Конспект урока "Саябаққа саяхат (байланыстырып сөйлеу)"


Тақырыбы
Саябаққа саяхат (байланыстырып сөйлеу)
Мақсаты
Көкөністер мен жемістерді таныстыра отырып,3-4 сөзден тұратын сөйлем
құрастыруға дағдыландыру;
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді дұрыс айтып беруге тәрбиелеу;
Көкөністер мен жеміс-жидектер туралы ұғымдарын кеңейту.
Құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер
Жемістер мен көкөністер,тиін,себет,көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттері,
Сөздік жұмысы
Саябақ,саңырауқұлақ,құлпынай
Билингвалды компонент
Қияр-огурцы,сәбіз-морковь,қызылша,қызанақ-помидор.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Бір саңырауқұлақ пен екі құлпынай салынған себет ұстаған тиінді көрсету.Балалармен
амандасады.
Анасы орманға көкөністер мен жеміс теруге жібергенін,бірақ ол саңырауқұлақ пен жидек
тергенін айтып,себетті көрсету.
Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санату.
Балаларды тиінге көмектесуге шақыру (көкөністер мен жемістер).
Тиінмен амандасады.
Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санайды.
Тиінге көмектесуге қуана келіседі.
Ұйымдастыру-
іздестіру
Тыныс алу жаттығуы
Жел соқты: У-у-у-у-у-у-у
Балалар уыстап жеміс тереді: «уыс-уыс-уыс» (уыстап теруге еліктейді).
«Саяжайда» ойыны
Үстел үстінде себетке салынып,беті сүлгімен жабылған көкөністер мен жемістер
тұрады.Себетті жапқан әр орамалды ашу үшін бір тапсырмадан орындау керектігін айту.
1-тапсырма
«Сұрақтарға жауап бер»
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабынан кейін себеттің бетіндегі бір орамалды алып тастау.
2-тапсырма
«Жел» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жеңіл жапырақтар мен көбелектердің қиындысын беріп,балалар
үрлейді.Себеттің үстінен тағы бір орамалды алып тастау.
3-тапсырма
Балаларды тақтаға жақындатып, «Саябақтағы күзгі өнімдер» туралы назарларын суретке
аударту.
Суретке байланысты сұрақтар қойып,пысықтап,талдау.
-Суретте не көріп тұрсыңдар? Алма қайда өседі?
-Балалар себетке қандай көкөністі салды?
Сөздік жұмысы: «саябақ,саңырауқұлақ,құлпынай» деген сөздердің мағынасын
түсіндіру.Себеттің үстінен тағы бір орамалды алып тастау.
4-тапсырма
«Көкөністер мен жеміс-жидектер» дидактикалық ойыны
Ойынды6 баладан ойнауға болады.Балалардың алдында үлкен карточкалар жатады.Ұсақ
карточкалар тәрбиешінің қолында болады.Карточканы алып атауын атаған кезде,дәл
сондай карточкасы бар бала суретін жоғары көтереді.
Себеттің үстінен ең соңғы орамалды алып тастау.Балалар себетке
жақындап,ашады.Жемістер мен көкністерді көріп,аттарын атайды.
Себетті тиінге сыйлауды ұсыну.
Тиін балаларға рахтет айтып,қоштасып кетеді.
«У-у-у-у-у-у-у» деп,тыныс алу жаттығуын жасайды.
Еңкейіп,жерден саңырауқұлақты жинайды, «уыс-уыс-уыс» депайтады.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Жіпке байланған жеңіл жапырақтар мен көбелектерді үрлейді.
Ойланып жауап береді.
Көкөністерді атайды.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Алдында тұрған карточкаға қарап анықтап отырады.
Кезек-кезек шығып себеттегі жемістер мен көкөністерді атайды.
Тиінге себеттегі жемістер мен көкөністерді сыйлайды.
Тиінмен қоштасады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Балалардың білімдерін сұрақтар қоя отырып қорыту.Балаларды
мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек
Көкөністер мен жеміс-жидектерді бір-бірінен ажырата білуді,3-4 сөзден тұратын сөйлем
құрастыруды;
Нені игереді
Қоршаған орта туралы түсініктерді;жаңа сөздерді;
Нені біледі
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді қолдануды.