Технологическая карта урока "«Шанамен сырғанаймыз» (әңгіме құрастыру)" скачать


Технологическая карта урока "«Шанамен сырғанаймыз» (әңгіме құрастыру)"

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Шанамен сырғанаймыз» (әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Балаларға шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің
ерекшелігін түсіндіру.
Міндеттері:
БМ:Балалардың қыс қызығы туралы ұғымын кеңейту негізінде сөйлем құрау қабілеттерін
жетілдіру.
ДМ: Тақырыпқа сәйкес жұмбақ шешкізіп, зейіндерін дамыту.
ТМ: Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: Қыс мезгілінде ойнап жүрген балалардың суреттері.
Сөздік жұмыс: Шана, сырғанақ,аққала.
Қостілділік компонент: Қыс- зима-winter, шана – санки-sled,аққала-снеговик-snowman.
Қызметтің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар дөңгеленіп тұрып,бір-бірлеріне
жақсы тілектерін айтады.
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Ол не?
Шеңбер бойымен тұрып,
бір-біріне тілектерін
білдіреді.
Жұбақтың шешуін табады.
(Қар)
Ұйымдастырушы-
лық – ізденістік
Әңгіме жүргізу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал сендерге қыс ұнай ма?
-Қыс несімен ұнайды?
-Қыста боран соғады, аяз болады.
Балалар, қыс мезгілі көңілді,бәріміз
сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.
(Есік тықылдатып аққала келеді)
-Қараңдаршы балалар, бүгін бізге
қонаққа аққала келіпті.Аққала бізге құр
келмепті,қыс мезгіліне арналған көпте-
ген суреттер мен тақпақ ала келіпті.
-Қане ,балалар олай болса аққаланың
әкелген тақпағын сендерге оқып
берейін.
Біз тебеміз сырғанақ ,
Таудан төмен сырғанап.
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз.
Тақтаға суреттерді іліп,сұрақ қою
арқылы әңгіме құрастырады.
Балалар, суреттен қыс мезгілінің
қызықтарын көруге болады.
-Балалар не істеп жүр?
-Дұрыс айтасыңдар, суретте балалар
шанамен сырғанап теуіп ойнап жүр.
Балалар, суреттен қыс өте көңілді, әрі
қызықты екенін көруге болады.
Қостілділік компонент:қыс-зима,шана-
-Қыс мезгілі.
-Иә ,ұнайды.
-Сырғанақ тебеміз, қармен
ойнаймыз.
-Балалар қызыға қарайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар суретке назар
аударады.
-Қармен ойнап жүр,
шанамен сырғанақ теуіп
жүр.
Қайталайды:қыс-зима,шана-
сани,аққала-снеговик.
Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Дидактикалық ойын:
«Қыста не болады?»Шеңбер құрып
тұрады.Допты бір-біріне бере отырып,
қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Тәрбиеші көмек беріп тұрады.
сани,аққала-снеговик.
Бірге қайталап,сәйкес
қимылдар жасайды.
Допты бір-біріне бере
отырып,қыс мезгілінің
ерекшеліктерін айтады.
Рефлексиялық -
түзетушілік
-Балалар, суретте не бейнеленген?
-Жылдың қай мезгілі екен?
-Балалар немен ойнап жүр?
-Өлең не туралы?
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
Күтілген нәтиже:
Біледі: қысқы ойын түрлерін
Игереді: сурет бойынша сөйлем құрауды
Меңгереді: қыс мезгілінің ерекшелігін
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: