Конспект занятия "Түлкі күшіктерімен"


КМҚК балабақша «Дәншік»
Тәрбиеші: Каирканова
Сайран Талдыбаевна
Ересек тобы
Қантар айы. 2017 жыл.
Тәрбиеші: Каирканова Сайран Талдыбаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Ересек тобы
Білім беру саласы: қатынас, әлеуметтік орта.
Тақырыбы: «Түлкі күшіктерімен »
Бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, тыңдауды үйрету, және әртүрлі
тәсілдерді қолданып (рөлмен орындауды) есте сақтап соны қайталап айтып
беруді үйрету.
Балалар, жұмбақ шешіңдер:
Өзі шірақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
Тәрбиеші тақтаға сурет іледі «Түлкі күшіктерімен».
Суретте не көріп тұрсыңдар? ( түлкі, түлкі күшіктерімен, түлкі балаларымен).
Түлкінің балаларын еркелетіп қалай айтуға болады?үшік, түлкішек).
Қандай өзі? (кіщкентай, сүйкімді, әдемі).
Балалар «кішкентай» деген сөзді айтпаса тәрбиеші сұрақ қояды:
«күшігі кішкентай ма, әлде үлкенбе?»
Күшігі кішкентай ал түлкі қандай? ( үлкен).
Түлкі үлкен және күшті ал күшігі? (кішкентай, нәзік). Ия, күшігі әлі нәзік.
Тамақ жеп өседі сонда күшті болады.
Күшіктері кішкентай, нәзік аулағанды білмейді, сондықтан анасы тышқан
аулап тамқтандырады. Анасы біледі балалары аш екенің сондықтан
күшіктеріне қарай жүгіреді қалай? (тез).
Кішкентай күшіктері тез жүгіре алмайды. Қалай жүгіреді? (ақырын).
Түлкі туралы көп ертегілер білеміз. Ертегілерде түлкіні қалай еркелетіп
айтылады (Түлкеш-бикеш, Түлкіжан, Түлкішек).
«Түлкі мен ешкі» қазақ халық ертегісін сендерге айтып берейін. (ертегі
кітаптан оқылмайды ауызша айтылады).
Сұрақтар:
Түлкі ешкінің сұрағына не деп жауап берді? (жаным рақат тауып тұрмын).
Айтылған жауаптың мағынасын басқаша қалай айтуға болады? (демалып
тұрмын, салқындап тұрмын).
Тағы не деді? (апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен
деді).
Неге түлкі солай айтты? (үйткені түлкі өзі шығалмай қойды, ешкіні
алдамақшы болды).
Не істеді ешкі? (мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түсті).
Түлкі қу екен деп айтуға болама? (түлкі қу, ешкіні алдады).
Ешкі қандай екен? (ешкі аңқау алданып қалды).
Ертегіні тағы айтып беремін, содан кейін сендер әңгімелеп беріңдер.
Сергіту сәт:
Ертегіні балалар рөлге бөлініп айтады:
Автор: Бір түлкі жортып келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп
кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға
келіп, түлкіні көреді:
Ешкі: - Әй, түлкі батыр, неғып тұрсың?
Түлкі: - О неғыласың, батыр, жаным рақат тауып тұрмын: қырда әрі сусап,
әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы
бар екен.
Автор: Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға
түскенде, түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, одан мүйізіне шығып, мүйізінен
секіріп қырға шығып, жөніне кете берді.
Ойын 2 рет қайталанады. Кейін бір бала ертегіні тұтас айтады.
ТРИЗ ойыны: «Жақсы-жаман». Мақсаты: жақсы-жаман қылықтарды айыра
білу. Өз ойын анық айта білүді үйрету. Бір-біріне көмек беру керек екеніне
тәрбиелеу.
Түлкі қандай жамандық істеді:
Сен түлкінің орнында не жасаушы едің?