Технологическая карта урока "Бізді қоршаған дыбыстар"

Күні:
1. Білім беру саласы: Қатынас
2. Бөлім: Сауат ашу
Тақырыбы: Бізді қоршаған дыбыстар
Мақсаты: балаларға дыбыс туралы, олардың кейде жуан, кейде жіңішке айтылатыны туралы түсінік беру, ойын элементтерір пайдаланып,
есту қабілеттерін,жаттығулар жасату арқылы саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: әдемі қорапшалар, кішкентай ойыншықтар-маса, ара, жылан; аю, арыстан, лақ, қозының суреттерінен жасалған слайд,
дыбыстардың аудиожазбасы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
Мотивациялы
қ-
қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын айтқызады:
Бақыт деген-
Осы шаттық шеңбері.
Қол ұстасып, тұрайықшы кел бері.
Бақыт деген- Көрмей қалса сағынып, Мені іздейтін
адал жүрек сендегі.
Қол ұстасып, шеңберге
тұрып,өлең жолдарын
тәрбиешімен бірге айтады.
Ұйымдастыру
-іздестіру
Жаңа тақырып
-Балалар, мына әдемі қорапшаларға қараңдаршы.
Ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін
сыртынан тыңдап көрейік.
Бір бала келіп қорапты құлағына жақындатып
тыңдайды. Аудиожазбадан масаның ызылдағаны
естіледі.-Ненің дауысы деп ойлайсың?
Дұрыс атаған сайын ішіндегі ойыншықтарды
шығарып отырады. -Айтыңдаршы, мына қораптың
ішінде маса бар екенін қайдан білдіңдер?
-Маса қанадй дыбыс шығарады?
-Жылан қандай дыбыс шығарады?
-Ит қандай дыбыс шығарады?
Балалардың жауабынан соң:
-Сендердің естігіендеріңнің, айтқандарыңның бәрі-
дыбыстар.
Дыбыстарды біз айтамыз, естиміз. Дыбыстар
әртүрлі болады:олардың кейбіреулері созылады,
кейбіреулерін созып айтуға келмейді, кей дыбыстар
Қорап ішінен шыққан
дыбыстарды тыңдайды.
Естілген дыбыс арқылы
қораптардың ішіне не
жасырынғанын айтады.
-Дыбысын естідік.
-зззззззззз
-ссссссссссс
-рррррррррр
Тәрбиешінің түсіндірмесін
тыңдайды.
жуан айтылса, кей дыбыстар жіңішке айтылады.
«Жануарлар қалай дыбыстайды?» дидактикалық
ойын
Мақсаты: өздеріне айтқызу арқылы кей дыбыстардың
жіңішке, кей дыбыстардың жуан айтылатынын
түсіндіру. Аю, арыстан, қозы, лақтың суреттерінен
слайд көрсетеді.
-Аю қандай дыбыс шығарады деп ойлайсыңдар?
-Ал,кішкентай, нәзік қозы қалай дыбыстайды?
-Енді бұзаудың даусын салайық.
-Міне,көрдіңдер ме, дыбыстардың кейбіреулері жуан,
кейбіреулері жіңішке естіледі екен.
Сергіту сәті
Жұмбақ шешейік
Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
-Дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың шешімі:тіс пен
тіл.
Айнадан ауыздарын көріп отырғызып әңгімелейді.
-Тіс пен тіл ауыз қуысында орналасқан.Дыбысты
айтқанда ауа біздің өкпеміз ден аузымыз арқылы
шығады. Қане, аюдың даусын салып көрейік:аааа.
Енді қозының дауысын салып көрейік: мәәә.
-Егер аузымызды жауып алсақ, осы дыбыстарды айта
аламыз ба?
Қорабына саламын.
Жануарлардың суреттерін
тамашалап, дауыстарын
салады.
-аааааааа.
-аааау, аааау.
-мәәә
-мөөө
Өлеңді дауыстарын
құбылтып,бірге айтып,
мазмұнына сәйкес қимылдар
жасайды.
Жұмбақты шешеді.
Айнадан ауыз қуысын
бақылай отырып аю, қозы,
маса, жылан, иттің
дауыстарын салады.
Аю мен қозының дауысын
ауыздарын жұмып, айтуға
тырысады.
Суреттермен жұмыс
жүргізеді.
Рефлексивті-
түзетушілік
Қорыту
Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады.
Тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Дыбыстарды айтқанда ауаның ауыз қуысы арқылы өкпемізден
шығатынын.
Нені игереді:
Дыбыстарды айтқанда ауаның ауыз қуысы арқылы өкпемізден
шығатынын.
Нені біледі:
Дыбыстарды сөзден бөлек, жеке айтуды.