Технологическая карта "Балықтар"

«Айгөлек» балабақшасы МКҚК «24» сәуір 2015 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
ортаңғы «Ә» тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық, Таным
Бөлімі: Жапсыру, Экология
Тақырыбы: Балықтар
Мақсаты:Ұсақ және жалпы моториканы, қиялдарын дамыту. Балықтар
туралы білімдерін бекіту. Табиғат сүіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қылқалам, желім, үлгі сурет, пластмасса қақпақтары, сары
және қызыл түсті қатты қағаз
Сөздік жұмыс: балық, уылдырықтыр, көбею
Билингвалдық компонент: балық-рыба
Қызмет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Ынталандыру-
оятушы кезең.
Тосын сый:
Балалар, бүгін бізге су асты
әлемінен ерекше хат келді.
Қане, соны тыңдап көрейікші.
Слайд
Балық: Менің достарымды,
адамдар үстап алды. Мен
жалғыз қалдым. Көмек
беріңдерші?
Жолға шығамыз ба?
Онда жолды тастар мен құм
көрсетеді.
Мұқият тыңдайды,
көмек беруге келіседі
Ұйымдас-
тырушы-
ізденуші кезең.
-Балалар, мынау жерде
көлеңкеде тас жатыр, олар өте
суық. Қане тез басып,
аяғымызды тондырып алмайық.
Мынау жерде күннің астында
тастар, олар ыстық тез және
абай басып аяқтарымызды
күйдіріп алмайық. Құмға да
жеттік, оның арасынан
балықтарды іәздеп көрейік.
Құмның арасынан меруерттер
шығады. Бірақ балықтар жоқ.
Әңгімелеу балықтыр туралы.
Әңгімелесу
- Балалар балықтар қайда өмір
сүреді?
- Дұрыс!
Балалардың
жауаптары
Суда, өзенде, көлде,
мұхитта өмір сүреді.
Шортан, алтын балық,
аққайран, теңіз кірпісі,
кит.
Рефлексивті-
түзетуші
кезең.
Балықтардың қайда түрін
білесіңдер?
- Жақсы!
Балалар, балықтар көктем
уақытында көбейуі үшін
уылдырықтарын шашады. Ол
уылдырықтардың саны шексіз,
өте көп, оның әрқайсысы бір -
бір балық. Бірақ, өкінішке орай
көп уылдырықтан 5 - 6 немесе
10 шақты балық пайда болуы
мүмкін, өйткені оларды басқа
жыртқыш балықтар жеп кетеді.
Балықтарды көктем уақытында
аулауға болмайды.
-Балалар, балыққа қалай
көмектесеміз?
-Мен сендерге пластмасса
қақпақтарынан балық жасауды
көрсетейін мұқият қараңдар.
Тәрбиеші жасау тәсілін
көрсетеді:Үшбұрыш құйрықтың
үстіне пластмасса қақпағын
орналастырамыз. Оған көзін,
қарындашпен денесі мен
құйрығын әшекейлейміз.
Саусақты жаттығу
Моншақтармен массаж жасау.
Балалар жұмысқа кіріседі.
Қиындық көрген балаларға
көмек беру.
Слайд Балық ризашылығын
білдіреді. Қоштасады.
Мұқият бақылайды
Біз оған басқа достар
жасап берейік
Сөздерді қимылдармен
салыстырып жасайды.
рахмет
Күтілетін нәтиже:
ТҮСІНЕДІ: Балықтың суретін жасауда қиялдарын дамыту
ҚАЙТАЛАЙДЫ: Балықтар туралы білімдерін бекіту
ҚАБЫЛДАЙДЫ: Балықтың суретін дәстүрсіз әдістермен қолданып жасау
Тәрбиеші: Жумабекова С.Б.