандық, киіз үй,тбесік, домбыра/
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал бүгінгі айналамен таныстыру сабағының тақырыбы: үй мүлкінің
бір түрі «келі мен келсап». Қазір біз балалар әженің үйіне қонаққа барамыз. Өйткені біз бұл
құралмен таныс емеспіз, сондықтан әжеден осы құрал жайлы сұрап білейік, көпті көрген кісі ғой.
Әженің үйіне қонаққа барайық.
Сабақтың
Барысы: балалар әжемен амандасып киіз үй ішіндегі көрпешеге
жайғасып отырады.
Әже: Амансыздарма балаларым, ораза айттарың қабыл болсын, жаңа
жылдарың құтты болсын.
Тәрбиеші: Әже сіз естіген боларсыз. Еліміз ел болып жаңарып салт –
дәстүріміз өзімізге оралып қайта оралған заманға жеттік. Осған орай біздің балалар
қалада тұрсада өз халқының салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, мүліктері туралы
жақсы біледі.
Әже: Оны кім үйретті екен? Қайдан үйренді екен?
Тәрбиеші: Үйлерінді ата – анасы айтса бала бақша да бізде үйренеді сұрап көріңізші?
Әже: аты әлемге әйгілі Жүсіп Баласағұн аталарың айтқан екен:
«Білімсіз адам, надан көзі жабық адам» деп. Мен сіздердің
білімдеріңді байқап көрейін. Бірінші жұмбағымды шешіп көріңдерші: 1. Түрлі
түсті тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайд. /дастархан/
-Дұрыс балаларым қазақ халқы қонақжай халық бар тәтті дәмдісін дастарханға
жайып қонағына сыйлаған.
2. Асты тас, үсті тас
Ортасында піскен ас. /таба нан/
-Дұрыс балаларым, нанды жерге тастамаңдар аяққа баспаңдар, нансыз өмір жоқ.
3. Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды /сандық/
-сандықты не үшін қолданамыз?
4.Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Аққу төбесіне қонды. /киіз үй, кереге, уық/
-Дұрыс айтасыңдар балаларым, мына төбесіндегі әдемі оюы қалай аталады?
Керегеге ілінген затты қалай атаймыз?
Балалар: бау, басқұр, сықырлауық.
Әже: Жарайсыңдар балаларым. Мен сендерді қалада тұрсада киіз үй
жабдықтарын білмейді екен деп жүрсем бәрін жақсы біледі екенсіздер. Ана
тілдеріңді ұмытпаңдар, өзге тілге еліктемеңдер шырақтарым. Қанеки тағы бір
жұмбағымды шешіп көріңдер.
5. Егер Б-дан бастасаң орны болар әр сәбидің,
Б-ны алып тастасаң аузында тұрар әр үйдің /бесік/
Әже: Бесікке кім жатады, не үшін жатады?
6. Даусы бар жаны жоқ,
Шертсең күйі әні көп,
Құлағын он бұра
Ол не? /домбыра/
Әже: Келін шырағым домбыраны алып берші, балаларға түсіндірейін. Балалар
мен сіздергі домбыра туралы аңыз айтып берейін.
.......ертеде Жошы хан деген хан болыпты. Ханның жалғыз ұлы аң аулап жүргенде
құлан теуіп өлтіріпті. Хан жарлық шығарыпты. Кімді – кім баламның өлген туралы хабар
алып келсе қорғасынды құямын. Сол жердегі қойшы өзінің домбырасын алып ханның
алдына келіп тарта жөнеледі. Хан түсініп, тоқтат мынауыңды зарлатпай деп қорғасынды
домбыраға құйған екен.
Сондықтан домбыраның мына жеріндегі кішкене ойық пайда болыпты.
Балаларым бұл домбыра күйші Құрманғазы аталарынан, Дина апаларыңнан қалған
қасиетті домбыра, сондықтан менде қастерлеп төрімнен орын беріп іліп қойып жүрмін.
Әже: Қанеки балаларым, ең соңғы жұмбағымды шешіңдер.
7. Тарс тұрс соғады,
Тары бидай тағамын,
талқан болып шығады.
Бұл қандай ыдыс болады? /келі, келсап/
Неге үндемей қалдыңдар, әлде білмеуші ме едіңдер?
Бұл келі мен келсап
Тәрбиеші: -Әже, біздің балалар келі мен келсапты бұрын естіпте көрген емес және
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы келі мен келсап туралы еді. Әже осы туралы бізге
түсіндіріп, әңгімелеп берсеңіз.
Әже: Келі жасау, үлкен өнер, келіні елімізде қара жиде ағаштан жасаған.
Келішілер осы ағаштардың ішінен біреуін таңдап алып қысқа қарсы бойына нәр
жинаған кезде түбірімен қазып алып қызған тандыр ішінде кептірген. Келіні іші,
сыртына қойдың құйрық майын жаққан, сіңірген. «Келіні көрсетіп отырып айтады»
келі жасау үшінде түю үшінде көп еңбектену керек балаларым. «Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген бабаларым.
Тәрбиеші: -Әже ,біздің балалар да еңбек туралы мақал мәтелдер біледі.
Сұраңызшы Еңбек түбі береке
Көптің түбі – мереке
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Ердің атын еңбек шығарады.
Көп еңбекті көңілді.
Еңбексіз іс бітпейді.
Еріншектің қолы жетпейді.
Әже: -Талқан жасау үшін балаларым, тарыны құрғақ қазанға салып қуырамыз,
сыртынан қабығы түскенше, ағарған тарыны келіге салып ұнтақталғанша түйеміз.
Осы ұнтақты талқан дейді.
/Әже жасалу жолдарын көрсетеді/ сергіту жаттығуы
Тәрбиеші: -Әже сіз шаршаған шығарсыз отырып дем алыңыз, сізге арнап біздің
балалар өлең айтып береді, соны тыңдаңыз.
Өлеңдер: «Айдана, Жеңеше - ай»
Әже: -Балаларым бәріңде өнерлі екенсіңдер ғой, дауыстарыңыз қандай әдемі,
өркендерің өссін. Өнерлі елдің өрісі кен деген өмір жастарың ұзақ болсын.
/Әже осыдан кейін келідегі талқанды келініне алғызып балаларға көрсетіп шығады/
Тәрбиеші: -Әже сізге де рахмет бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қиындау болып еді,
бірақ сіз бізге коп көмек көрсеттіңіз. Балалар сізден көп нәрсе үйренді. Солай ма
балалар?
-ия үйрендік.
Әже: -Қызым балаларға жақсы тәрбие берген екенсің, киіз үй туралы сұрасам жақсы
жауап берді. Мақал – мәтелдерді де жақсы біледі екен, бұлда болса тәрбиенің,
көргенділіктің белгісі, өркендерің өссін.
Тәрбиеші: - Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
- Бұл құрал қандай аталады?
- Оны бізге кім түсіндірген?
- Бұл құралды не үшін қолданамыз екен?
- Тарыдан не жасалады екен?
- Ол қалай аталады?
- Әжеге біз тағы не айтып бердік?/ жұмбақ, мақал – мәтелдер, өлеңдер/
Тәрбиеші: - Балалар, мына ілініп тұрған суреттердің арасынан келі мен келсаптың
суретін кім тауып береді?
- Мына жерде және қандай суреттерді көріп отырсыңдар?
- Кім атын атап көрсетіп береді?
Мадақтау.
Тәрбиеші: -Балалар сурет сабағында келі мен келсаптың суретін салатын
боламыз.
- Әже енді біздің ауылға қайтатын уақытымыз болды.
Жаңбыр менен жер көгерер
Бата менен ел көгерер деген екен
- Енді сіз балаларға батаңызды берсеңіз біз жолға шығар едік.
ӘЖЕНІҢ АҚ БАТАСЫ
Тәрбиеші: әже біздің балалар сізден коп нәрсе үйренді. Бұрын естіп білмеген, көрмеген
нәрселерді біліп ұғынды. Осы бізге өсиет өнер үйрететін сіздей әжелер
қартаймасын ол біз үшін үлкен қуаныш.
САУ БОЛЫҢЫЗ ӘЖЕ !!!