Технологическая карта "Қол еңбегі. Қоян"

Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»
Әулиекөл балабақшасы МКҚК
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Ортаңғы «Ә» топ Тәрбиешісі Жумабекова С.Б.
Білім беру саласы: Таным
Кіші сала: Құрастыру
Тақырыбы: Қол еңбегі. Қоян (сіріңке қорапшасынан)
Мақсаты: Балалардың аңдар тіршілігі жайындағы түсініктерін жетілдіру.
Қағаздан көлемді пішінде қоян бейнесін жасай білуге баулу. Іскерлік
дағдыларын қалыптастыру. Жануарларға деген қамқорлық сезімдерге
тәрбиелеу .
Көрнекі құралдар: Түрлі-түсті және ақ қағаз, үлгі, желім, қайшы, салфетка,
қылқалам, оны қоятын тұғырлар .
Билингвалдық компонент: қоян-заяц
Қызмет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру-
оятушы кезең.
Тосын сый:
Психожаттығу.
-Қайырлы күн, балалар!
Күніміз сәтті болсын!
Әдеттегідей сендермен
кездесіп тұрғаныма
қуаныштымын. Қараңдаршы,
бәрің сондай қуанышты, бір-
біріңе күліп қарап, жайдары,
ақжарқын болып түрсыңдар.
Бүгін бір-бірімізге мақтау
айтайық.
-Жабайы жануарлар жайында
әңгімелесу. Қоян туралы ертегі
айту. Балалардан қандай ертегі
білетіндерін сұрау. Жұмбақ
жасыру.
Орғыған қорқақ, көзі қыли еді,
Қыс пен жазда екі түрлі тон
киеді (Қоян)
Балалар шеңбер құрып
тұрады.
Аида, сен төзімдісің.
Ылғида барлығын
байыппен шешесің,
асықпайсың.
Балалардың жауаптары
қоян
Ұйымдас-
тырушы-
ізденуші кезең.
Жұмбақ шешуінен кейін үлгіні
талдау. Орындалу ретін
түсіндіру.
- қағазға қорапты орау,
- оны желімдеу;
- қоянның басын, құлағын
үлгіге қарап желімдеу;
Балалар мұқият
бақылайды
Рефлексивті-
түзетуші
кезең.
- басқа бөліктерін
қарындашпен толықтыру;
- құлағы, аяқтары жолақ
қағаздан жасалады;
- дайын болған (шалғынға)
жасыл түсті қағазға
орналастыру:
Сергіту сәті
Отыр аппақ, ақ қоян,
Неткен сап сақ бұл қоян.
Құлақтары делеңдеп,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Саусақты жаттығу
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
- Жасалу сапасына қарай,
жақсы жасалған жұмыстарды
мадақтау, қортындылау;
- қағазбен жұмыс жасауда
көлемді пішіндерді берудің
ерекшелігіне сәйкес жеке
нұсқаулар беріп көмек көрсету
Қорытындылау
«Сұр қоян» әнін бірге айту.
Қояндарға қалай қамқорлық
жасауға болатынын әр балаға
айтқызу.
Қимылдау ойын: «Қояндар мен
аңшылар».
Қимылдарды сөздерге
байланыстырып
сәйкестіреді
Бірге қайталайды
Өлеңді бірге айтады.
Балалар қызыға
қатысады
Күтілетін нәтиже:
БІЛУ КЕРЕК: Аңдар тіршілігі жайындағы түсініктері болу
БОЛУЫ КЕРЕК: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу
ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: Қағаздан көлемді пішінді қоян бейнесін жасай білу