Технологическая карта "Менің сүйікті мысығым"

Оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым.
Мақсаты:а ) Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.
ә) Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз, т.б.) қолдана
білуге жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру.
б) Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту
Көрнекіліктер:Мысық және оның балаларының суреті.
Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-
біріне ыстық тілектер айтуын
ұйымдастыру. Балалардың назарын
өлең жолдарына аудару.
«Мысық»
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын. (Ә.Баубеков)
Балалар амандасады,
бір-біріне жылы
тілектер білдіреді.
Ұйымдастырушылық
-ізденушілік
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
-Мынау қандай ойыншық?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл-мысық.
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
-Мысық қандай екен?
-Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.
-Үлкен мысықтың жанында қандай
мысық ойнап жүр? (суретте мысық
доппен ойнап жүр).
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп
қойыпты, оны біз тентек мысық деп
айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл
мысық дейміз.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп
тұр?
-Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз
мысық деп атаймыз.
-Енді балалар, ойыншық
-мысық.
-«мияу-мияу» дейді.
Сұрақтарға жауап
береді.
-мысықтың балалары
ойнап жүр.
-тентек мысық.
-ұйықтап жатыр.
-ұйқышыл мысық.
-ойнап жүр.
-ойынпаз мысық
дейміз.
-мысықтың жүні
мысығымызды ұстап, жүнін сипап
көрейікші.
-Ол қандай? («м» дыбысының анық
айтылуына мән беру).
Қостілділік компонент: мысық-
кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-
воздушный.
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мияу-мияу.
Д\О «Менің сүйікті мысығым»
Жеке жұмысты қажет ететін
балалардан сүйікті мысығы туралы
сұрау.
жұмсақ, үлпілдек.
Қайталайды.
Бірге қайталап ,сәйкес
қимылдар жасайды.
Ойын ойналады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
-Кішкентай мысықтар қандай
болады екен?
Мысық туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
Балалардың
жауаптары
тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сурет бойынша әңгімелеп, әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды.
Түсінеді: сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектігін
Қолданады: сурет бойынша сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым (ашық сабақ)
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Тілде сын
есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз, т.б.) қолдана білуге
жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру. Үй жануарларына деген
қамқорлық сезімін ояту.
Көрнекіліктер:Мысық және оның балаларының суреті.
Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс – әрекеті.
Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, бізге бүгін сабаққа қонақтар келіпті амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Кәнекей балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері
Топ, топ,басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн!
Енді балалар, орындарыңа отырыңдар.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем .
-Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?(күн жылынады, құстар ұшып
келеді, ағаштар бүршік жарады)
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда жолдан сандықша тауып алдым.
Онда хат бар екен. Хатта: « Сандықшаның сыртында жазылған өлең не туралы
екенін білсеңдер ішінде не барын табасыңдар»- деп жазылған .
«Мысық» Ә.Баубеков
Мышым,мышым, мысығым,
Екі көзді қысығым,
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын.
-Балалар, өлең не туралы айтылған?
Дұрыс айтасыңдар мысық туралы екен.
Сандықшаны ашып, ішінен ойыншық мысықты алып шығады.
-Балалар сендердің үйлеріңде мысық бар ма?
-Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.
-Ол қандай?
-Мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек.
-Мысық қалай дыбыстайды?
Мияу-мияу.
-Балалар мысық үй жануарына жатады.
Мысықтың баласын біз «марғау» деп атаймыз,оның түсі ақ, сары, қара болады.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
-Балалар, тақтаға қараңдаршы суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Мынау не?
Мысық.
-Мысық қандай екен?
Үлкен мысық.Кәнекей барлығымыз қайталайық. Үлкен мысық.
-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр?
(суретте мысықтың балалары доппен, жіппен ойнап жүр).
-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.
-Екінші мысық не істеп жатыр?
-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.
-Балалар мысық қалай ұйықтайды? Пыр-пыр-пыр-пыр.
-Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?
-Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.
Тіл ұстарту жаттығу.( қайталап айтайық)
Ық – ық – ық,
Тышқан жейді мысық. -бәріміз қайталайық.
Ойын : «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріне елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма
жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар ?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзын ба?
(«м» дыбысының анық айтылуына мән беру).
Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.
Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? бой жазып,денемізді сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу.
Дейді мысық мияу-мияу.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді.
Балалар: Балық.Сүт.Тышқан.Орама жіп.Доп.
Рефлексиялық-түзетушілік
Кішкентай мысықтар қандай болады екен?
Мысық туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Әне, отыр мысық,
Өзі сондай қызық.
Қарайды ол маған,
Бір көзін қысып.
-Мысық немен ойнайды? Доппен, жіппен, ойнайды..
Мысыққа не ұнайды? Балық. Сүт. Тышқан
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сурет бойынша әңгімелеп, әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды.
Түсінеді: сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектігін.
Қолданады: сурет бойынша сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
Электрондық бейне тақта ақылы сурет көрінеді
Балалар: Бұл мысық жақсы көретін тағамдар
Балық
Сүт
Тышқан
Ендеше теледидарға көңіл аударайықшы
. Балалар не көріп тұрсыңдар?
+1Күшік пен мысық
Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті кооррекциялаушы
Достық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.
Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің бір - біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре
білдіңдер. Біздің тағы да достарымыз бар оны сендер кешегі серуен кезінде бақыладыңдар.
Ендеше теледидарға көңіл аударайықшы
. Балалар не көріп тұрсыңдар?
Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі.
Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады, және үй жануарларын бағуға да үй иесіне
көмектеседі екен.
Ит қалай дыбыстайды?
Оның құлағы нешеу, аяқтары ше?
Балалар ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды.
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз, Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
Ол не жегенді ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң, ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз
ке+рек. Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
Ит үйде тұра ма, әлде аулада ма?
Ит - орыс тілінде собака
Ал тобымызда қандай жануарды бақыладық?
Балалар мысық та адамның досы. Иесіне әбден бауыр басқан мысық оның ауырып тұрған
жерін тауып сол ауырған жерге жайғасып бар жылуын беріп пырылдаған күйде ұйықтайды
екен.
Мысықтың баласын біз «мысықай» деп атаймыз.
Балалар, мысық қайда тұрады?
Ол немен ойнағанды ұнатады?
Мысықтың кұлағы нешеу?
Көзі қандай?
Мысықтың ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.
Құйрығы ұзын ба, қысқа ма?
Мысыққа не ұнайды?
Мысық - орыс тілінде кошка немесе кот деп атаймыз
Балалар мен бір дыбыс естіп тұрған сияқтымын(кішкентай күшік үйшігінен шығады)
Ой!+ Қандай сүйкімді күшік!
Күшігімізге ат қояйықшы.
Күшік туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Күшігімізге сүйікті асын берейікші.
Ал мынау пырылдап ұйықтап жатқан аппақ мысыққа да ат қояйықшы.
Мысық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Мысық не ішкенді ұнатушы еді?
Сүтін берейік ұйқыдан оянған соң ішеді(ыдысына сүт құйып береді)
Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойынын ойнағым келіп тұр
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім былай жүреді.
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Мысығым былай жүреді.
Жар+айсыңдар балалар!
Бүгін біз мысық пен ит туралы біраз мағлұматтар білдік. енді осы уй жануарларының немен
ойнағанды ұнататынын, суреттегі бейнесінің қасына өздерінің ойыншықтарын желімдеп
жапсырайық.
Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнай ма?
Балалардың жұмысына тоқталып марапаттау.
Мысық пен күшікпен ойнап болған соң не істеуіміз керек еді?
Жарайсыңдар балалар мұны естен шығармауымыз керек
Ендеше «Мысық пен күшік» туралы әнімізбен тамамдайық.
Ала мысық паңданады мяу мяу мяу
Әлденеге қамданады мяу мяу мяу
Ала мысық айлалы
жан - жағына қарады мяу мяу мяу
Айналаны корағыштап ав, ав, ав,
Ұзын тілі салағыштап ав, ав, ав
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав, ав, ав, мяу, мяу мяу.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу - іс әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыса білдің
күтілетін нәтиже
Біледі: Үй жануарлары күшік пен мысық туралы біледі
Меңгереді: Берілген тапсырма бойынша жапсыруды меңгереді
Жасай алады: ойын арқылы жануарлардың қимылын жасауды үйренеді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы :«Менің сүйікті мысығым »
Мақсаты: мысық, мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Мысық туралы
әңгімелей білуге үйрету.
Білімділігі: cөздік қорын молайту, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылығы: ұсақ қол моторикасы, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: мысық қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: монтиссори технологиясы, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: мысық бейнеленген суреттер,қыстырғыш, қорапша.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) Шаттық шеңбері
Армысың асыл күнім,
Армысың асыл жерім,
Армысың асыл досым.
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
-Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
-Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Балалар үй жануарларына не жатады?
Балалар шеңберге тұрып, қимылдарды жасайды.
Рефлекция
(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою.)
Кіріспе әңгіме
- Мынау не балалар?
- Ал балалар мынау мысық және мысықтың баласы-марғау.
-Кәне, балалар қайталап айтайықшы? Мысық
Марғау
Тосын сәт: есік қағылды.
Болжам стратегиясы.
«Әдемі қорап» тұр екен.
-Балалар мына «әдемі қорапты» кім әкелді деп ойлайсыңдар? Балалар қорапқа таңырқа
қарап, оның ішінде не бар екенін болжайды.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, бұның ішінде не бар екен?
Көңілді әуен ойналып, сүйкімді мысық шығады.
-Балалар бізге қонаққа сүйкімді мысық келіпті.
-Балалар мысық үй жануарына жатады.Оның түсі ақ, сары, қара болады.Мысықтың 2 көзі, 2
құлағы, құйрығы, мұрны, мұрты, 4 аяғы бар. Жүні жұмсақ. Кәне сипайықшы.
- Балалар мысық сүт ішеді, балық және тышқанды жейді.
-Балалар сендердің үйлеріңде мысық бар ма?
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Жарайсыңдар балалар.
-Ендеше мысықты тамақтандырайық.
-Мысыққа сүт беріледі.
Сергіту сәті.
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.
Артымнан бір қалмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнасамда күнімен,
Ойынға бір қанбайды
Өлең жолдарын айтып,
тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды
-Балалар мысық қалай ұйықтайды? Пыр-пыр-пыр-пыр.
-Мысық немен ойнайды? Доппен, жіппен, ойнайды.
-Кәнекей балалар мысықпен бірге жіппен ойнайық. Балалар мысықты жіппен ойнатады
Балалар мысыққа қыстырғышты алып қондырады.
«Не жоқ»
Дидактикалық ойыны
Шарты: мысықтың құйрығы жоқ. Құйрығын жалғау арқылы саусақпен жұмыс істеу дағдылырын
қалыптастыру
Сұрақ-жауап әдісі.
-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Мысықтың баласын не деп атаймыз?
- Мысық туралы әңгімелейікші?
-Балалар сендер неткен, зерек балаларсыңдар!
-Балалар сендер, бүгінгі ұйымдастырылған ашық іс-әрекетіне белсене атсалыстыңдар.
Жарайсыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: мысықтың баласы марғау екенін, дене мүшесін, қойылған сұрақтарға толық
жауап береді.
Қандай түсінікті игерді: марғау, қыстырғыш ұғымын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: мысықты тамақтандыра, ойната
алады. Іс- қимылмен сергіту сәтін орындайды.
Менің сүйкімді мысығым
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйкімді мысығым
Мақсаты: Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету. 2 - 3 сөзден
тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Жануарға деген қамқорлық
сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Сөздік жұмыс: Мысық
Тәрбиеші: Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңбер жасайды.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Достарына мейірмін
Жылулығын таратты
Балалардың отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.
Тәрбиеші: Балалар осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
Балалар: Иә қой, сиыр, ит
- Бұлар қандай жануарлар?
Үй жануарларының пайдасы, түрлері, төлдері турады сұрау
Балалар: үй жануарларыныың төлдерімен атап береді
Ит күшік
Сиыр – бұзау
Қой – қошақан
Ат – құлын
Ешкі – ләқ
Тәрбиеші: Енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді?
Балалар: Мынау мысық
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтаға тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануарлары, оның
пайдасы көп,ол жүрген кезде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш,балалармен ойнағанды
және сүт ішкенді ұнатады.Өзіне жарасар дауысы бар
Балаларға мына сүт ішіп отырған мысықтың суретін қарауды ұсынады.
Балалар бұл менің қасымда Мурка деген мысық досым бар
Мен сіздерге таныстырып өтейін.
Мысық сүт ішкенді жақсы көреді, Мурка мысығымыздың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы
бар, құйрығы бар
Жұмбақ жасыру:
Беті – қолын жуады,
Тышқандарды қуады
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды. ( Мысық)
Мысық туралы тақпақ айтып балармен бірге қайталау
Ағлен
Тышқан қашты мысықтан
Қатты - қатты жүгірді.
Орын тапты қуыстан
Зәресін мысық ұшырды
Салтанат
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі келіп
Оның тісі қышып отыр.
Дәурен
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Тіл ұстарту жаттығу
Ық – ық – ық
Тышқан жейді мысық
Тәрбиеші: Балалар мысық қалай дыбыстайды
Балалар: Мияу, мияу
Тәрбиеші: Балалар мысыққа қалай күтім жасайтынын айтып беру
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды
Қарнын сипап қояды
Жүрісі оның баяу
Дейді мысық мяу мяу
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.
Тіл ұстарту жаттығу
Ық – ық – ық
Тышқан жейді мысық
Тәрбиеші: Балалардың жауаптарын қорытындылап, білмегендерін үйретері.
Белсене қатысқан балаларды мадақтау
Тақырыбы: «Мысығым менің керемет»
Мақсаты: Үй жануары-мысықпен таныстыру. Оның қимыл-іс әрекетін,пайдасы
жайында түсінік беру,үй жануарларымен мейірімді болуға тәрбиелеу,айналадағы қоршаған
ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталану мақсатында көзделеді.
Көрнекілік: Үй жануарлардың суреті,мысықтың суреті,себеттегі жептер,тышқан мен мысықтың
атрибуттары.
Методикалық әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,сахналау,жұмбақ
Сабақ барысы:
- Балалар,бүгін күн қандай ерекше,табиғаттың өзі сендерді аялы алақанына салып
еркелетпекші.Кәне,бәріміз шеңберге тұрып, «Табиғатым тамаша!» ойын ойнайық.
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарды айту:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатым аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған ЖерАна!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Тәрбиеші: Ендеше орнымызға отырамыз.Кәне балалар,бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Қалай аталады?
Балалар: Күз,Қыс,көктем,жаз.
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыстың неше айы бар? Қалай аталады.
Балалар: Үш айы бар.Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші: Қай айдамыз?
Балалар: Қаңтар айында.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Қалай аталады?
Балалар: Жеті күн бар.Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің табиғат ерекшелігі қандай?
Балалар: Боран болады,қар жауады,суық болады,аяз болады
Тәрбиеші: Қыс туралы кім тақпақ біледі?
Балалар: Дала аппақ,қар аппақ
Ақ мамыққа оранған
Ауыл,аймақ бәрі аппақ
Қардан үйлер қаланған.
Тәрбиеші: Мына суретке қарайық,нелер бейнеленген? (әңгімелету) 1-2 баладан сұрау.
Балалар: Ермахан,Нұртас,Қазбек үшеуі жұмсақ,сулы қардан Аққала тұрғызады.Аққала үш
шеңберден тұрады.Екі көзі көмірден,мұрнына сәбіз,басына шелек,қолына сыпырғыш
ұстатты.Аққала тұрғызған соң таудан төмен қарай сырғанақ тепті.
Тәрбиеші: Өте жақсы әңгімелеп бердіңіздер!Мына суретке қарайықшы,орман іші тым
тырыс.Айналаның бәрі қар басқан.Орманда шыршалар да бар.Олар түстерін
өзгертпейді.Балалар,орманда тағы кімдер жүр?
Балалар: Қыстап қалған аңдар,құстар жүр.
Тәрбиеші: Қандай аңдар жүр?
Балалар: Түлкі,аю,қоян,қасқыр,ағаш басында тиын отыр.
Тәрбиеші: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды
Допты көрсе домалатып қоймайды
Беті-қолын қайта-қайта жуады
Тышқандарды үйімізде аулайды
(Жауабы Мысық)
Балалар: Мысық
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Енді мына үй жануарлары суретінің ішінен мысықты кім
көрсетеді?
Балалар: Мынау мысық
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтаға тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануарлары, оның
пайдасы көп,ол жүрген кезде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш,балалармен ойнағанды
және сүт ішкенді ұнатады.Өзіне жарасар дауысы бар,қандай?
Балалар: Мияу,мияу!!!
Тәрбиеші: Мысықты «кис-кис» деп шақырып,сипап,кішкене сүт құйып береміз.Оның жүні тықыр
болады,құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын болады.Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен
қысып,құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болама?
Балалар: Жоқ,оның денесі ауырады.Жануарларды қорлауға болмайды.
Тәрбиеші: Балалар,мына екі мысықты салыстырайық,ерекшелігін айтайық.(екі мысықтың
суретін көрсету).
Балалар: 1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ,мынада бар
2.Біреуінің құйрығы жерде жатыр,біреуі көтеріп алыпты.
3. Мойнын байлаған бантиктерін біреуінікі шешілген,біреуінде байлайлы тұр.
Тәрбиеші: Өте жақсы,ал мысық туралы кім тақпақ айтады?
1-Бала: Бала мысық батыл-ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ
Тісі оның қышып отыр.
Тәрбиеші: Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны «Жіпті шатастыру».Әжелердің
жібін шатастырып, ойнайды.Кәзір біз мысық боламыз,жіптермен ойнаймыз.
Ойын шарты: «1-2-3 ойынға түс!»-дегенде мына себеттегі жіптерді шашып,домалатып
жіберсеңдер,сосын оларды тауып,қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар.Кім тез жинаса сол
жеңімпаз мысық болады.
Тәрбиеші: Келесі ойынымыз «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап,көздеріне елестетіп,еске түсіріп,менің сұрақтарыма жауап
беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар ?
3. Мысықта қанша құйрық бар?
4. Мысықтың құлағы ұзынба,құйрығы ұзынба?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Балалар,енді бой жазып,денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәтін жасау.
Кәне,саты түзейік,
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Көбелекше ұшамыз
Отырамыз тұрамыз.
Тәрбиеші: Енді «Бөпе тышқан» ертегісін тамашалаймыз.
1-бала Іші әбден пысқан
Тышқан Деді бірде тышқан
(Сағыныш) Мысықтарды түнде
Қуып жүрем күнде.
Қорыққаннан кәзір
Жатыр шықпай інде.
(Осы кезде екі бала жылап кіреді)
2-бала Апай,шкафтағы етікті
Меруерт Тышқан тесіп кетіпті.
Аямастан ойыпты,
Дәу тесік қып қойыпты.
3-бала Ой,ой,ой,