Конспект занятия "Нан қайдан шығады" скачать


Конспект занятия "Нан қайдан шығады"

Тақырыбы : Нан қайдан шығады
Білім беру саласы : «Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты : - Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуге үйрету;
- Еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
- Егістіктегі жұмыс түрлерімен және көлік түрлерімен таныстыру;
Құрал –жабдықтар : егістіктегі еңбек туралы сурет,наубайшы –қуыршақ.
Билингвальды компонент : нан –хлеб, наубайшы –пекарь,құмырсқа –муравей .
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Үнтаспа қосылып,жер жыртып,бидай
жинап жүрген трактор мен комбайынның
дыбыстары естіледі.
Тәрбиеші балалардан қандай дыбыстарды
естіп тұрғандарын сұрайды.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ды-ды-ды комбайн жинайды
Ты-ты-ты трактор жер жыртты.
Жарты шеңбер жасап
отырады.Үнтаспадан
шыққан дыбысқа назар
аударады.Дыбыстарды
ажыратады.
Тіл ұстарту жаттығуын
бірге айтады.
Ұйымдастыру-
іздестіру
Есік қағып ,наубайшы кіреді,амандасады.
Наубайшы :
-Маған комбайыншылар мен
тракторшылар керек еді .Қоймада ұн
азайып нан мен тоқаштар бітуге аз қалды.
Шығармашылық сәт
Балаларды өнер орталығына
отырғызып,қамырдан нан өнімдерін
мүсіндеуді ұсынады.Жасаған нандарын
Наубайшыға сыйлатады.
Наубайшы :
-Сендер нанның қалай дастарқанға
келетінің ,ұнның қайдан пайда болатынын
білесіңдер ме?
Сергіту сәті
Бірінші мен екінші,
Болсын делік егінші.
Үшінші мен төртінші,
Суға барды трактошы.
Бесінші мен алтыншы ,
Нан пісірді наубайшы.
Тыныс алу жаттығуы
Наубайшы балаларға тәрелкеге салынған
нан,бауырсақты көрсетеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Көздерін жұмып,күзгі
бақты елестетеді.
Күзгі табиғатты
суреттейді,көкөністер мен
жемістер туралы айтады.
Ауа райын анықтайды.
Тіл ұстарту жаттығуын
орындайды.
-Қане, искеп көріңдерші ,қандай дәмді иіс.
«Сөйлемді аяқта» сөздік ойыны
Еңбек сүйгіш құмырсқа
Асығады ......... «жұмысқа»
Ертегі тыңдаймыз
М. Етекбаевтің «Нан қайдан шығады
?»ертегісін оқып береді.
Ертегіні талдайды ,мазмұны бойынша
сұрақтар қояды.
Сөздік жұмысы :
«жерді,жыртты,наубайшы» деген
сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Не болды ? Не шықты ?» дитактикалық
ойыны
Тірек ызба арқылы ертегінің желісін
қайталап ,бекітеді.
-Көрдіңдер ме ,балалар , нан дастарқанға
қаншама адамдардың еңбегі арқылы келеді
.Сондықтан үлкендердің еңбегін қадірлеп
,сыйлау керек,нанды құрметтеу керек.
Мақал
Еңбектің наны –тәтті.
Мағынасын түсіндіреді.
Өз ойларын айтып,
сұрақттарға жауап береді.
Мақалды тыңдап
,мағынасын түсінеді.
Сергіту сәтін жасйды.
Жаңа сөздердің мағынасын
түсінеді.
Рефлексивті-
түзетушілік
Сұрақтар қояды.Балаларды
мадақтап,ұйымдастырған оқу-іс әрекетің
аяқтайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына
жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: өз ойларын толық , жүйелі жеткізуді.
Нені игереді :бір –бірімен сөйлеуді , ертегі сөздерінің мағынасын.
Нені біледі : еңбек адамдарын құрметтеуді,еңбексүйгіштікті,нанды
қастерлеп,қадірлеуді.