Конспект занятия "Не қайда өмір сүреді?"


Тақырыбы: «Не қайда өмір сүреді?»
Білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным»,
«Әлеумет»
Мақсаты: А) Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау
дағдыларын қалыптастыру. Балаларды тірі табиғат обьектілері оның ішінде жәндіктер
мен жануарларды, олардың қасиеттерімен таныстыру. Олардың атауларын бекіту.
Сыртқы белгілеріне сипттама жасау (түсі, пішіні, аяқтарын санау). Табиғаттағы
тіршіліктің оянуын түсіндіру.
Ә) Жәндіктерді тани білуге, дұрыс атай білуге үйрету.
Б) Байланыстырып сөйлеу қабілетін, есте сақтау қабілетін, эстетикалық талғамын
дамыту. (табиғат әсемдігін сезіне білу) Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдары: Үлестірмелі құралдар–жәндіктердің суреттері, балаларға жеке
таратуға арналған тапсырма суреті, үнтаспа, сулық, желім
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Жаңа технология: Денсаулық сақтау техналогиясының элементтері.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
-Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-
әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп
отыр. Олай болса қонақтармен
сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Балалар шаттық
шеңберін орындайды.
Бәрі бірге қонақтармен
амандасады.
-Сәлеметсіздер ме
апайлар!
Балалар орындарына
отырады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Өте жақсы балалар, ал енді орнымызға
отырайық!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің айларын атап
беріңдерші?
-Күз мезгілінде сонымен неше ай бар
екен?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
(Күз мезгілін сурет бойынша әңгімелеу)
-күз
-қыркүйек, қазан, қараша
-үш
-күз мезгілінде күн
салқындап, жаңбыр
жауады. Жануарлар мен
жәндіктер өз мекендеріне
тығылады. Жапырақтар
сарғайып жерге түседі.
Балалар сұраққа жауап
«Дыбысынан таны» ойыны.
Шарты: Аудиотаспадан жәндіктер мен
жануарлардың дыбыстары тыңдалады.
Балалар қай жәндіктің немесе
жануарлардың дыбысы екенін айтулары
керек
(Тәрбиеші тақтаға жәндіктердің және
жануарлардың суретін шығарады)
-Бұлардың бәрін сөзбен жәндіктер және
жануарлар деп атайды.
Тосын сәт: (Топқа қоян секіріп келеді)
Қоян: -Сәлеметсіздер ме, балалар? Мені
білесіңдер ме? Мен қоянмын..
-Сәлеметсіз бе!
Қоян: -Біздің орманға жел тұрып, қатты
дауыл соғып, жаңбыр жауды, жануарлар
мен жәндіктер адасып кетті. Оларға
көмектесіңдерші. Мені сіздерге көмек
сұрауға жіберді.
-Қане балалар, көмек берейік, қоянмен
бірге орманға барайық. (Барлығы
орманға барады)
-Қараңдаршы балалар, орман күзде
жауған жаңбырдан түнеріп тұр. Қатты
соққан желден ағаштар құлаған. Бірақ
жәндіктер мен жануарлар өз мекенінде
жоқ. Қане, барлығымыз бірлесіп оларды
іздеп, тауып, үйлеріне жеткізейік.
«Мекенін тап!» ойыны.
Шарты: Әр жәндік және жануар әр
жерде адасып жатады. Жәндіктерді
және жануарларды тауып атын атамас
бұрын тәрбиешінің жасырған жұмбағын
шешіп, атын атап, мекеніне жеткізеді.
Құжынаған жұмыскер,
Бірлескенде тым іскер.
-Құмырсқаның түсі қандай?
-Құмырсқаның мекені қалай аталады?
Гүлге қонады,
Гүлдің қонағы.
Үйіне кірсең,
Бөшкелері балға толады.
-Араның мекені қалай аталады?
береді.
Балалар аудиозаписьтен
тыңдаған дыбыстарды
танып атайды.
Суреттерге назар
аударады.
Қоянмен амандасады.
Қоянмен бірге орманға
аттанады.
Жұмбақтардың жауабын
тауып, мекендеріне
орналастырады.
-құмырсқа
-ара
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз,
Шешуін кім табады?
Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
-Өрмекшіде неше аяқ болады?
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
Белестен шапқан беті ап
Бүкір келген желісті ат
Байғам елді іздейтін
Малдан күдер үзбейтін.
Үй ішін аралап,
Түнде көп жорытады
Қаптарды жыртып
Мысықтан қорқады
Шырша саясы күркесі
Өзі орман еркесі
Секіріп жүрер жан жаққа
Өте құмар жаңғаққа
Сергіту сәті:
Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды басайық,
Сонда болар тамаша!
«Көзбен мені бақыла» ойыны.
Шарты: Қоянның қай бағытта
ұшатынын бақылайды. Қоянмен бірге
қайталайды (қоян оңға, солға, артқа
және алға секіреді, қанша рет секіргенін
санайды.)
Қоян: -Ал, балалар, сендерге көп
рахмет. Ормандағы жәндіктерге,
жануарларға көмек бердіңдер. Қандай
тәрбиелі, өнерлі балалар екенсіңдер.
-қоңыз
-өрмекші
-аю
-қасқыр
-қасқыр
-тышқан
-тиын
Сергіту сәтін орындайды
Қоянның жасағаан
қимылдарын атайды.
-оңға
-солға
-артқа
-алға
-бір, екі, үш
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жәндіктердің, жануарлардың атын, мекенін, түсін, пішінін білді.
Болуы керек: Жәндіктер мен жануарлардан достықты, еңбекқорлықты үйренуді
игереді.
Үйренуі керек: Кез–келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді.
- Ал енді сен бізді балабақшаға
шығарып сал. Балалар саған енді
өздерінің сурет салу өнерін көрсеткісі
келеді.
Қоян: -Жарайды, менімен ілесіп
жүріңдер.
(Барлығы балабақшаға оралып,
тапсырманы орындайды)
Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді
түсіну үшін үлгі керек
(Тақтаға қоянның үлгісі ілінеді)
Тапсырма: Әр столдағы 4 балаға
көбелектің 4 аяғы беріледі, әдемілеп,
сәйкестігін тауып, ұқыптылап қоянды
құрастырып, жапсырып шығып,
бояулары керек.
-Ал енді балалар осы әдемі қоянды
өзіміз қағаз бетіне жапсырып, бояп
болсақ, қоянға сыйлайық.
Қоян: -Рахмет, балалар, менің кетуім
керек. Сау болыңдар балалар!
Балалар балабақшаға
оралады.
Тақтадағы қоянның
үлгісіне қарап,
тәрбиешімен бірге қоян
суретін құрастырып,
суретін бояйды.
Рефлексивті-түзету
-Балалар, бүгін біз жәндіктермен
жануарлармен танысып, оларға мекенін
табуға көмектестік. Барлық жәндіктер
және жануарлар өз еңбектерімен
тіршілік етеді. Біз де достық пен
еңбектің арқасында өзіміздің
пайдамызды келтірдік.
Дән тасысаң терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Өрмек тоқысаң терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Ұя салсаң терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек!
-Балалар, осымен біздің бүгінгі оқу
қызметіміз аяқталды. Барлығыңыз
жақсы қатыстыңдар, рахмет. Жақсы
қатысқан балалар жұлдызшамен
марапатталады
Еңбек туралы өлеңді
тыңдайды.
Балалар бағаланады.